Сөж тақырыбы: «Метеорологияның даму тарихы. Қазақстандағы метеорологияның дамуы. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым» Орындаған: Жанат Алуа Тексерген: Жексенбаева А. К. МазмұНЫ


Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым



бет4/4
Дата11.01.2022
өлшемі216,38 Kb.
#111303
1   2   3   4
Байланысты:
сөж

3. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым

Атмосфералық процестер үшін мемлекеттік шекара болмағандықтан, бүкіл дүниежүзі мемлекеттерінің метеорологиялық ортақ келісім болуы тиіс. Метеорология саласында халықаралық түрде бірігіп қызмет ету 19 ғасырдың екінші жартысынан басталыды. 1873 жылы Вена қаласында бірінші халықаралық метеорологиялық конгресте Халықаралық метеорологиялық ұйым құрылды. 1950(1947) жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым болып қайта құрылған. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым - метеорология саласындағы мамандандырылған үкіметаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі. БҰҰ-ның Жер атмосферасының жай-күйін бақылау және оның мұхиттармен өзара іс-қимылы мәселелері жөніндегі құзыретті органы болып табылады. ДМҰ Штаб-пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан.

ДМҰ құрылғаннан бері адамзаттың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын жақсартуда ерекше және ықпалды рөл атқарды. Ол сондай-ақ ұйым мүшелерінің Ұлттық метеорологиялық және гидрологиялық қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтады және метеорологияны көптеген салаларда қолдануға ықпал етеді.

ДМҰ мүшелерінің Ұлттық метеорологиялық және гидрологиялық қызметтері бүкіл әлем бойынша өмірлік маңызды метеорологиялық және климаттық ақпаратты қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Ауа-райының қатал құбылыстары мен ауа сапасының ауытқуы, климаттың өзгеруі және өзгеруі туралы олардың алғашқы және сенімді ескертулері шешім қабылдаушыларға, қауымдастықтарға және жеке тұлғаларға болып жатқан оқиғаларға жақсы дайындалуға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның негізгі мақсаты:

-метеорологиялық, сондай-ақ гидрологиялық және басқа да геофизикалық бақылаулар жүргізетін станциялар желілерін құруда халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу және метеорологиялық қызмет көрсетудің басқа да түрлерін қамтамасыз етумен айналысатын орталықтарды құруға және қолдауға ықпал ету;

- метеорологиялық және басқа да тиісті ақпаратпен жедел алмасу үшін жүйелерді құруға және қолдаg жәрдемдесу;

- гидрометеорологиялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

1992 жылдан бастап Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның конвенциясына қосылғаннан бері Қазақстанда басқа елдермен ынтымақтастық байланыс орнап келеді. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мамандарының көпшілігі Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның техникалық комиссиясының мүшесі болғандықтан, гидрометеорология саласындағы соңғы жетістіктермен, ғылыми зерттеулердің нәтижесімен танысуға мүмкіндік туып отыр. Бүгінде ауа-райының мониторингін бақылайтын жер бетіндегі станциялар мен зертхана жұмыстары іске қосылған.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Мишель Жарро Қазақстанда ауа-райын бақылау саласының деңгейін арттыру бағытында атқарылып жатқан іс-шараларға оң көзбен қарайтындығын айтты.

Мамандар мұндай кездесулер алдағы уақытта тәжірибе алмасуға, техникалық мүмкіндіктерді қарастыруға, экологиялық мәселелерді бірге шешуге игі әсерін тигізеді деген пікірде.

Қорытынды

Сонымен, метеорологияның негізгі шешетін мәселелеріне атмосферада жүріп жатқан процесстер мен құбылыстарды зерттеу, олардың пайда болу заңдылықтарын анықтап, болашақта дамуын болжау.

Қандай ғылымның болмасын түпкі мақсаты адамзаттың қажетін қанағаттандыру болып табылады. Атмосфераның физикалық күйі адамзат тұрмысының барлық жағына әсерін тигізеді. Әсіресе, халық шаруашылығына қолайсыз метеорологиялық құбылыстар, олар туралы хабар жеткізу үшін метеоролог-ғылымдары күні-түні еңбек атқарады. Сондықтан да метеорология ғылымының адам өмірінде атқаратын рөлі зор.

Пайдалынылған әдебиеттер:

1. «Метеорология бойынша лабораториялық практикум» , Жексенбаева А.К.



2. «Жалпы метеорология» 1-бөлім, С.С. Байшоланова, П.Ж. Қожахметов

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет