Сөж тақырыбы: «Дарынды балалармен» тәрбие жұмысының технологиялық карта үлгісін құрастыру ҚР-дағы білім беруді ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы негізінде белгілі бір кезеңге жас ерекшелігіне сәйкес сыныптағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын құрастыру


Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады.Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық



бет2/3
Дата14.07.2020
өлшемі26,88 Kb.
#75225
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
«Дарынды балалармен» тәрбие жұмысының технологиялық карта үлгісін құрастыру

1.Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады.Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.Біреулер «Дарындылық-іс-әрекеттің белгілі бір салада ерекше жетістіктере жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі» десе, енді біреулер «Дарындылық үш қасиеттің – ортадан жоғары ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол таба білу және мақсатқа құштарлықтың үйлесімділіг» дейді (америкалық педагог Дж.Рензулли).Ал педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Белгілі психолог Н.С. Лейтестің айтуынша : «Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері  айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер   әлеуеті мол бала». Дарындылық – қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам.

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

  1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.

  2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

  3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

  4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.

  5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

  1. Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;

  2. Пәндік үйірмелер;

  3. Тілмерекесі;

  4. Абай оқулары;

  5. Олимпиадалар;

  6. Интеллектуалдықойындар, дебат (пікірсайыс) клубы;

  7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздықжұмыс, зерттеужұмысы, рефераттарқорғау, жобақорғау);

  8. Оқушылардыңбілімдеңгейлерінарттыру (мұражайға бару, белгіліадамдарменкездесу);

  9. Шеберлербайқауы (ақындарайтысы, шешендерсайысы, би үйірмесі, шеберқолдарүйірмесі);

  10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалықшығармалар, жобаларбайқауларынақатысу.


1. «Дарынды балалармен» тәрбие жұмысының технологиялық карта үлгісін құрастыру
Балам дейтін жұрты болмаса,жұртым дейтін бала қайдан шығады?

А.Байтұрсынов.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет