Клиникалық көрінісі және диагностикасы: білезік буынының сыртқы беткейінде максималды айқын байқалатын ауырсынатын ісіну анықталады. Қозғалысы шектелген, саусақтарды жазғанда сай келетін білігіне күш түсіргенде ауырсыну байқалады. Диагнозы рентгендік зерттеу арқылы нақтыланады.
Емі: білек және қол ұшы аймағына орташа физиологиялық қалыпта, білезік сүйектерінің қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігімен байланысты 6 аптаға дейін мерзімде гипстік лонгет салынады.