Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: С. Бақырғани кітаптарындағы пайғамбарлар, имандылық, адамгершілік мәселелерін оқытып-үйретудің маңызы.
Орындаған: Тауекел Ажар
Тексерген: Сағындық Нұрлан Берікбайұлы
Алматы 2022
Сүлеймен Бақырғани (ХІІ ғ.) – ақын, ойшыл, ғұлама Сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын. Ясауидің атақты төрт шәкіртінің бірі, халық арасында «Әкім ата» деген атпен белгілі Сүлеймен Бақырғани сопылық поэзияны жалғастырып, діни хикметтер жазған және ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке үндеген.
Бақырғанидың жазған бірнеше даналық сөздері біздің заманымызға дейін жетіп келді. Оның қаламынан туындаған “Ақыр заман кітабы”, “Миғражнама”, “Бибі Мариям”секілді шығармалары сопылыққа ден қойған дәруіштердің қолдан тастамайтын негізгі діни кітаптарына айналған «Ақырзаман»дастанының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің күресі, ақырзаман белгілері, махшар күні мен Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. Ал «Бибі Мәриям» дастанында ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ.с.) үмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ұсталған.
Шығарманы ежелгі дәуір әдебиетіне тән Аллаға мадақ айтудан бастап, соңында автордың өзі туралы мәлімет беруі, кейіпкерлердің аса мінсіз болып суреттелуі, сұлулықты асыл тастарға теңеу сияқты дәстүрлер Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан да байқалады. Бақырғани бұл еңбектері арқылы шығыс халықтарының тұрмысы мен тыныс-тіршілігі, тарихы мен мәдениетін танымал ете түседі. Еңбектерінде этика мен эстетика мәселелері талданып, адамзат рухының гармониясы айқындалады. Ол әсемдіктісуфизм тұрғысынан қарастырады:
-2- Арада бірнеше ғасырлар өтсе де, ақын мұрасы кейінгі ұрпақ тарапынан бірнеше рет көшіріліп, атадан балаға жеткізіліп отырған. ХІХ ғасырға дейін аман-есен жеткен оның хикметтері Қазақ қаласында баспахана ашылған соң, онда жиі-жиі жарық көріп тұрды. Қолда бар деректерге қарағанда, Бақырғанидың “Ақыр заман кітабы” алғаш рет Қазақ университетінен 1846 жылы жарық көрсе, содан кейін түркі тілдерінде ұзын саны он алты рет баспа көріпті. Өкінішке орай, кезінде осындай сұраныспен жарық көрген ақын еңбектері біраз уақыт бойына қайта шығуына тиым салынып, кітапхана сөрелерінен алынып тасталды. Бірақ, шынайы ақиқаттың жерде жатпайтынындай, Бақырғани хикметтері араға бір ғасырға жуық уақыт салып барып, қайта жаңғыра бастады.
Орта ғасырлық шайырларда өз аттарын шығарудан бұрын, өздерінің туған жерінің даңқын өсіруді қалаған жақсы қасиет болған. Қожа Ахмет Иасауи, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йугнеки, Бурхануддин Рабғұзи, Сейф Сараи секілді ақындар есімдерінің соңында арабтың қатыстық сын есіміне жалғанатын “и” дыбысын қабылдап тұрған Иасауи, Баласағұни, Йугнеки, Рабғұзи, Сараи деген аттар олардың қай жерден шыққанын анықтап тұр. Сүлеймен Атаның атымен қабаттаса жүретін Бақырғани деген атауға қарап, оның Бақырған қыстағында дүниеге келгенін аңғаруға болады. Бірақ, осы күнге дейін ақынның қашан әрі қай жерде туылғаны туралы ғылымда бір пікір қалыптасқан жоқ. Мысалы, “Оңтүстік Қазақстан. Шығармашыл зиялылар” деген кітапта ақынның туған жерін: “Хәкім Атаның туған жылы белгісіз. 1186 жылы Хорезмде қайтыс болғанымен туған жері Түркістан қаласының іргесіндегі Өзгент шаһары (Бұл күндері Жаңақорған ауданының кеңшары)”,-деп берсе, Ташкенттен шыққан жинақта: “Ол Хорезмнің Бақырған деген кентінде туылып (туылған жылы анық емес), 1186 жылы дүниеден өткен”, — деген мәлімет келтірілген. Ал, “Қазақ совет энциклопедиясында” ақынның Арал теңізіне таяу, Қарақалпақыстан жеріндегі Қоңырат қаласының үстірт жағындағы темір жазығында туылғаны, Түркістан, Сайрам, Үргеніш сияқты кенттерден білім алғандығы хақында дерек келтірілсе , «Түркістан» халықаралық энциклопедиясында оның дүниеге келген жері Қарақалпақыстандағы бұрынғы Бақырған қаласы деп берілген.
-3-
Сүлеймен Бақырғани өз заманында Хәкім Ата лақабымен танымал болған. Оның аты-жөні Қазаннан шыққан кітаптарының кейбірінде “Хәкім ата кітабы” болып жазылса, кейде “Бақырған кітабы” деп те беріледі. Ақын өзі туралы хикметтерінің соңында бұл жолдарды жазған “Құл Сүлеймен сөйледі, Сырын халықтан іздеді” деп, “Құл Сүлеймен” деген қолтаңба қалдырса, кейбір даналық сөздерінде “Хәкім Сүлеймен құл-дур, сатып жесін дәруіштер” деп, “Хәкім Сүлеймен” екендігін айтады. Ақынның атымен қосарлана жүретін “Хәкім” лақабының сырын Әлішер Науаи: “Хәкім ата — аты Сүлеймен. Қожа Ахмет Иасауидің мүриді. Бір күні Қожа тамақ пісіруге әмір бергенінде, аспаз отын жетпейді депті. Ол шәкірттеріне отын әкеліңдер деп жұмсағанда, жаңбыр жауып кетіпті. Шәкірттер отын теріп келгенінше жауынға малынып су болыпты. Хәкім ата терген отындарын тонына орап, құрғақ етіп әкеліпті. Қожа хазірет сонда: “Ей, перзент, хәкімдік іс қылдың”, —депті. Содан бастап, бұл лақап оған телініпті. Хәкім атаға содан хикмет тілі беріліпті”. Сонымен бірге, Бақырғанидың Хәкім лақабына қатысты осыған ұқсас тағы бір аңыз бар. Бір риуаятта даладан отын теріп келу оқиғасы Қызырдың Иасауиге қонақ болып келуімен байланыстырылады. Сүлейменнің тапқырлығына сүйсінген Қызыр оған “Бұдан былай лақабың Хәкім болсын. Жым жүрме, жақсылықты үгітте” деп батасын беріпті. Содан бастап, Сүлеймен хикметтер шығара бастапты.
Жоғарыдағы деректерде Бақырғанидың Хәкім лақабы отын теруменбайланыстырылған. Расында, оның хикметтерінің ішінен осы мәндес жолдарды кездестіреміз:
Ескі-усқын бөркім бар, сарық-сасық көркім бар,
Шайхым отунға айтса, бармасқа не еркім бар.
Туным отунға чулғаб, танам туыққа терлаб,
`Ишқдін мухаббат ізләб, Хизр Илийас атам бар, –
деген шумақта ақынның “Ұстазым отынға жұмсаса бармасқа, не шарам бар?” деген жерлер біздің ойымызды нақтылай түседі.
Бақырғани есімімен қатар жүретін “Ата” сөзі сопылық дүниетаныммен тікелей байланысты. “Хәкім Ата” лақабымен танымал болған ақын “Ата” титулын қартайғандығынан емес, қайта жасатайынан көреген болғандығынан алған. Қазақтың діни дүниетанымында әлі күнге Қошқар ата, Ибрахим ата, Исмаиыл ата секілді әулиелерге “ата” сөзін қолдануында өзіндік мәні бар. Себебі, тариқатқа кірген мүридті ақиқатқа жетелеуші ұстаз арабша “шәйх”, парсыша “пір” деп аталады. Бұл сөздердің тікелей тәржімасы кәрі, жасы келіп қалған адам деген мағына береді. Яғни, түркіше баламасы “ата”. Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат түркінде” бұл сөздің жасы келіп қалған кәрі адамға қарата айтылатыны жазылған. Ал, “Ата” сопылық дүниетанымда бұл “шәйх” пен “пирдің” орнын басатын, ақиқатқа жетелеуші рухани ұстаз.
Сүлеймен Бақырғани – өзінің машұқын іздеген ғашық адам. Осы жолда барша қиындықтарға щыдауға, жалындаған оттың азабына төзуге де дайын. Оның жер басып жүруіне де, ғашықтық себеп болған. Өмірінің бар мәні де, осы әлеммен тікелей байланысты. Басқалар ойын қуып, әлсіз шаһуаттың соңында жүргенінде, бұның көзіне жас алып, тентіреп жүруі де осы ғашықтықтың салдары. Бақырғанидың нәзік жүрегі қашан машұқын таппайынша зіркілдейді:
-4-
`Ашықдын сурмаңыз дунийа `уқба,
`Ашық мағшуқы учун хәрдәм уләдур.
`Ашықны куйдурур `ишқ уты,
`Ашықлар `ишқ утыға мубтәладур.
Осы жолдарды жазған ақын өмірінің соңына дейін ғашық болып өтті. Сүйіктісін іздеуде “дүние істерінен” бас тартты. Ғашығы үшін әр дәйім өліп, тірілді. Тариқат жолына ден қойған ғашықты ғашықтық оты өртеді. Соңында ақын “Ғашықтар бар, ғашықтық отына күйіп жанған” деп жар салды. Бұның сырын өзгелер тұрмақ, айналасындағы кейбір сопысымақтар да түсінген жоқ. Оның ғашықтық сыр дегенін, басқалар келекеге айналдырды. Ақынның айтып отырған ғашықтығы – мәңгілікке талпыныс, тар қапасқа қамалған жанды тордан азат етіп, шексіз махаббат дариясына ұшыру. Сүлеймен Бақырғани: “Ғашықтардан дүние ісін сұрамаңыз”, – деп жырласа, ұстазы Қожа Ахмет Иасауи:
`Ашық қуллар бу дунийаны кузгә ілмәс,
Дунийа `ишқын заһид қуллар тілгә алмас,-
деп, шын ғашықтардың дүние ісіне алданбайтындығын, діндарлардың оны ауызға да алмайтындығын айтқан. Себебі, дүние – Жаратушы мен жаралғанның арасындағы негізгі бөгет.
Бақырғанидың шығармаларында жеті буынды өлең өлшемдері молынан кездеседі. Көне түркі әдебиетінде, негізінен, жеті быннан тұратыны белгілі. Академик З.Ахметов жеті буынды өлең өлшемі хақында былай деп жазған: “Түркі тілдес халықтардың поэзиясында ежелгі заманнан қолданылып келе жатқан өлең өлшемдерінің ең көнесі — жеті буынды өлең. Үйткені ол — түркі тілдес рулар мен тайпалардың көне заманнан сақталған поэзиялық үлгілерінде кеңінен тараған өлшем.
Сүлеймен Бақырғанидың шығармаларында да Қожа Ахмет Иасауидің хикметтеріндегідей, о дүниенің азабынан шошу, қияметтің қаһарынан қорқу секілді діни сенімдер басты назарға алынған. “Болса қияметтің күні, сұраса Құдай онда менен, “Қылған амалдарың қані?” Білмеймін, хәлім не болар”, — деп жырлаған ақын Алла дидарын көру үшін күні-түні Хақтың зікірінде болу керектігін “Құл Сүлеймен білдің бұл күн, қыл ғибадат түні-күн” деген жолдармен берген. Оның ойынша, Жаратқанның дидарын көру – кез-келген пенденің маңдайына жазбаған. Ақын Хақ жамалына ынтықтарды таң сәріде тұрып құлшылық жасауға, Оның атын бірнеше рет қайталап зікір салуға шақырады. Бақырғанидың түсінігінше, күн шықпай тұрып өтелген құлшылық амалдардың ең абзалы. Сол кезде жасалған ғибадатты “Балдан тәтті дәмі” деп ерекше суреттеген. Көңілде егер қиямет күніне деген қауіп-қатер болса, оның шипасы таң сәрідегі мінажатта екені баса айтылады. Ерте тұрған адам “тұрғанға болар рахат, ашылар дәулет-сағадатқа” оңай кенеледі.
Сүлеймен ата Алланың азабынан қаншалықты қорықса, Оның мейірімінен де соншалықты үміткер. “Үмітсіз шайтан” деген тіркесті басты қағида деп санаған ақын, жатса-тұрса Жаратқанның «Рахман» атты мейірімінен үмітін үзбейді”. Ол – “Қаһһар атты ғазабынан қорқып, Тәңірге сыйынушы”. Өзін алдамшы бұл дүнеде “Жолбасшысыз қалған керуенге, Із жоғалтқан қолбасшыға” теңейді. Бірақ, Алла, әрқашанда, шын көңілмен ғибадат еткендерге мейірімді. “Кешір мендей азғанды, жолға салғың жазғанды, мендей жолсыз кезгенді, жолға салғың Тәңірім”, — деп үздіксіз мінажат етеді. Осы уақытқа дейін адасып, теріс жолда жүрген ақын өмір бойына істеген істеріне
-5-
өкінеді. Күнәлардың кешірушісі, тек, Жаратушы екенін айта келіп, ақын:
Момын қуллар иңрайу Хақ йадыны қуйарму,
Тун-кун Раббын сәнасын айтыб һаргиз туйарму? –
деп, Алла атын көп айтқандар дозақ отына күймейтінін жеткізеді. Оған мысал ретінде, “Намруд оты Халилгә, ешуақытта, зийан болмады”, – деп, Құрандағы Ибраһим пайғамбар мен Намруд патша оқиғасына сілтеме жасайды. Бақырғани “Алла деген пенделер, дозақтың ішінде күйер ме?”, — деп сұрақ қояды да, артынша өзі “Алла деген пенделер тамұқ ішінде күймегей”, — деп қайта жауап беріп отырады. Егер “Дәруіш Алла демесе, дүниені тәрк етпесе, Жолға қадам қоймаса”, — Жаратқанның алтын тәжін кие алмайды дейді ақын.
Ақынның айтыс жанрына құрылған шығармаларының қатарына рух пен Ібілстіңтартысын да кіргізуге болады. Оның бұл хикметі рух пен нәпсі айтысына қарағанда ерекше жазылған. Мұнда әр екі жол сайын “ман айтурман мізаллаһ” деген сөз кезекпен қайталанып отырады.
Шығарамада жан: “Алла, Алла”, – деп құлшылық етсем, содан рахат табармын” десе, Ібіліс оған қарсы шығып, оның ғибадат етуіне наразылық білдіреді. Жан бір сөз айтып болмай тұрып, артынша Ібілістің тез жауап қайтаруынан, әзәзілдің адам баласына өте жақын жүретіндігін ақын өте әдемі жеткізген.
Сүлеймен хәкім хикметтерінің ішінде хикаялы, діни қиссаға құрылған жыр-жолдары да кездеседі. Ақын бұл шығармалардың сюжеті мен кейіпкерлерін қасиетті Құраннан, пайғамбарлар өмір тарихы хақында жазылған “Сияр”кітаптарынын алған. Бақырғани Алла елшілері туралы қызықты хикаяттар келтірген. Қарапайым халықтың біле бермейтін тұстарын ол өлең сөзбен жеткізіп отырған.
Оның қаламынан туған шығармалардың ішінде ең тартымты жазылғандарының бірі – “Мәриям” атты дастан. Мұндағы негізгі кейіпкер – Иса пайғамбар. “Таһа” сүресінің 16-35-ші аяттарында Алланың бұл елшісі туралы біраз мәліметтер берілген. Онда Мәриямның болашақ пайғамбар – Исаны қалай дүниеге әкелгендігі, әрі ол баланы қаумының қалай қабылдағаны жан-жақты сөз болған. “(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Мәриямды айтып бер. Сол уақытта ол, тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды. Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған едік. Сондай-ақ оған рухымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде кездесті. (Мәриям): “Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сыйынамын” деді” (“Таһа”, 16-19 аяттар). Қасиетті кітапта Алла Мұхаммед пайғамбарға Мәриям оқиғасын “Уәзкур” яғни “айтып бер” деп ерекше тапсырма берген болатын. Бақырғани шығарманы жазбастан бұрын осы жағына баса назар аударған секілді. Ақын Құрандағы жағдайды толық баяндап қана қоймастан, сонымен бірге, өз жанынан қосып, дастанды жетілдіріп отырған. Шығармада негізінен, Исаның анасы Мәриямды жоғалтуы ұзағынан сөз болады.
Дастанда Исаға төрт кітаптың бірі – Інжілдің түскендігі, оның пайғамбарлардың сардары, әулиелердің ұрпағы болғандығы ерекше суреттелген. Оның өте діндар болып, тәркідүниелікке барғандығы, соның арқасында күндіз ораза ұстап, түнде ұйықтамастан намаз оқығандығы да шығармада берілген. Ақын Исаның Алла берген кереметінің арқасында ауруларды емдегенін мына жолдармен жеткізген:
-6-
Достарыңызбен бөлісу: |