ҚР Білім және ғылым министрлігі
Еуразия ұлттық универиситеті
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Битехнология және микробиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Физологиядағы зерттеу әдістері»
Орындаған: БТ-39\3 тобының 3-курс
студенті Алдоңғарова А.Қ
Тексерген:Базарбаева Қ.Ж
Нұр-Сұлтан,2020
Физиология ғылымы
Физиология – биологияның маңызды салаларының бірі.Ол организмнің тіршілік әрекетін,жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зертеп,олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды,организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.Физиология медицина мен ветеринария,жалпы биологиялық сипаттағы қолданбалы ғылым салаларының ірге тасы,негізі болып саналады.Адам мен мал организмдеріне тән функциялар мен үрдістердің тіршіліктік мәні мен маңызын айқындай отырып,физиология арнаулы мамандарды денсаулықты қорғау,организмді қатерлі жағдайлардан сақтау т.б. шараларын ғылыми негізде ұйымдастыруға қажетті мағлұматтармен қамтамасыз етеді.
Физиология-биология ғылымының маңызды саласының бірі.Грек тілінде физиология деген сөз организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді.Физиология организмнің тіршілік әрекетін жеке жасушалар,мүшелер,жүйелер қызметін зерттеп,олардың ерекшеліктерін,биологиялық маңызын анықтайды,организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.Физиология организмнің тіршілік әрекеттерін даралап тексермей,оларды біртұтас,тығыз байланыстағы үрдістер жиынтығы ретінде қарайластырады және организмге тән біртұтастық қасиет орталық нерв жүйесі қызметі мен әртүрлі биологиялық белсенді заттардың өсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды.
Физиология медицина мен ветеринарияның теориялық негізі болып саналады.Физиологиялық мағлұматтар адам мен жануарлар организмінде жүретін үрдістерді тиімді бағытта өзгертіп отыруға қажет шараларды ғылыми негізде жүзеге асыру,түрлі аурулардың алдын алу және оларды дұрыс емдеу үшін қажет.
Адам физиологиясының заңдылықтарын айқындау- өмірді ұзартуға,организмді сауықтыру,еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту шараларын дұрыс ұйымдастыруға,аурулардың алдын алуды және оларды емдеудің жаңа жолдары мен тәсілдерін табуға негіз болады.
Жануарлар физиологиясы адамның мұқтаждығына,талабына сәйкес үй хайуанаттарының мінезін өзгертудің,өнімділігін арттырудың,өнім сапасын жақсартудың,оларды дұрыс күтіп-бағудың,өсірудің,қоректендірудің биологиялық негізі.
Физиологияның негізгі мақсаты әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік үрдістердің заңдылықтарын зерттеу;организмнің жеке жүйелері жіне организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизмін анықтау;түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі және әр түрлі экологиялық жағдайлардығы организмдер функцияларының сапалық айырмасын тексеру;организмнің жеке дамуы барысында түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу.Демек,физиология өмір құбылыстарының мәнін зерттеп,тіршілік үрдістерін басқару,бағыттау әдістерін анықтауды көздейді.
Физиология мақсаттары:
1.Организмнің және оның әрбәр құрылымының қызметін ұғымы арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
2.Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру;
3.Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету;
4.Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.
Физиология ғылымының зерттеу әдістері:
Бақылау әдісі.Физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді.Тірліктік әрекеттер жылжымалы болғандықтан,бұл әдетте,2-3 үрдісті қамти алады.
Тіркеу әдісі.Физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алады.
Тітіркендіру әдісі.Тірі құрылымдардың,ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық,биологиялық,химиялық,физикалық түрткілердің әсерін қолданады.
Электрофизиологиялық әдістер.Қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын жіне әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді тіркегіш пен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.
Өткір тәжірбие әдістері.Жануарларға вивисекция,олардың мүшелерін,ағзаларын,тіндерін оқшаулау тәсілдерін жасайды.
Созылмалы әдістер.Жануарларға тірідей операция жасап,олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды.Бұл әдісті физиологияға алғаш енгізген И.П.Павлов болатын,сөйтіп ол организмді бөлшектеп қараудың орнына,біртұтас жүйе ретінде тексеруге мүмкіндік жасайды.
Аспаптық әдістер.Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру,ауруларды анықтау және емдеу үшін арнайы аспаптар ұсынады.
Қорытынды
Физиологиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіледі.Организмнің қызметін жүйелі түрде зерттеу ондағы көптеген физиологиялық жағдайларды түсінуді жеңілдетеді.Сондықтан тірі организмді әрекеттік жүйелер теориясының тұрғысынан зерттеу басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |