Тақырып: Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруы: осы тақырып бойынша жоспар немесе бағдарлама жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: Бұл мәселе бойынша дайындалу үшін «Қазақстан – 2030», «Қазақстан - 2050», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Жұмыспен қамту - 2020», «Қолжетімді баспана - 2020» с.с. т.б. негізгі мемлекеттік бағдарламалармен танысу қажет. Мәселені қарастыру барысында әрбір бағдарлама алдына қандай маңызды міндеттердің қойылатынына,әлеуметтік бағдарламаларды бекіту, экономикалық оңалту және халықтың неғұрлым осал топтарын әлеуметтік қолдау жасау арқылы мемлекет адам әлеуетінің тұрақты дамуын, өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуды қамтамасыз ететініне назар аударыңыз.