Сөж тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық идея. Ұлттық болмыстың бақтағы көрінісі. Орындаған



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі108,8 Kb.
#95225
1   2   3
Байланысты:
Садыкаева Мөлдір. БАҚ (СӨЖ №3)

Жұмыстың мақсаты: Ұлттық идея ұғымын талдау, Бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық болмысты танытудың рөлін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
Ұлттық идея туралы түсінік беру;
Мерзімді баспасөз беттеріндегі ұлттық болмыстың көріністерін талдау;
Телебағдарлама шығарылымдарындағы ұлттық құндылықтарымыздың дәріптелуін қарастыру, нақты мысалдар келтіру.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімді ашатын екі тараушадан және қорытындыдан тұрады.
Кіріспе

Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласы жарық көрді. Ол ұлттық сана, ұлттық код мәселесіне аса ден қойды. «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген ұстанымы келешекке қойылатын мақсатты айқындап берді. Ұлттық мәдениетіміз бен ұлттық кодымызды қалыптастыруда БАҚ-тың рөлі айрықша. Еліміздің дамуын, қарқынды өркендеуін насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі істеуі ең алдыңғы орында. ХХІ ғасыр қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында болып жатыр. Сондықтан еліміздің дамуын, қарқынды өркендеуін насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі жұмыс істеуі ең алдыңғы шаруа болып есептелмек.



Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар. Зерттеушілер бұл үғымның екі қырына баса маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп танып, түйсінуі, екінші жағынан оның ерекше тарихи адамдар қауымдастығы ретіндегі өз көзқарастары, ұстанымдары, құндылықтары жайлы жалпақ әлемге жар салуы.
Ұлттық құндылық дегеніміз адамзаттық құндылықтардың құрамдас бөлігі және әр ұлттың қоршаған табиғат ерекшеліктеріне сай өмір салты негізінде ғасырлар бойы жинақталған тұрмыстық және рухани мұра.
Жер жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де бұқаралық ақпарат құралдарымыздың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша.
Газет – сауаттылық пен ақпараттың жаршысы. Газет-журналдар бұқаралық ақпарат құралдарының бастауы, қайнар көзі. Ақпарат беріп қана қоймай, сол халықтың танымы мен мәдениетінен де хабардар етеді. Ал қазіргі «ғаламтор заманында» газет-журналдардың сандық форматы ғаламтор арқылы өз оқырмандарына ғана емес, əлемнің кез келген нүктесіндегі қызығушылық танытқан адамдардың танысуына мүмкіндік беруде.
Дәл осы газет беттерінен ұлттық болмысымыздың танылуы, ұлттық идеяның көрінісі бар мақалаларға мысалдар қарадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет