Курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру
Зерттеу жұмыстары, оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру, эксперимент жүргізуге студенттерді дайындау, эксперимент жоспарын құра білу, оқушылармен зерттеу жүргізудің әдіс – тәсілдерін меңгеру, эксперимент қорытындысын өңдеу сияқты зерттеу жұмыстарының өзіндік критерийлік мәселелерін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде зерттеді (И.Д. Андреев, Ю.К.Бабанский, В.И.Журавлев, Н.А. Сорокин, Н.Е.Соколова, Ш.Таубаева, Н.Д.Хмель, С.Н.Лактионова, Н.Шаметов, И.Б.Васильев, К.Өстеміров және т.б.)
Аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, эксперименттік жұмыстар, оның жүргізілу шарты, мақсат – міндеттерін анықтау мәселелеріне тоқтала келе, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау процесінің бірнеше мәселелерді шешумен байланысты екенін анықтадық. Олар:
1.Ұйымдастыру мәселесі
2.Зерттеу мәселесі
3.Әдістемелік мәселе
4.Практикалық мәселе
Жұмысты ұйымдастыру мәселесіне тақырыпты таңдау, жоспар құру, кітапхана каталогымен жұмыс істеу, әдебиеттерді оқу, жиналған материалдарға талдау жасау әрі жіктеу, жұмыстың тақырыбын белгілеу, оларды редакциялау, иллюстрациялау, безендіру жатады.
Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңнен аттап өтуге болмайды. Әр кезеңнің мазмұны жұмыстың жоспарын белгілейді.
Курстық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді:
Зерттеу тақырыбын таңдау
Оның өзектілігін негіздеу
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау
Зерттеу нысанасын белгілеу
Нысана туралы білімдерді игерту
Мәселені көтеру
Зерттеу пәнін анықтау
Болжам жасау
Зерттеу жоспарын құру
Зерттеу әдістерін анықтау
Белгіленген жоспарды жүзеге асыру
Болжамды тексеру
Зерттелінер нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау
Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |