Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: “XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті”
Орындаған:113 ЖМФ студенті
Кенжетаева С. Т.
Тексерген: Абдрахманова К. Ж.
Қарағанды, 2010
Жоспар:
Мәдениет
Музыка және балет өнері
ХХ ғасыр мәдениетінің өкілдері
ХХ ғ қазақ әдебиеті
Ахмет Байтұрсынов
Мұхтар Әуезов
Әлихан Бөкейханов
Қорытынды
Мәдениет
Мәдениет (араб. “маданият”) – қала, қалалық; лат. Cultural – өңдеу, өсіру) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі; 4) агромәдениет.
Мәдениеттің мақсаты – адам бойындағы ойлау, пікір айту, пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту.
Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы, онда қоғам мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған.