Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Нарық – өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше түрі. Ол өндіріс пен тұтыныстың арасындағы баланстылықты қамтамасыз етеді. Бұл баланстылық сыртқы құбылыста сұраныс пен ұсыныс арасының сәйкес болуы ретінде байқалады. Себебі сұраныс пен ұсыныс арнайы – өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың нарықтық түрі болып келеді және олар өндіріс пен ұсыныстың ара қатынасы түрінде де кездеседі.