Таңба – ақпарат сақтау мен таратудың коды дейді таңба зерттеушілері. Осы шифрдың кілтін таппаған бөгде жұртқа қазақтың ішкі сыры мен рухын ұғыну жұмбақ күйінде қалады. Бағзы қазақтың ойлау жүйесінде геометриялық өлшем, симметриялық дәлдік – таңбатану өте жоғары деңгейде дамыған. Бұл түркі халықтарының этникалық біртұтастығын сақтап тұрған киелі қорғаны, ең маңызды ұлттық құндылығы екенін мойындауымыз тиіс. Мемлекеттік рәміздер - еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт- санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни