Жарақатты тілу және ревизия
Жарақаттың бүтіндігін қалпына келтіру. - БХӨ-ді жарақаттың шеттерін жақындатып, біріншілік тігіс салумен аяқтайды. Ол үшін хирургиялық инелер колданылады.
- Инелер жарақаттайтын және жарақаттамайтын деп бөлінеді.
- Жарақаттайтын инелердің жіп кіргізетін құлақшасы болады, жіп екі рет оралады, соның нәтижесінде жарақаттайды, ал жарақаттамайтын инелер жіппен соңы соңымен (конец - в - конец) типі бойынша байланысады, соның нәтижесінде тіндерден оңай өтеді.
- Ұзына бойы тегіс болу;
- Эластикалық және иілгіш;
- Тыртық пайда болғанға дейін мықты болу;
- Егеу эффектісін тудырмау, жақсы сырғанау, жарақаттамау;
- Инемен соңы соңымен (конец - в – конец) типі бойынша байланысу, жақсы манипуляциялық қасиеттерге ие болу;
- Тыртықтың пайда болуымен сорылуы;
Жіптердің жіктелуі - Құрылымына байланысты – моножіп (монофиламентная нить) және полижіп (полифиламентная нить);
- Биодеструкциясына байланысты – сорылатын (кетгут, окцелон, кацелон, викрил, дексон, и др.), сорылмайтын (капрон, полиамид, лавсан, нейлон, этибонд, М-дек, пролен, пропилен, суржилен, суржипро, и др.);
- Жасалған шикізатқа байланысты – табиғи, металдан және синтетикалық.
Хирургиялық түйіндерге қойылатын талаптар Бет жарақаттарын БХӨ-дің ерекшеліктері - Жарақатты ерте хирургиялық өңдеу 24 сағатқа дейін;
- Арнайы мекемелерде соңғы хирургиялық өңдеу;
- Жарақаттың шеттері ашылмайды, тек өлген тіндер ғана алынады;
- Жарақаттағы бөтен заттар алынады, қиын жететін аймақтардағы бөтен заттарды іздемейді;
- Ауыз қуысына өткен жарақаттар тігіс арқылы ауыз қуысынан оқшаулануы тиіс;
- Хирургиялық өңдеудің мерзіміне байланыссыз қабақтың, мұрын қанаттарының, еріннің жарақаттарына біріншілік тігіс салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |