Мал үстіне қонған шыбынды күнделікті инсектицидтермен жойып отырады. Мүндайда шыбын саны жайылымда бірте-бірте азая береді. Ол үшін жануарларғ^ 2% ДДВФ, циодрин және метанион эмульсияларын әр малға 25-30 мл мөлшерінде шашады. Дәріні бүріккіш арқылы жануарлардың арқасына, мойнына, басына ғана бүркеді. Бүл дәрілер тері арқылы денеге сіңбейді, яғни сүт қүрамына енбейді, сондықтан сауын сиырларды да дәрілеуге болады. Жаз айларында, арасына 2-3 апта салып, осылай 3-4 рет бүркіп дәрілеудің өзі жеткілікті.