Буферлік жүйе – адамның қан жүйесінде сутектік көрсеткішті реттеп отырады. Бұл жүйенің негізгі қасиетінің бірі ортаға қышқылдың, сілтінің қосылуына немесе сұйылуына қарамастан сутектік көрсеткішті тұр
Буферлік жүйе – адамның қан жүйесінде сутектік көрсеткішті реттеп отырады. Бұл жүйенің негізгі қасиетінің бірі ортаға қышқылдың, сілтінің қосылуына немесе сұйылуына қарамастан сутектік көрсеткішті тұрақты етіп отырады.
Бұл жүйе құрамына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
- Әлсіз ыдырайтын қышқыл+ осы қышқылдың күшті негізбен түзетін тұзы(Н2СО3+NаНСО3)
- Әлсіз негіз + осы негіздің күшті қышқылмен түзетін тұзы (NН4ОН+NН4СІ)
- Екі тұздан тұратын(Nа2НРО4+NаН2РО4)
- Амфотерлі (Н3N-СН2-СОО*)
Буферлік жүйенің рН-ы жаңадан түзілетін қышқыл мен негіз концентрацияларының қатынасына тікелей байланысты.
Буферлік ерітіндінің сутектік көрсеткіші Гендерсон- Гассельбахтың теңдеуі арқылы анықталады. Бұл теңдеу бойынша әлсіз қышқыл мен негіздің ыдырау константалары қолданылады.