Сөж тақырыбы: Педагогикалық ұжымдағы жобалық топтың құрылымына кесте құру; Мектеп директорының педагогикалық ұжым қалыптасуындағы рөлі; Басшының және қызметкердің этикалық қарым-қатынас «кодексін» құру Орындаған


Педагогикалық ұжымдағы әлекметтік-психологиялық климаттың қызметі



бет2/2
Дата10.05.2020
өлшемі24,5 Kb.
#66956
түріКодекс
1   2
Байланысты:
3ab938c5-343e-11e8-969e-bcaec5508c5bменеджмент сро 3

Педагогикалық ұжымдағы әлекметтік-психологиялық климаттың қызметі

Психологиялық климаттың көрсеткіштері

Ұжымдағы қатынастар

Ұжымдық жұмыс формалары

Жинақылық

Кәсіптік қызметі: жас ұрпақты тәрбиелеу

Топтастырушылық қызмет

Еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы

Ресми және бейресми

Педагогикалық лекторийлер

Басшының болуы

Оқушылар ұжымымен өзара тығыз әрекеттестік

Ынталандырушылқ қызмет

Жетекшілердің беделін мойындауы

Басқарушы және бағынушы қатынасы

Сынып бойынша педагогикалық білім беру

Топтасу

Мұғалімнің кәсіп қызметінің көп қырлылығы

Тұрақтандырушылық қызмет

Ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй

Іскер және жеке

Жылдық қорытынды ғылыми-практикалық конферениялар

Салыстырмалы түрде тұрақты

Педагогикалық әрекеттегі зерттеушілік

Реттеушілік қызмет

Мүшелерінің басқаруға және өзін-өзі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі

Рационалды және эмоционалды

Ашық есік күндері

Ұзақ мерзімде әрекет ету

Өзін-өзі басқару алуы




Сапалы тәртіп




Сынытпардағы кездесі




Қызметінің ұжымдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі




Еңбек өнімділігі




Ата-аналар жиналысы




Әйелдердің басым болуы




Кадрлардың тұрақтылығы







2. Мектеп директорының педагогикалық ұжым қалыптасуындағы рөлі

Мектеп – үлкен жанұя, тірегі – басшысы. Сондықтан мектеп директорының атқаратын жұмыстарының бәрі де осы орынның игілігі мен тұтастығын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Олардың ұжымды топтастыруы мен жетелеуіне қосатын үлесінің орны ерекше деуге де келеді. Білім саласында өзгерістерді іске асыру үшін мектеп басшыларының рөлі маңызды. Өзгерістер жайында айтатын болсам, заман талабына сай оқушылар білімді жай ғана иеленуі аз, себебі ХХІ ғасырдың тәсілдерінде оқушылардың игерген білімінің көлеміне емес, ол білімді орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударылуда. Осыған байланысты мектептер сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, дегенмен, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды иелену үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болу керек. Мұндай өзгерістерді іске асыру үшін мен мектептегі директор басқару рөлін өзгеріске бағыттап, оны кеңейтуі керек. Соның нәтижесінде, оқыту мен оқу туралы барынша хабардар болып, мектептегі барлық мұғалімдер анағұрлым тиімді жұмыс істейтін болады. Көшбасшылық дағдысы қалыптасқан мектеп көшбасшысы мектепті тиімді басқара отырып, тәлімгерлік, коучинг үдерісін үздіксіз және ұдайы жүргізгенде ғана нәтижеге қол жеткізетініне сенімдімін.

Мектеп басшысы және мектептегі мұғалім көшбасшылары үшін ең күрделі мәселе: ол - қағидатты тәжірибеге көшіру, абстрактілі негіз құрып, ынтаны тәжірибеге айналдыру болып табылады. Осының салдарынан, мектеп басшысы ретінде ынта мен тәжірибенің барынша сәйкес келу мүмкіндігін арттыру мақсатында бірқатар стратегияларды қолдануы қажет. Яғни, басымдықтарды белгілейміз, ресурстарға көңіл бөлеміз. Қызметті күшейтіп, қызметкерлерді ортақ мақсат үшін жұмыс істеуге жұмылдырып, күтілетін нәтижелер мен қорытындылар жайында келісіп, әлемдегі өзгерістерге сәйкес, мекеменің бағыттарын бағалап, өзгерту жолдарын тиімді стратегия арқылы мектептің дамуына өз үлесін қосады деуге келеді.

Қазіргі күні мектеп мұғалімдері мен оқушыларының бойындағы өзгерістерді байқаудан басталады. Мектептегі және оның материалдық базасын дамытуға арналған нақты жоспар мен тұжырымдаманы жасап, енгізу үшін басқалармен, яғни көшбасшы мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істеу керек. Тиімді және қауіпсіз оқу ортасын құру және ресурстарды оңтайлы пайдалану мақсатында мектептің қызметкерлері әдістерді тиімді пайдалануына мүмкіндік жасау керек. Мектеп ұжымымен, ата-аналармен және басқалармен тиімді ынтымақтастық орнату арқылы табысты орта құруға ұмтылуы тиіс.

Мектеп көшбасшысы ретінде мұғалімдердің бойындағы көшбасшылық қасиеттерді тәлімгерлік үдерісі арқылы дамытуға болады. Өйткені, көшбасшы мұғалім – тәжірибелер мен ақпарат көзі. Ал мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық, бұл - мектепті жетілдіру мен өзгертудің кепілі. Жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа технологияларды орынды пайдалануға, жұмыста шығармашылық танытуға ықпал ету мақсатында іс-әрекет жасауы қажет. Курста мектепті басқару стильдерін меңгеруі, басқару дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

Қорыта айтқанда, бүгінгі директордың кез-келген әрекеті ұжымның жұмысының ілгерілеуіне септігін тигізері анық, тек бойында арнайы қабілеттер мен біліктіліктің жоғары дамуына негізделеді.


3. Басшының және қызметкердің этикалық қарым-қатынас «кодексі»:

  • Құзыреттілік және кәсіпқойлық

  • Адалдық және алаламаушылық

  • Жауапкершілік

  • Ашықтық

  • Адам тұлғасын құрметтеу

  • Жұмыс уақытында қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты емес істермен айналыспау

  • Әріптестеріне өзінің нашар көңіл-күйін көрсетпеу

  • Бейпіл сөздер айтпау, сабырсыздық пен агрессия білдірмеу

  • Өзінің дөрекі әрекеті үшін әрдайым кешірім сұрау

  • Білімімен және тәжірбиесімен бөлісу

  • Сыпайы және әдепті болу

  • Пікірлерін назарға алу

  • Жеке немесе кәсіби қасиеттерін талқыламау

  • Құпиялылық, сыр шашпау

  • Кәсіби имиджін қолдайтын іскерлік стильді ұстану

  • Корпортативтік мәдениетті қалыптастыру, яғни жақсы нәтиже көрсеткен қызметкерлерді марапаттау

  • Мүдделер қақтығысын анықтау және оны барабар реттеу, яғни кәсіби қызметін адал және жете ұғыну

  • Туындаған қақтығыстарды заңды мүдделерді ескере отырып, шешілуі үшін бар күш-жігерін салу

  • Нәсіліне, тіліне, діни көзқарастарына, жыныстық, мәдени және ұлттық тиесілігіне қарамастан дұрыс қарым-қатынасқа түсе білу

  • Басшылықтың орынды нұсқаулық беруі

  • Бұйрықтың бұлжтыпай орындалуы

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Сухомлинский В. А. Коллективтің құдіретті күші. Алматы, Мектеп, 1979.

2 Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М. – Алматы, Дарын, 2004. -448 бет.

3 Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика: Университет студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2002, -384 б.

4 Құлшанова С. А. Мектеп педагогикасы: Оқу құралы. – Алматы: ҚМҚПИ, 2005, 189 бет.



5 ғаламтор желісі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет