Сөж тақырыбы: Ойлау түрлерінің классификациясы мен сипаттамалары. Ойлаудың негізгі түрлері туралы



бет5/8
Дата16.04.2022
өлшемі28,04 Kb.
#139618
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ Ойлау түрлерінің классификациясы мен сипаттамалары. Дәуіт Ғазиза

Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.

Қазіргі жаңа психологияда көрнекі–бейнелі және ойлауда теориялық және практикалық ойлау жайлы мәселелер қатар тұрады. Дәстүрлі психология ойлаудың сырттай қарсы қойылуынан және практикалық іс-әрекеттен басталды, ойды зерттеуде теориялық іс–әрекетті шешуге бағытталған ғылыми ойлаудың міндеттерінің дерексізденуі еске алынды. Ойлау мен іс- әрекеттің арақатысы жайлы мәселе көбінесе жай ғана шешіліп отырды: теориялық интеллектуалдық операциялар алғашқы ретінде қабылданды; ол операциялар сананың ішкі дүниесінде жасалады; сосын іс-әрекет солардың негізінде құрылады. Осы тұрғыдан ақылға қонымды іс-әрекет, теориялық ойлаудың нәтижелерін әрекеттің сыртқы жағына ауыстырады. Гетенің Фауыстындағы “алдымен іс болды” деген терең мағыналы сөзіне қарамастан –дәстүрлі психология үшін алдымен ойлау, содан кейін әрекет болды. Ойлаудың әрекетке қатынасы ылғи да іс-әрекеттің абстрактілі ойлаудан бір жақты тәуелділігі ретінде ойланды; және бұл тәуелділік тарихи дамудың барлық сатысында өзгермей берілді. Теориялық ойлау–бұл заңдарды, ережелерді тану. Менделеев кестесінің ашылуы–оның теориялық ойлауының нәтижесі. Теориялық ойлауды жүзеге асырмаған кез келген әрекет тек қана дағды,-бір сөзбен айтқанда интеллектуалдық операциямен емес, инстинкті реакциямен ғана болар еді; сондықтан да баламалы жағдай туды: немесе әрекеттің интеллектуалдық сипаты жоқ, немесе ол–теориялық ойлаудың бейнеленуі. Адамға ұқсас маймылдарды зерттеген В. Келердің зерттеулері ақыр соңында мәселенің дұрыс қойылмауына әкелді; осы зерттеулерге байланысты практикалық интеллект деп аталатын ұғым пайда болды. Практикалық ойлаудың негізгі міндеті–шындықтың физикалық өзгеруін дайындау: мақсат қою, жоспар, жоба, сызба құрастыру. Келер эксперименттерінің типі бойынша шимпанзеге, содан кейін–алдымен Келер, содан соң К. Бюлер–балаларға осы эксперименттерді жасады; оған кейін қалыпты және ақыл–есі кеміс балаларға және ересектерге көптеген бірқатар эксперименттер жасалды.
Практикалық ойлау” немесе “практикалық интеллект” термині төтенше белгілі. Ол, бір жағынан, интеллектіні теориялық операцияларда ұғымдардағы абстрактілі сөздік ойлау қарастырған көзқарастарды көрсетеді: практика мен интеллект, практика мен ойлау ұғымдардың бірлігіне бірігеді. Алайла практикалық интеллектіні теориялыққа қарсы қою интеллектіні ұғуға ықпал етті және теориялық ойлау мен практиканың ескі дуализміне тереңдеп енді.
Практикалық ойлауды кеңестік психолог Б.М. Теплов терең талдап берген. Теориялық ойлау біршама біртіндеп ғылыми шығармашылық психологиясының контексінде зерттелуде. Практикалық ойлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі, оның уақытының қатал тапшылығы жағдайларында айқындалатындығы. Сонымен, мысалы, іргелі ғылымдар үшін бір жылдың ақпан немесе наурыз айларында заңның ашылуының принципті мәні жоқ. Күрес біткен соң жоспар жасаудың мағынасыз екендігі мәлім. Практикалық ойлауда болжамдарды тексеруге арналған мүмкіндіктер өте шектеулі. Осының барлығы практикалық ойлауды, теориялық ойлауға қарағанда, біршама күрделендіре түседі. Теориялық ойлауды кейде эмпириялық ойлаумен салыстырады. Бұл жерде мынадай критерий қолданылады: ойлау жұмыс жасайтын жалпылаудың сипаты, бір жағдайда бұл түсінік, ал келесісінде–тұрмыстық, оқиғалық жалпылаулар.
Ақыр соңында кез келген ойлау практикамен байланысты болады; тек сол байланыстың сипаты ғана әр түрлі жағдайда әрқалай болады. Практикаға сүйенген теориялық ойлау тұтас алғанда, практиканың жеке жағдайынан тәуелсіз болады; көрнекі-әрекеттік ойлау әрекет жасалатын сол жеке практикалық жағдаймен тікелей байланыста болады.
Адамда бірыңғай интеллект болады. Әр түрлі биологиялық механизмдер ретінде екі әр түрлі интеллект жайлы сөз болуы да мүмкін емес. Алайда ойлау процесі жасалатын әр түрлі шарттардан тәуелді болатын ішкі бірлікте ойлау операциясының әр түрлі және олардың өту сипаты дифференцияланады.
Егер практикалық ойлау деп практикалық іс-әрекет барысында және тікелей практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлауды түсінетін болсақ, онда бұл тұрғыда практикалық ойлауды теориялық ойлаудан ажыратуға болады. Оның практикалық іс-әрекеттен айрықша теориялық іс- әрекеті ретінде, дерексізденген теориялық міндеттерді шешуге бағытталған практикамен тек жанама байланысқан ойлаудан ерекшелігі бар. Жоғарыда айтылған мағына бойынша теориялық және “практикалық” ойлаудың алдында ең алдымен түрлі міндеттер тұрады. Мұнда практикалық ойлауға қатысты басқа да жағдайлар болуы мүмкін: бір жағдайда практикалық ойлау, яғни практикалық іс-әрекетке қосылған ойлау сипаты бойынша дерексізденген теориялық іс-әрекеттің нәтижелерін қолданып шешетін болуы керек. Практикалық ойлаудың бұл күрделі формасына теориялық ойлау оның компоненті ретінде кіреді. Өнертапқыштың күрделі міндеттерді шешудегі ойлау іс-әрекеті осындай, азды–көпті күрделі теориялық ойлап табуды қажет етеді.
Алайда басқа жағдай да болуы мүмкін, мәселен, практикалық іс-әрекет барысында міндеттерді шешу үшін дерексізденген теориялық ойлау талап етілмейді: тек аталған көрнекі жағдайға бағдарланып шешетін қарапайым міндеттер ғана кездеседі. Мұндай жағдайда практикалық ойлау, яғни практикалық іс-әрекетте қосылған және жеке практикалық міндеттерді шешуге тікелей бағытталған ойлау көрнекі-әрекеттік ойлау формасын қабылдайды. Көрнекі-әрекеттік ойлау–бұл қарапайым практикалық міндеттерді, шешуге тәкелей бағытталған қарапайым практикалық ойлаудың формасы. Ерекше практикалық интеллектінің болуы жайлы дәлелдеме мынаған сүйенеді, кейбір адамдар күрделі теориялық міндеттерді шешуді ойлаудың жоғарғы деңгейін таба отырып, ойдағыдай жүзеге асырады, алайда олар қандай да бір практикалық жағдайдан шығар кезде дәрменсіз болып қалады және керісінше өте күрделі практикалық жағдайлардан шығып кете алатын адамдар, қарапайым теориялық мәселенің алдында дәрменсіздік танытады. Осы фактіні түсіндіру үшін сол екі жағдайдағы ойлау операцияларының арасындағы айырмашылықты білу қажет. Ең алдымен шешіліге тиісті міндеттердің объективті айырмашылықтарын ескеру керек. Кейбір міндеттер мәні бойынша жекелеген проблемалық жағдайдың шегінен шығуды жалпыланған және жанама жағдайларды жасауды талап етеді,- бұлар теориялық ойлауды қажет етеді; ал басқа практикалық міндеттер проблемалы жағдайдың көрнекі мазмұнында берілген мәліметтер негізінде шешіле алады.
Мұндай міндеттерді шешуге бағытталған ойлау үшін оның объективті шындықпен тікелей әрекеттік байланыстағы әрекет жағдайында болуы тән– яғни ойлауды “ой өрісі” әрекет өрісімен сәйкес келеді; ойлау және әрекет бір ғана салада жасалады; ойлау операциясының барысы практикалық әрекет барысына, әрекеттік жағдайға тікелей қосылған; онда практикалық әрекет міндеттерді шешудің әрбір сатысын игеріп, тұрақты түрде тікелей практиканың тексеруінен өтеді.
Әрекетті жағдайда ойлау процесінің өтуі, оның практикалық әрекетпен тікелей байланысты оларға ерекше із қалдырады. Әрекет ойлау операцияларына қосылмаған жағдайда субъекті міндеттерді шешуді тұтастай ойластыруы керек, оның барлық буындары басынан аяғына дейін ойша ескерілуі қажет. Сонымен қатар тікелей-әрекеттік жағдайда алдымен нені жасау қажеттігі жайлы және шешімді ары қарай жасау үшін шешімнің алғашқы сатысын табу керек. Егер де шешімнің бірінші сатысын практикалық әрекетте жүзеге асырсақ, онда бұл әрекет алғаш белгіленген және алдын ала ойластырылған проблемалық жағдайды шынайы өзгерте отырып, практикалық әрекет аяқталғанға дейін қарастырылмаған өзгерістерді тауып алады. Ойлау операциялары өтіп жатқанда оған кіріккен әрекет жақындағы белгіленген міндеттерді шешу сатысын таратып, алдын ала қарастыру, түсіндіру, қиялдау қажеттіліктерінен оларды босатады және оқиға проблемасындағы барлық өзгерістерді ескереді, олар әрекет барысында тікелей өтетін міндеттерді шешуді алдын ала қарастыруды және ойша ескеруді қажет ететін жағдайларды да кіргізеді. Сөйтіп, практикалық әрекет міндеттерді бұған дейінгі шешу кезеңдерінен шығатын кейбір салдарды алдын ала көру және алдын ала есеп жүргізу жөніндегі ойлау операцияларын ішінара алмастырады және міндеттерді шешу процесінің тікелей компоненті болып табылады. Бұл жағынан алғанда әрекетпен ойлаудың орын алуы, әрине шартты түрде. Практикалық әрекетпен орындалатын бұл функцияда міндетті практикалық әрекетпен шешу барысына тікелей қосылған ойлау операциясының ерекше артықшылығы білінеді.
Алайда мұндай ойлау операциясы бір жағынан жалпыланған теориялық шешім жасау кезінде міндеттер ұсынатын талаптардан айырмашылығы бар өзінің ерекше талаптарын ұсынады. Ол жеке, бөлек детальдарға кеңейтілген бақылау мен зейін аударуды талап етеді, осы аталған жағдайда осы проблемалы жағдайдағы айрықша және жеке жағдайда міндетті шешу үшін пайдалану ептілігін ұсынады, бұл теориялық жалпылауға толығымен кірмейді; ол сонымен қатар ойлаудан әрекетке өтуді және керісінше әрекеттен ойлауға өтуді талап етеді. Біреулері үшін мұндай ауысулар демалу, жеңілдеу болып табылады; ал басқалары үшін олар елеулі қиындықтар туғызтын, кейде олар ойлау процесінде ұйымдастыруды бұзатын жағдайлар ретінде қабылданады.
Сол және басқа жағдайда ойлау процесінің мотивациясы ерекше болады; егер де ойлау процесі үшін практикалық, әрекеттік жағдай ынталандырушы болса, онда субъект кездескен қиын жағдайда тез шығуы қажет болады; ал басқа жағдайда адамның басына түскен практикалық жағдаймен байланысты емес теориялық мәселені шешу жайлы сөз болса, ондай жағдай басқаша болады. Шынында да осы екі оқиғаның әрқайсысы ойлау прроцесі үшін әр түрлі психологиялық жағдайды жасайды: олардың қызығушылықтарына, ақыл деңгейіне және тұтас алғанда тұлғасына байланысты әр түрлі адамдарда әр түрлі нәтиже беруі тиіс.
2. Таным түрі бойынша:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет