код пен шифр арқылы жазу үлгілерімен салыстырғанда көшпелі түркілердің рулық таңбалары мен руникалық тұжырымдамасы жер бетінде қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Ғылыми әдебиеттерде идеографиялық жазудың айрықша түрі ретінде таңбаны атайды». Қазақ тегіне берік екенін білеміз. Рулық таңбалар – түркі халықтарының тектік қасиеті. Бүгінде сол түркі халықтарының ішінде рулық таңбаларын қазақтар әлі күнге дейін сақтап келеді. Рулық таңба қасиеті жөнінде «Қазақ руларының таңбасы» атты мақаласында Мақсұтбек Сүлеймен былай дейді: «Рулық таңба – түркілік төлқұжат, өмір шындығын танып-білудің даналық құпиясы, ақпараттық жүйе, қоғамдық дамудың интеллектуалдық қуатын танытатын қасиетті рәміз, ұлттық ойлаудың айнасы. Рулық таңбалар – қазақтың