Сөж тақырыбы: Бауыраяқтылар, тақтажелбезектілер, басаяқтылар кластарының өкілдерінің тіршілік кезеңдері мен тіршілігі, мекен ортасы, таралуы



Дата22.05.2022
өлшемі0,78 Mb.
#144628
Байланысты:
Сөж зоо


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті



СӨЖ
Тақырыбы:Бауыраяқтылар, тақтажелбезектілер, басаяқтылар кластарының өкілдерінің тіршілік кезеңдері мен тіршілігі, мекен ортасы, таралуы.
Орындаған;Бақжан Ақерке
Тексерген;Айтжанова Мира

Бауыраяқтылар класы.
Бауыраяқтылар немесе ұлулар (лат. Гастропода)  – 90000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде, сондай-ақ тұщы сулар мен құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Кейбіреуі тоғандарда, құрлықта тіршілік етеді. Жұмсақ денесін бақалшақ қаптаған, тұлғасы бүкіл бауыр жағын қамтитын жәндіктер бауыраяқтылар немесе ұлулар класына жатады. Аяқ бөлігі бақалшақтың астыңғы бөлігін қамтып, дененің сол бөлігімен жүретін болғандықтан, бұлар бауыраяқтылар деп аталады.




Бауыраяқтыладың дене тұрқы.
Бауыраяқтылардың денесі үш бөлімге бөлінген: бас, аяқ, тұлға. Басы тұлға бөлімінен айқын бөлініп тұрады. Тіл пішінді жақсы жетілген аяғында кең жорғалағыш табаны болады. Тұлғасы дененің жоғарғы жағына қарай қап тәрізді өсіндіні түзеді, бұны ішкі қапшық деп те атайды. Барлық бауыраяқтыларға тән ерекшелік, ол құрылысының асимметриялы болуы.Бақалшақтары Жақсы дамыған. Бауыраяқтылардың жыныс жүйесі гермафродитті, тек алдыңғыжелбезектілер класс тармағының түрлері дара жыныстылар. жыныс бездері (аналық пен аталық) әрқашан да біреу. Аналығының жұмыртқа безі аналық жолына ауысады да, оның шеті жуандап жатынға, кейде тұқым қабылдағыш қапшығына айналады. Аталығының тұқым безі тұқым шығарғыш жолына ауысып, ол денесінің алдыңғы ұшында, оң жағында жыныс тесігімен аяқталады. Жыныс тесігінің жанында бұлшықетті өскін — шағылысу мүшесі жатады.




ДАМУЫ
Б
ауыраяқтылардың сырттай ұрықтануымен қатар (қарапайым түрлерінде), көпшілігінде іштей ұрықтану дамып қалыптасқан. Жұмыртқаларын денесінен бөліп, ауада тез қатпайтын сұйық заттың — пілләнің ішіне салады. Жұмыртқаның бөлшектенуі көпқылтанды құрттардікі (Полyцһаета) сияқты толық, біркелкі емес, спиральді, детерминативті. Бұларда да төрт макро-мен микромерлері құралады (А,В,С,Д және а,Б,ц,д) және Д бластомерадан, оның 4д ұрпағынан мезодерма қалыптасады. 

ТАҚТАЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР КЛАСЫ.
Тақтажелбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар және скаттар. Тақтажелбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында — рострум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау .түрінде орналасқан




Дене тұрқы
Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басы-ның екі бүйір жағында 5—7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды.
Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клеткасы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы — одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды. Көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанат-тары болады. Еркектерінің құрсагындағы қос қанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады, олар шағылыс органдарының қызметін атқарады. Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады. Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омырткаларын дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. 








Дамуы
Балық уылдырықтайтын кезде аналық безде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балықтың жыныс мүшесі ішектің үстіңгң жағында созылып жататын екі қапшық тәрізді ақ сұйықтық, ол шоғыл деп аталады. Балықтардың жыныс өнімін шашуы уылдырықтау деп аталады.



БАСАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ
Олар – ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар – өте ірі жәндіктер. Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, корегін аулайды. Каракатица және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратып жүзеді. Басаяқты ұлулар класының өкілі - кальмар.


Дене тұрқы. ДАМУЫ.
Б
ұлардың 650-ден астам түрлері теңіздер мен мұхитта тіршілік етеді. Денесі жалаңаш (наутилус деген түрінің ғана бақалшағы бар), тұрқы 1 см-ден 18 м-ге (алып кальмарлар) дейін. Басы денесінен анық жіктелген, аузының айналасындағы жемін ұстауға арналған 8 – 10 қармалауыштарының жабысқақ сорғыштары бар, кейде мүйізденген ілмешегі болады. Басаяқтылардың басының бауыр жағында орналасқан мантия қуысына жалғасатын түтікше бар. Басаяқтылар мантия қуысынан енген суды түтікше арқылы қысыммен сыртқа шығарып, соның екпінімен қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет