Сөж тақырыбы: Психология салалары Орындаған: Айнанкызы Анеля экж-912 Тексерген: Байдүйсенова Ш. Б



Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#83388
Байланысты:
psihologiya-salalary

СӨЖ Тақырыбы: Психология салалары Орындаған: Айнанкызы Анеля ЭКЖ-912 Тексерген: Байдүйсенова Ш.Б.

Мазмұны

Психология

  • Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік құрылымның сыртқы ортаны пайымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Жалпы психология

  • Жалпы психология – психологияның бір саласы ретінде психологиялық зерттеулерді жалпылай көрсетеді. Психиканың даму, қалыптасу тарихын тереңнен зерттейтін бұл сала философия, социология деген ғылымдармен тығыз байланысты.
  • Жалпы психологияның теориялық негізі – психология тарихын, психологияның негізгі мәселелерін тану, негізгі танымдық процестерін зерттеу.

Дифференциалды психология

  • Дифференциалды психология – психологияның негізгі бір саласы ретінде адамдар арасында топтық, этникалық айырмашылықтарды айқын көрсетеді.
  • Ол жеке айырмашылықтарды жүйелеп, баға береді.
  • Уильям Штерн бірінші болып жекелеген адамдар арасындағы айырмашылықтарды зерттеп, концепция құрастырған. 1990 жылы жарық көрген.

Уильям Штерн

  • Неміс психологі, тұлға психологиясының атасы, философ.

Дифференциалды психология мәселелері

  • Жекелеген ерекшеліктерді анықтау.
  • Олардың шығу тегін түсіндіру.
  • Анықтау әдістері:

    Интроспективті – субъектілік тәжірибеге сүйенеді;

    Экстраспективті - өлшеніп, тесілген объективті тәжірибе.

Қоғамдық психология

  • Қоғамдық психология – адамның қоғамдағы жүріс – тұрысын, өзін - өзі ұстай алу қабілетін зерттейді.
  • Адам қоғамда өмір сүргендіктен әр түрлі қарым – қатынас иесі атанады. Әр адамның қызығушылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамнан орын табуды баян ететін психология саласы болып табылады.
  • Көшбасшылық қасиеттері бар тұлғалар психологиялық жағынан басқаларға қарағанда мықтырақ болып келеді. Сол себепті де қоғамның белді мүшесіне айналады.

Салыстырмалы психология

  • Салыстырмалы психология – психиканың даму тарихымен айналысатын сала.
  • Адам мен жануар психикасын, олардың филогенездік даму сатыларын, тарихи – қоғамдық жүйелерін қарастырып, салыстырады.
  • Адам психикасы – объективті дүниені субъективті дүние түрінде бейнелендіргіш. Ол қоғамдық – тарихи тәжірибемен тексеріліп, құпталған дүниені бейнелендіруге қатысушы болып табылады.

Озін - өзі зерттеу – психологияның негізі.

  • Озін - өзі зерттеу – психологияның негізі.

Психология әлі зерттеуді көп талап ететін ғылым. Сондықтан да лабиринт сияқты жаңа қырлары ашыла береді. Бұл – болашақтың еншісінде.

Қорытынды

  • Психология салалары көптеген бөліктерден тұрады. Ең маңыздылары осы көрмеде аталып өтілді.
  • Психология – адам психикасының ерекшеліктерін, санасының пайда болуын қарастыратын, оларды анализдік, синтездік әдістер арқылы зерттеуші ғылым.
  • Ол барлық қоғамдық ғылымдардың негізі.

Әдебиеттер тізімі

  • Ю.В. Щербатых Общая психология. — Питер, 2008.
  • Дмитриева Н.Ю. Общая психология. Конспект лекций. — Эксмо-Пресс, 2008.
  • Интернет беттері: Википедия


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет