3. Пайданы көбейтуге ұмтылған бәсекелес фирма өндірістің қайкөлемін ұстауға тиісті?
а) ол ең жоғары бағаның өскен кезінде
б) орташа шығындар азайғанда
в) шекті шығындар шекті табысқа тең болғанда
г) шекті шығындар орташа шығындарға тең кезінде
ЕСЕПТЕР
1. Кестеде бәсекелес фирманың жалпы шығындары келтірілген:
Q
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
TC
|
5
|
8
|
10
|
13
|
18
|
26
|
Фирма өз өндірісін тоқтатуға мәжбүр болу үшін оның өніміне баға қай деңгейден төмен түсуі керек?
2. Бидайдың құны 1 бушельге – 4 доллар. Егер фермер бидайды нағыз бәсекелестік нарықта сатса, 1 бушельге оның шекті табысы 4 доллардан аз болады. Осы дұрыс па?
3. Бәсекелес фирма валдық (жалпы) шығындарының шығару көлемінен тәуелділігі мына кестеде келтірілген:
Q
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
TC
|
50
|
80
|
100
|
130
|
180
|
260
|
Өнімнің әр көлеміне АС, АVC, МС есептеп, келесі сауалдарға жауап беріңіз:
а) фирма экономикалық пайда алу үшін нарық бағасы қай деңгейден жоғары болу керек?
б) залалдарды азайту мақсатымен фирма өндірісін жалғастыру үшін нарық бағасы қандай шектерде болу керек?
в) фирма өндірісін тоқтату үшін нарық бағасы қай деңгейден төмен түсу керек?
4. Бәсекелес салада қандай сұраныс ең икемді – жеке фирма өніміне деген сұраныс немесе нарық сұранысы?
а) жеке фирманың өніміне сұраныс икемділеу
б) жеке фирманың өніміне деген сұранысынан нарық сұранысы икемділеу
в) нарық сұранысы немесе жеке фирманың өніміне деген сұраныс икемділеу деп бірден айтуға болмайды, бәрі де нақты нарыққа байланысты
г) сұраныстың екеуі де икемсіз
5. Нағыз бәсекелес салада тұрақты ұзақ мерзімді шығындары бар 20 фирма қызмет жасайды. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдерде барлық фирмалардың шекті шығындары бірдей және MC = q2 – 12q + 36 теңдеуге сәйкес. Нарық сұранысы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде P = 189 – Q теңдеуге сәйкес. Қысқа мерзімді кезеңде шығару q = 8, ұзақ мерзімді кезеңде -q = 9 орташа шығындар азаяды. Сала ұзақ мерзімді тепе-теңдік күйде деп айтуға бола ма? Салаға бағасы = 5 өнімін ұсынған фирмалар кірсе не болады?
Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Семинар сабағына дайындалу барысында бәсекелік қызметтер нарығы және оның сипаттамасы, бәсекелес фирмалардың бағаны қабылдау тәртібі,ұзақ мерзімді бәсекелік тепе-теңдік, ұзақ мерзімді пайданы максимизациялау және бәсеке атты сұрақтарға ерекше назар аудару керек.
ТАҚЫРЫП 6. ТАЗА МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БИЛІК
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
1. Нарықтық құрылым ретіндегі таза монополияның мәнін ашыңыз.
2. Монополияның қандай түрлері сізге белгілі? Монополиялық билік көздері қандай?
3. Қысқа мерзімді кезеңде монополист пайдасының өсу шарты қандай?
4. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополистің тепе-теңдігін сипаттаңыз.
5. Монополияның қоғамдық шығындары деген не?
6. Монополиялық билікті анықтау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?
7. Монополия қызметін реттеу мақсатымен мемлекет қандай шараларды қолданады?
ТЕСТІЛЕР
1. Ұзақ мерзімде монополист нағыз бәсекелеске қарағанда:
а) өз кәсіпорын көлемін өзгерте алмайды
б) саланы тастап кете алмайды
в) өндіріс көлемін өзгертеді
г) кәсіпорын көлемін өзгертуге мүдделі емес
д) басқа фирмалардың бәсекелестігінен қорғалған
2. Сақтандыру компаниясы автокөлік фирмасын сатып алды. Бұл қосылудың (бірігудің) қай түрі?
а) конгломераттық
б) көлденең
в) тік
г) бұл қосылу емес
3. Монополиялық өндіріс жағдайларындағы нарық билігін іске асыру деген, ол ...
а) монополист ең жоғары бағаны белгілеуі мүмкін
б) монополистің бағасы шекті табыстан асып түседі
в) монополист кепілді түрде жоғары пайда алады
г) монополист тұтынушылардың сұранысын ескермеуі де мүмкін
д) барлық жауаптар дұрыс
4. Ең жоғары пайда алғысы келген монополист өз өніміне бағаны төмендетеді, егер ...
а) орташа шығындар түссе (төмендесе)
б) жарнама шығындары өссе
в) шекті табыс шекті шығындардан асса
г) шекті табыс ауыспалы шығыстармен теңелсе
д) орташа шығындар бағамен теңелсе
Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Семинар сабағына дайындалу барысында монополиялық биліктің мәні және көрсеткіштері, ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік, бағалық дискриминация дәрежелері, монополия түрлерінің алуандығы және салаға кіруге қарсы тосқауылдар, сұраныстың бағалық икемділігі және монополиялық тепе-теңдік сияқты сұрақтарды талқылап, ерекше назар аудару қажет.
ТАҚЫРЫП 7. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ: ҚЫЗМЕТТЕР ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ МЕН БАҒАСЫН АНЫҚТАУ
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
Монополиялық бәсекелестік нарығын сипаттаңыз.
Монополистік бәсекелестік жағдайларда қысқа мерзімді тепе-теңдік қалай белгіленеді? Сондағы үдерістердің қайсысы нағыз бәсекелестікпен, қайсысы – монополиямен бірдей?
Ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалай белгіленеді?
Монополиялық бәсекелестіктің шығындары қандай, олар немен себептеледі?
ЖАТТЫҒУЛАР ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕР
1. Әр түрлі өнімді шығаратын көптеген шағын фирмалар сәйкес ...
а) олигополияға
б) монополистік бәсекелестікке
в) нағыз бәсекелестікке
г) монополияға
д) таза бәсекелестікке
2. Монополиялық бәсекелес жағдайындағы ұзақ мерзімді тепе-теңдік деген, ол ...
а) Р = LRACmin
б) Р = МС
в) фирмалар экономикалық табыс алмайтындығы
г) өндірісте барлық ресурстардың пайдаланылатындығы
3. Монополиялық бәсекелес нарықтың мысалын келтіріңіз. Егер нағыз бәсекелестік нарығы болса, онда қандай өзгерістер болуы мүмкін? Осы мысалдың негізінде монополия бәсекелестігінің жағымды және жағымсыз жақтарын түсіндіріңіз.
4. Фирма монополиялық бәсекелес болып табылады. Оның шекті табысының функциясы: MR = 10 – 2q; ұзақ мерзімді шығындардың өсетін бөлігі: MC = 2q – 2. егер LRACmin = 6, фирманың өндірістік қуаттарының артығы қандай болады?
Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Семинар сабағына дайындалу барысында монополиялық бәсеке және оны сипаттайтын белгілер, қысқа және ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсеке, монополиялық бәсекенің пайдасы және зардаптарын талқылап, қосымша конспектілеу.
ТАҚЫРЫП 8. ОЛИГОПОЛИЯ: ҮЛГІЛЕР МЕН БАҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ СТРАТЕГИЯСЫ
СӨЖ ТАПСЫРМАСЫ
Сұрақтарды ауызша талқылауға дайындалу
Өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру
Сөздік тапсырмаларды орындау
Тест сұрақтарына жауап беру
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
Ресурстардың өсуін шектеу критериі болып не табылады?
Өндірістік баға нарығының тепе - теңдігін қандай шарт қамтамасыз етеді?
Неліктен еңбектің ұсыныс қисығы төмендейді?
Қандай факторлар қаржы капиталының ұсынуын көрсетеді?
Адам капиталының түсінігіне анықтама беріңіз.
Уақыт аралық бюджеттің шектілігі мен уақытаралық мәнін түсіндіріңіз.
Уақыт қалауындағы шекті мөлшер дегеніміз не?
Егер ссудалық пайыздың нарық ставкасы 6% болса, жобалау шектісі қандай болады?
Тапсырмалар
1. Еңбекақының номиналдық жағдайдағы бағасы 250 теңге/ сағ. Кірістің өсімінің еңбек ақысы күніне 80 тг. құрайды. Бағаның деңгейі тұтыну бағасына тең. Жұмысшының еңбегінің көлемі күніне қанша екенін анықта.
2. Аралық кіріс 110 тг тең. Болашақтағы кіріс 250 тг. тең. Пайда функциясы U=C|C 2. Аралық және болашақ пайданың жинақталу функциясын анықтау.
ТЕСТІЛЕР
1. Еңбек ақының өсуі үй шаруашылығының еңбегіні ұсынуды төмендетеді. Бұл келесі себептерден тууы мүмкін:
а) баға монополиясынан
б) еңбек нарығындағы баға монопсониясынан
в) еңбек нарығындағы монополиядан
г) кіріс мотивациясы ауыстыру мотивациясынан көп болуы
д) ауыстыру мотивациясы кіріс мотивациясынан көп болуы
2. Пайыздың мөлшері өскенде индивид міндетті:
а) аралық өсімді өсіруге
б) аралық өсімді шектеуге
с) құнды қағаздарды көп мөлшерде инвестициялауға
д) адам капиталына көп мөлшерде инвестициялауға
3. Еңбек ақының өсу мөлшері еңбектің төмендеуіне әкеледі. Бұл мүмкін, егер де:
а) еңбек нарығында монопсония қызмет етсе
б) еңбек нарығында монополия қызмет етсе
с) кіріс эффектісі алмастыру эффектісін өсірсе
д) алмастыру эффектісі кіріс эффектісін өсірсе
4. Төменде берілген капиталдан адам капиталы теориясының анықтамасын көрсетіңіз:
а) квалификациялық жұмысшылар квалифициясы жоқ жұмысшыларға қарағанда аз мөлшерде қаналады
б) адамның білім алуына, мәдениетіне, жақсы өмір сүруіне жұмсалатын капитал
с) мемлекеттік шенеуніктер мен каптиалистер арасындағы қатынастар
д) дұрыс жауабы жоқ
5. Көп мөлшерлі эффект беретін қаржы жұмсалады:
а) бастауыш білімге
б) орта білімге
с) жоғары білімге
д) профессионалды білімге
6. Уақыт аралық модельді таңдауда тұтынушы таңдайды:
а) аралық қолдану және жұмыс аралығын
б) аралық жинақ және тұтыну аралығын
с) әртүрлі экономикалық аралық қолдану
д) ресурстарды қолдану аралығын
Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Ең алдымен капитал категориясын, капиталдың бөлінуін оқу керек.
ТАҚЫРЫП 9. РЕСУРСТАР НАРЫҒЫНДАҒЫ БАҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
СӨЖ ТАПСЫРМАСЫ
Сұрақтарды ауызша түрде талдауға дайындалу
Өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру
Тест сұрақтарына жауап беру
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құрастыру
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
Жалпы және бөлікті (тұтас) тепе-теңдігінің анализінің мазмұндарын салыстырыңыз. Оның әрқайсысы қандай кездерде пайдалы?
Қорытынды және шығын кестесі нені қамтиды?
Вальрас бойынша тепе- теңдік механизмін түсіндіріңіз.
Жылжымалы тепе-теңдікті дәлелдеу үшін Маршалл нені қолданды?
Экономиканың даму эффектісінің функционалды критериі қандай?
ТЕСТІЛЕР
1. Тікелей өндірістік қатынас кезінде ұсыныс қысқарады делік, бұл мынадай жағдайға әкеледі:
а) өндірістегі өнім бағасы төмендейді
б) өндірістегі өнім бағасы өседі
с) өндірістегі өнімге сұраныс төмендейді
д) өндірісте ұсыныс артады
2. Жалпы экономикалық эффекті жетістігінің критериясы не болады?
а) өндірістің барлық ресурстарын пайдалану
б) барлық өндірілген өнімді сату
с) тұтынушылардың максималды пайдасын алуы
д) барлық жоғарғы көрсетілгендер дұрыс
3. Экономиканың эффектісі өндіріс графигінде көрсетіледі:
а) график ішінде орналасқан нүктемен
б) график сыртында орналасқан нүктемен
с) өндірілген өнім мүмкіндіктері шекарасында орналасқан нүктемен
д) экономиканың эффектілігі өндірілген өнім мүмкіндігіне еш қатысы жоқ
4. Өндірістік мүмкіндіктердің қисықтығы
а) бір өнімнің өндірістік көлемі екінші бір өндіріс көлемімен басқа да берілген ресурстар негізіне тәуелділігін көрсетеді
б) өндірістік өсім көлемінің өндірістік факторға тәуелділігін көрсетеді
с) өндірістік өнім көлемінің өндірілген субститут көлеміне тәуелді екендігін көрсетеді
д) дұрыс жауабы жоқ
5. Дұрыс жауапты таңдаңыз
а) барлық өндірістің тепе-теңдігі бір уақытта жалпы тұрақтылық деп аталады
б) барлық жалпылай тепе-теңдік анализі экономиканың әрбір бөлек бөлігімен бірігіп қолданылатынын көрсетеді
с) бөліктік тепе-теңдік анализі ғана қате болуы мүмкін
д) барлық жауаптар дұрыс
Әдістемелік нұсқаулар: Дайындықты берілген әдебиеттермен танысқаннан кейін бастау керек. Нарықтық экономиканың шарттары мен пайда болу себептерінің мақсатын, оның функцияларын ашып көрсетіңіз. Негізгі жалпы тұрақтылық анализіне, өндірісте және айырбастаудағы эффектілігіне баса назар аударыңыз.
ТАҚЫРЫП 10. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4. Реферат тақырыптары:
«Еңбек ресурсқа деген шекті шығын қисығы», «Еңбек қызметінің нарығындағы тепе-теңдік»
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
Факторлар нарығын сипаттаңыз. Дайын өнім нарығымен оның қандай байланысы бар?
Өндіріс факторларының шекті табыстылығы деген не ? Ол қалай есептеледі?
Факторлар нарықтарының қандай түрлері бар? Қысқа мерзімді кезеңде бәсекелес факторлар нарығындағы фирманың тепе-теңдігін сипаттаңыз.
Факторлардың ұзақ мерзімді нарығындағы фирма тепе-теңдігінің ерекшеліктері неден тұрады?
Өндіріс факторларына қатысты салалық сұраныстың қисық сызығын сипаттаңыз.
Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарығына сипаттама беріңіз.
Монополиялық фактор нарығында тепе-теңдік қалай орнатылады?
ЕСЕПТЕР:
Есеп 1. Соңғы он жылдықта Еуропа мен Құрама Штаттардағы кәсіподақ лидерлері осы елдің фирмаларының шығындарын азайту үшін «шетелден жұмысшы күшін жалдауды» шағымданды. Фирмалардың неге осылайша әрекет жасайтынын көрсетіңіз.
Есеп 2. Аталмыш тенденцияға қарсы қандай экономикалық күштер әрекет жасай алады.
Есеп 3. Өндірісті шетелге ауыстыруға қандай салалар сіздің ойынызша ерекше қызығушылық тудырады?
ТЕСТІЛЕР:
1. Жұмысшы күшінің қосымша бірлігінен түсетін қосымша табыс – бұл:
Еңбек табыстылығы;
Пайдалылық;
Еңбектің қосымша табыстылығы;
Шекті шығындар;
Рентабельділік.
2. MRPL (Еңбектің шекті табыстылығы), қандай формула бойынша есептелінеді:
MPL/MR;
MPL+MR;
MRxMP;
MPLxMR;
MPL-MR.
3. Өндіріс факторлар санын және өнім шығару көлемін не үшін тербелейді:
Шекті табыс шекті шығындарға тең болуы үшін;
Шекті табыс шекті шығындардан аз болуы үшін;
Шекті табыс шекті шығындардан көп болуы үшін;
Шекті шығындар табыстан асып кетуі үшін;
Шекті табыс нөлге тең болуы үшін.
4.Еңбектің шекті табыстылығының өсуі кезінде еңбектің шекті табыстылық қисығы:
Өзінің қалпын өзгертпейді;
Оңға қарай жылжиды;
Солға қарай жылжиды;
Жоғарыға қарай жылжиды;
Төменге қарай жылжиды.
5. Еңбекке деген жиынтық нарығының сұраныс қисығын алу үшін не қажет:
Сала сұранысының қисықтарын қосу;
Әр фирмада оған деген сұранысын анықтау;
Алдымен әр фирмада оған деген сұранысын анықтау, содан кейін саланың сұраныс қисықтарын мүшелеп қосу;
Сала ұсыныстарының қисығын қосу;
Әр саладағы ұсыныс қисықтарын анықтау.
6. Сатып алынатын өндіріс факторының бірлігіне кететін фирманың үлестік шығыстары нені білдіреді:
Орташа шығындар қисығын;
Шекті шығындарды;
Орташа табыс қисығын;
Шекті өнімді;
Шекті шығындар қисығын.
7. Өндіріс факторының әр қосымша бірлікке кететін фирма шығыстары бұл:
Орташа шығындар;
Шекті шығындар;
Үлесті табыстар;
Тұрақты шығындар;
Ауыспалы шығындар.
8.Шекті табыс қисығы шекті шығындар қисығынан төмен жатса, онда:
Өндіріс факторларынан қолданудан түсетін пайда шығындардан төмен болады;
Өндіріс факторларынан қолданудан түсетін пайда шығындардан жоғары болады;
Пайда шығындарға тең болады;
Жиынтық табыстар шығындарға тең болады;
Пайда нөлге тең.
9. Пайданы максималдау қандай шарттарды талап етеді (ME -шекті табыстылық; MRP -шекті шығындар):
MY=MP;
ME
ME>MRP;
ME=MRP;
ME>MP.
10.Өндіріс факторларына кеткен шығындармен және осы факторларды жалдау үшін қажетті минималды төлем арасындағы айырма – бұл:
Орташа табыс;
Шекті шығындар;
Шекті табыс;
Экономикалық рента;
Таза табыс.
Әдістемелік нұсқаулар: Дайындықты берілген әдебиеттермен танысқаннан кейін бастау керек. Семинар сабағында еңбек қызметінің жеке және нарықтық ұсынысын, еңбекақының өзгеруі кезіндегі табыстың өзгеру себептерін толығырақ талқылап, ерекше назар аударған жөн.
ТАҚЫРЫП 11. КАПИТАЛ ЖӘНЕ ЖЕР РЕСУРСТАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4. Реферат тақырыптары:
«Капиталға деген шекті шығын қисығы»
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
1. Қарыздық пайыздың ставкасы және қысқа мерзімдегі инвестицияларға сұранысқа анықтама беріңіз.
2. Қарыз капиталының ұсынысы деген не?
3. Капитал – тауарлар мен қызметті өндіруде ұзақ пайдаланылатын ресурстар дегенмен келісесіз бе?
4. Жер сұранысы мен ұсынысының ерекшеліктерін атаңыз.
5. Физикалық және адам капиталы сияқты капитал түрлеріне сипаттама беріңіз.
6. Жер өндіріс факторларының ерекшелігін атаңыз
7. Жер рентасы деген не?
ТЕСТІЛЕР
1. Өндіріс факторының әр қосымша бірлікке кететін фирма шығыстары бұл:
А) Орташа шығындар;
Б) Шекті шығындар;
В) Үлесті табыстар;
Г) Тұрақты шығындар;
Д) Ауыспалы шығындар.
2.Шекті табыс қисығы шекті шығындар қисығынан төмен жатса, онда:
А) Өндіріс факторларынан қолданудан түсетін пайда шығындардан төмен болады;
Б) Өндіріс факторларынан қолданудан түсетін пайда шығындардан жоғары болады;
В) Пайда шығындарға тең болады;
Г) Жиынтық табыстар шығындарға тең болады;
Д) Пайда нөлге тең.
3. Пайданы максималдау қандай шарттарды талап етеді (ME -шекті табыстылық; MRP -шекті шығындар):
А) MY=MP;
Б) ME
В) ME>MRP;
Г) ME=MRP;
Д) ME>MP.
4.Өндіріс факторларына кеткен шығындармен және осы факторларды жалдау үшін қажетті минималды төлем арасындағы айырма – бұл:
А) Орташа табыс;
Б) Шекті шығындар;
В) Шекті табыс;
Г) Экономикалық рента;
Д) Таза табыс.
Әдістемелік нұсқаулар: Дайындықты берілген әдебиеттермен танысқаннан кейін бастау керек. Семинар сабағында қарыздық пайыздың ставкасы және қысқа мерзімдегі инвестицияларға сұраныс, қарыз капиталының ұсынысы, капитал – тауарлар мен қызметті өндіруде ұзақ пайдаланылатын ресурстар, жер сұранысы мен ұсынысының ерекшеліктеріне назар аудару керек.
ТАҚЫРЫП 12. СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР ТЕОРИЯСЫ
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
Жеке пайдалар (шығындар) және сыртқы пайдалар (шығындар) деген не? Қоғамдық пайдалар (шығындар) қалай анықталады?
Жағымсыз сыртқы әсер деген не? Жағымды сыртқы әсер деген не? Олардың салдары қандай болады?
Коуз теоремасын анықтаңыз.
Меншік құқық нарығының құру механизмін және салдарын ашып көрсетіңіз.
ТЕСТІЛЕР
1. Сыртқы әсерлер пайда болады...
а) нарық тепе-теңдік салдарынан
б) өндірістің қоршаған ортаға келтіретін зиянның салдарынан
в) нарық бағаларына қосымша пайдалар мен шығындардың кірмейтіндігінен
г) фирмалардың нарық билігінен
2. Төменде келтірілген сыртқы әсерлерден жағымдылары:
а) мұнай саңылауында бұрғылау технологиясын бұзу нәтижесіндегі Каспий теңізінде мұнайдың кемуі
б) химия комбинатымен қоршаған ортаны ластау
в) қораларын тазартқаннан кейін науарларды өзенге тастауы
г) тұрғындарды егу
д) экономиканың милитаризациясына мемлекет шығындарын көбейту
3. Сыртқы әсерлер әкеледі...
а) ресурстарды нәтижесіз үлестіруіне
б) бәсекелестің шарттарын бұзуына
в) тұтынушы артығын өндірушінің алып қоюына
г) нарық билігінің пайда болуына
Әдістемелік нұсқаулар: Дайындықты берілген әдебиеттермен танысқаннан кейін бастау керек. Семинар сабағында сыртқы әсерлердің экономикалық түсінігі, жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер, нарықтың көмегімен сыртқы әсерлердің мәселесін шешу деген сұрақтарды толығырақ қарастыру керек.
ТАҚЫРЫП 13. ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТІҢ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАҢДАУ
Достарыңызбен бөлісу: |