Сөж тақырыбы: «Метеорологияның даму тарихы. Қазақстандағы метеорологияның дамуы. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым» Орындаған: Жанат Алуа Тексерген: Жексенбаева А. К. МазмұНЫ


Қазақстандағы метеорологияның дамуы



бет3/4
Дата11.01.2022
өлшемі216,38 Kb.
#111303
1   2   3   4
Байланысты:
сөж

2. Қазақстандағы метеорологияның дамуы

Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорологиялық бақылау жүргізу 1855 жылы Қазалы мен Семей қалаларында басталды. Ал 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станция, 49 бекеттер, 123 гидрометеорологиялық бақылау бекеттері жұмыс атқарды.

1922 жылдың 23 қаңтарында Қырғыз АССР-ның Жер жөніндегі Халық комиссариатына обсерваториясында Орынбор облыстық құру туралы үкім бекітілді. Ол бюро 1925 жылы Қазақстанның Орталық метеорологиялық бюросы болып, ал 1931 жылы Қазақ гидрометеорологиялық комитеті болып қайта құрылды. Қазақстанның Гидрометеорологиялық қызметінің бірінші басшысы Ораз Қиқымұлы Жандосов болды. 1999ж 2 наурызда «Казгидромет» республикалық кәсіпорын құрылды

Ақтөбе, Өскемен, Балқаш, Астана қалаларында ірі гидрометеорологиялық обсерваториялар салынды. Ауа райын бақылау және болжау орындары жетілдірілген аспаптармен,компьютерлік техникамен және байланыс жүйелерімен, автоматты және электрондық қондырғылармен, т.б. құралдармен толық жабдықталған. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы – гидрологиялық, метеоролгиялық ғылыми-зертханалық жұмыстарының басты ортлығы болып табылады. Қазіргі таңда Казгидромет жүйесінде метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық, көл және теңіз станциялары мен бекеттерінің саны 500-ден астам.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет