Продуктивтік ойлау–адамның ойлау іс-әрекетінің жаңа өнімін шығару.
Репродуктивтік ойлау–ойлау іс-әрекеті барысында өмірде бар білімдерді пайдалану.
Продуктивті және репродуктивті ойлауды ажырату маңызды болып табылады. З.И. Калмыкова бұл айырмашылықты “субъектінің білімдеріне қатысты ойлау іс-әрекеті процесіндегі алынған өнімнің жаңашылдық деңгейіне” негіздейді.
7. Ойлаудың функцияларына байланысты:
Творчестволық ойлау–ақиқат дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа білімдерді тауып, негіздеумен байланысты болатын ойлаудың түрі.
Критикалық ойлау–заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде, солар жөніндегі көзқарастар мен пікірлердегі қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білуімен байланысты болатын ғылыми дәйектелген сындық пікірден тұратын ойлаудың бір түрі.
Ырықты ойлау–проблемалық жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде шешу.
Еріксіз ойлау процестерін ерікті ойлаудан ажырату қажет: мысалы, түс көрудегі бейнелердің тура трасформациялары және ойлауға бірілген тапсырмаларды мақсатқа бағытталған тұрғыда шешу. Ойлаудың түрлерінің келтірілген тізімі толық емес. Олардың арасында күрделі қатынастар бар. Сонымен, мысалы, З.И. Калмыкова продуктивті ойлаудың сөздік–логикалық және интутивті–практикалық көмпоненттерін бөледі.
Ойлаудың әр түрлі түрлерінің арасындағы сәйкестік тұтасымен әлі анықталмаған. Ең соңында ойлаудың әр түрлі түрлерінің айрықша ерекшеліктерінің әр түрлі адамдарда олар шешуге тиіс міндеттер шаттастырылған; олар іс-әрекеттің сипатына тәуелді құрылатын индивидуалды ерекшеліктерімен байланысты болады.
Бірақ бастысы айқын: “ойлау” ұғымымен психологияда сапалық әртекті процестер белгіленеді.