Батырлар, билер мен қолбасшылардың өздеріне тән
белгілері болған. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайынның әскери
дулығасында – теңіз аты (гиппокамп), Ахиллес бас киімінде
– бүркіт, Нумибия патшасы Масиниса дулығасында – ит,
римдік император Каракалы басында – бүркіт
суреттелген.Ал, антикалық дәуірдің қалалары мен
аралдарының кейбір белгілері әрдайым монеталардан, төс
белгілер мен мөрлерден көрініс тапты. Мәселен, солардың
бірі Афин қаласының белгісі – үкі, Қорынтық қаласының
белгісі – пырақ, Самос шаһарыныңкі – тауыс, Родос
аралдары – раушан гүлімен таңбаланған екен.Ассирия,
Бабыл, ежелгі Мысыр елдерінің елтаңбалары мөрлерде
таңбаланатын болған. Ал, б.з.д. үшінші мыңжылдықта
Достарыңызбен бөлісу: |