Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері: - Психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негізгі мазмұнын ашу. Психологияны оқыту мәселелеріне қызығушылық туғызу.
- Студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруіне бағыттау;
- Студенттерді қоданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру;
- Студенттердің жеке кәсіби іс – әрекетіндегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға стимул (ұйытқы) жасау.
Оқыту принциптері– бұл оқу сабақтарын ұйымдастырудағы жетекші идеялар, ғылыми негізделген ұсыныстар, оқыту процесін реттейтін ережелер, нормалар. Принциптер дидактика мен оқытудың мақсатына тәуелді. Қазіргі дидактикада классикалық принциптер, сондай-ақ соңғы он жылдықта жасалған принциптер бар.