Сөж тақырыбы: Коммуникациядағы мінез-құлық моделдерін талдау негізінде


МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ҰЙЫМДЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ



бет2/2
Дата17.12.2021
өлшемі64,99 Kb.
#102276
1   2
Байланысты:
Ұйымдық мінез-құлық

МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ҰЙЫМДЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Менеджердің рөлі, сондай-ақ бір адамдай жұмыс істеуге қажет қабілеттерге деген сұраныс тұрақты артып келеді. Адамдардың арнайы дайындықтан немесе іс-тәжірибеден өтпей-ақ басшылық лауазымдарға тағайындалуы бұрынғыға қарағанда жиілеп барады. Ауқымды сауалнама менеджерлердің 58 пайыздан астамы ешқандай дайындықтан өтпегенін айтқан және 25 пайызы лауазымға тағайындалғанда өзгелерді басқаруға мүлде дайын болмағанын мойындаған. Осы қиындыққа қоса, жұмысқа қойылатын талаптар күшейді: орта буын менеджерінің мойнында тікелей өзі дайындайтын жеті есеп бар (бір кездері олардың саны бесеумен шектелетін) және уақытының көбін соларды дайындауға жұмсап, басқаруға мұршасы да болмайды. Gallup жүргізген сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, ұйымдар басшылық қызметке тағайындаған үміткерлерінің 82 пайызын дұрыс таңдамаған.10Қорыта келгенде айтарымыз, адамдар жайында, оларды басқару туралы неғұрлым көбірек білген сайын, дұрыс үміткер болуға мүмкіндігіңіз артады.Бұл тұрғыдағы бірден-бір көмекшіңіз – ұйымдық мінез-құлық пәні.

құлыққа тигізетін әсерін зерттейтін және сол білімді ұйымның тиімділігін жақсартуға жұмсауды мақсат ететін зерттеу саласы. Бұл анықтаманы ә дегеннен түсіну қиын, енді осыны тарқатайық.

Ұйымдық мінез-құлық – жалпы білім жүйесі бар, зерттеу нысаны айқындалған зерттеу саласы. Ол нақты нені зерттейді? Ол ұйымдардағы мінез-құлықтың үш шешуші факторын зерттейді: жеке адам, топтар және құрылым. Сонымен қатар ұйымдық мінез-құлық жеке адамның, топтардың және құрылымның мінез-құлыққа ықпалы туралы білімді ұйымдардың жұмысын анағұрлым тиімді ету үшін қолданады.

Анықтамамызды қорыта айтсақ, ұйымдық мінез-құлық – адамдардың ұйымдағы іс-әрекеттері мен олардың мінез-құлқы ұйымның өнімділігіне қалай әсер ететінін зерттеу. Ұйымдық мінез-құлық жұмыспен байланысты жағдайларға қатысты болғандықтан, мінез-құлықты жұмысқа қанағаттану, жұмысқа шықпай қалу, жұмыстан кету, өнімділік, адам әрекетінің нәтижелілігі және менеджмент тұрғысынан қарастырады. Дегенмен әрқайсының салыстырмалы түрде алғанда маңыздылығы туралы пікірталас а жоқ емес.

Сонымен, ұйымдық мінез-құлық мынадай өзекті тақырыптарды қамтиды:

мотивация;

жетекшінің мінез-құлқы және билік;

тұлғааралық қатынас;

топ құрылымы және процестер;

қатынастардың дамуы және қабылдау;

өзгеріс процестері;



конфликт және келіссөз;

жұмысты жобалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет