- Перифериялық тамырлардағы қанайналымы (ұсақ артериялар, артероилалар, метартериолалар, капиллярлар, посткапиллярлық венулалар, артериовенулалық анастомоздар, венулалар, ұсақ веналар) қан тамыры мен тін арасында су, электролит, оттегі, көмір қышқыл газы, қажетті қоректік заттармен алмасу жүреді. Қанның микротамырларда ағу ерекшеліктері гемомикроциркуляция деп аталады. Бұл жалпы қанайналымының көрнекті бір бөлімі. Микроциркуляция термині биологиялық ғылымдарға 1954 жылы енгізілді. Бұл ұғым өте ұсақ қан және лимфа тамырлары тарамдалған ауданда өтетін көптеген күрделі үрдістерді қамтиды. Ұсақ артериялар мен веналар, артериолалар мен метартериолалар адренергиялық және холинергиялық симпатикалық жүйелермен нервтенген. Прекапиллялар мен капиллялар, венулалар көбінесе гуморалдық әсерлерге сезімтал келеді. Микротамырлардың бәріне де оның ішінде капиллярларға да жүйке әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: - 1.Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б.
- Адам физиологиясы. Алматы, 2005 (225, 226, 266-269 беттер);
- 2. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясы.
- Алматы, 2004 (311-313 беттер);
- 3.Интернет желісі: www.google.ru , www.google.kz.
- Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. – Алматы, Дәуір, 2005 (431-445, 459-462 б.).
- Қ.С.Рымжанов, И.М.Төленбек <Адам физиологиясы>
- М.Құланбаев <Факультеттік хирургия>
- Ж.Н.Нұрғалиев,С.Т.Төлеуханов<Эндокриндік жүйелер физиологиясы>Алматы 2000ж
- Адам физиологиясы оқулық,Алматы 2012ж
- Бабский.Е.Б,Бабская.Н.Е<Адам физиологиясы>
Достарыңызбен бөлісу: |