Эксперименттік сипаттағы курстық және дипломдық жұмыстар. Анықтау, бақылау, қалыптастыру эксперименттерін пайдалану арқылы орындалады. Анықтау эксперименті негізінде студент эксперименттік жолмен зерттелінетін педагогикалық жүйенің жағдайларын анықтайды. Құбылыстар арасындағы байланыс фактілерін табады. Қалыптастырушы эксперимент жағдайында студент нақты педагогикалықміндеттерді шешу бағыттарын, арнайы шарадарды пайдаланады. Эксперимент сипаттағы курстық жұмыстарды орындау кезінде мына жағдайларды ескеру керек:
1.Таңдаған тақырып бойынша жарық көрген жұмыстарға теориялық талдау жасау.
2. шешілмеген мәселелерді анықтау.
3. зерттеудің мақсат, міндеттерін, болжамын белгілеу.
4.эксперимент жүргізуге дайындық.
5.Зерттеу нысанасын, әдістерін таңдау.
6.эксперимент жүргізу.
7. эксперимент қорытындысын шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |