ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет1/3
Дата24.04.2017
өлшемі276,5 Kb.
#15055
  1   2   3

ПОӘК 042-18.1.28/03-2015


11.09.2014 жылғы

№ 2 басылым



36 беттің -шісі







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ3 дәрежелі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.28/03-2015

ПОӘК

Оқу-әдістемелік материалдар

«Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыст» пәнінен

№2 баспа


11.09.2014 ж.,

№1 баспа орнына

5.09.013ж.



«ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыс»

5В010100 «Мектепке дейінгі оқөыту және тәрбиелеу»

мамандықтарына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014


Алғы сөз
1ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы: «12» 05.2015 ж. Р.Х.Кошкимбаева п.ғ.магистрі,

аға оқытушы, кафедра педагогикалық психология

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды
Хаттама № 9 «12» 05.2015 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Г.К.Джумажанова

2.2 Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды


Хаттама № 6 «14» 05.2015 ж.
Төрайымы _________________ Т.Ш.Ахметова

3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама № 6 «11» 06.2015ж.


ОӘК төрайымы________________ Г.К.Искакова

4  Баспа №2 11.09.2014 ж.



Мазмұны


1

Глоссарий

4

2

Дәрістер

8

3

Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

16

4

Курстық жұмыс (жоба)

-

5

Білім алушылардың өздік жұмысы

20


1 ГЛОССАРИЙ

Әдіс (метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдерді тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие мен оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі.

Әдіскер (Методис) –оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті- пәннің оқытылу жағдайын бақылайды: озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.

Әдіснама (методология; грек methodos- зерттеу жолы, теория, ілім және ...логия) - 1) ғылыми таным әдісі, 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдіс, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру, 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдістеме (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке пәндерден берілетін юілім көлемі мен маөмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зиялық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі Білім беру ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудын өсіп, өрбіп, белгілі, бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді.

Оқу (Учеба) – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында О. Оқытумен өзектес жүреді. О. Оқушының ақыл-ой (байқау, оқу, тапсырма орындау, т.б.) және дене (шеберханада, мектеп жанындағы үлескіде жұмыс істеу, т.б.) жұмысының жиынтығын бейнелейді.

Оқыту, Оқу (Обучение) – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгеру процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы.

Оқыту әдісі, үйрету әдісі (Метод обучения) – білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты жүйелі әрекет жүйесі.

Әрекет – дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.

Еңбек – адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.

Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекеттің бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы.

Икемділік – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады.

Адаптация – сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыртын құбылыс. Адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетеді.

Білім беру-жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі

Білім беру-адам, қоғам,мемлекеттік мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі

Білім беру(образование)-жүйеге келтірілген білім ,білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі , оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты , білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту б ілім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.

Білім беру әдістемесі(методика образование)-ғылыминегізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері,, жүйесі осының арқасында оқушының дуниеге көз карасын қарастырып алған білімдерін тәжірбие жүйесі осының арқасында оқушыеның дүниеге көзқарасын қалыптастырып алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру

Білімді адам- өмірге бейімделген, белсенді,шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам.


  1. ДӘРІСТЕР


2 ДӘРІСТЕР

Тақырып. «Қазіргі балабақшада әдістемелік жұмыстың ерекшеліктері»

Дәріс жоспары:

1.Балабақшада әдістемелік қызметтің мақсаты мен артықшылығы.

2. Әдістемелік жұмыстың мақсаты мен ұстанымдары

3. Әдістемелік қызметтің атқаратын қызметтері.

4. Оқу мекемесінде әдістемелік жұмыстың мазмұны.

5. Әдістемелік жұмыстың оқу мекемесінде жоспарлануы мен тиімділігінің шарттары.

6. Әдіскердің қызметінің мазмұны.



Лекцияның қысқаша мазмұны:

Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыс —бұл тұтас, ғылымның табыстарына негізделген, озық тәжірибе және оқу-тәжіребелік үдерістің нақты анализында іліктес шараның жүйесі, әрекеттің және іс-шаралардың, педагог пен тәрбиешінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігінің көтермелуіне негізделген, педагогикалық ұжымның дамуы мен шығармашылық әлуетінің көтермеленуі, сонымен қатар білімнің және тәрбиеленушінің дамуының үйлесімді деңгейінің табысына негізделген.

Әдістемелік жұмыс оқу жылына жоспарланып, екі айда бір отырыс жүргізіледі. Онда озат мұғалімдердің іс – тәжірибелері, ашық сабақтар талқыланады, сабақтың түрлері, дөңгелек үстел, сыныпаралық сабақтастық қаралады.



Мектепке дейінгі әдістемелік қызметтің өзіндік ерекшеліктері бар:

  1. Курстық дайындықтан қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар, ең бастысы әр педагог өз кәсіби шеберлігін көтере алады және озық тәжірибені меңгере алады.

  1. Педагогтың біліктілігінің көтермелеуін тәрбиеленушінің оқу-тәрбиелік үдерістің нәтижелерімен, білім сапасымен, дағдылармен тығыз байланыстырады.

  1. Ұзақ уақыт аралығында нақты тәрбиешінің және педагогтың қызметін және жеке сапаларын тануға, сонымен қатар жұмыстағы қиындықтар мен табыстарды ашуға көмектеседі.

  2. Ұйым ішінде өтеді, сол ұжымның берекелігі қолайлы өтуіне жағдай жасайды.

  3. Әр педагог жылдық жұмыс жоспарын құруға қатысады, сонымен бірге бағдарламаның зерттемесіне көмектеседі.

  4. Сонымен қатар мамандарды даярлауда дұрыс бағалауға мүмкіндік береді, өйткені оқу-тәрбиелік жұмыспен тығыз байланысты.

Әдістемелік жұмыстың ұстанымдары:

  • Нысаналылық - негізгі бағыттар, көріністер және қызметтің формалары, оқу-тәрбиелік үдерістің мақсаттарымен анықталады.

  • Комплектілік - әдістемелік жұмыстың барлық мақсатының жүзеге асуында келісімді.

  • Перспективалы - болашақтың және әдістемелік жұмыстың жетілдіру жолдарының көрінуі.

  • Алқалылық - әдістемелік жұмыстың бірлігі.

  • Дәлдік және өзектілік - жұмыстың ашық және нақты жоспарлануы, ұжымның көкейкесті мәселелерінің есебімен.

  • Дифференциалдалған - мектепке дейінгі ұйымдардың тіршілік әрекетін және қолданыстағы мемлекеттік қалыпты ескере отырып жұмысты ұйымдастыру.

Әдістемелік қызметтің атқаратын қызметтері:

I. Ақпараттық-аналитикалық қызметі:

II. Жоспарлы-болжау қызметі

III. Ұйымдық-үйлестіктің атқаратын қызметі

IV. Үйренушілік қызметі:

V. Байқағыштық-диагностикалық қызметі:

Жұмыс формасы әр түрлі: семинарлар, тренингтер, іскер ойындар, педагогикалық технологиялардың аукционы, презентациялар, ашық сабақтар т.б;

  • консултациялы-ақпараттық – балабақшаның дамуы және білімге байланысты сұрақтарға қатысты құжаттарды тексеру.

Жұмыс формасы әр түрлі : семинарлар, шығармашылық топртардың жұмысы т.б;

  • диагностика-аналитикалық – оқу-тәрбиелік үдерістің мониторингі.

Негізгі жұмыс формасы : диагностика, анкета, тест және т.б

  • статистикалы-аналитикалық – тәрбиешіге көмек ретінде байқау, анализ және болжау формаларын құру.

Жұмыс құрылымы:

  • мектеп алды мекемесінің мақсаты мен міндеттері және оның дамуы;

  • нормативті-құқықтық құжаттармен танысу;

  • педагогикалық және психологиялық білімі және оларды қолдана алуы, басқа ғылымдарды зерттеу;

  • диагностикалық анализ деректері (оқу үдерісі жайлы күй, оқушылардың даму деңгейі, олардың денсаулығы және физикалық дамуы, педагогтардың кәсіби өсуінде)

  • мектеп алды мекемесінің оқу практикасында және әдістемелік қызметте жаңа әдістерді, оқытудың түрлері мен формаларын, тәрбиелеу және жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.

Оқу мекемелерінде әдістемелік жұмыстың құрылымы:

  • Қоғамның әлеуметтік үдерімстерінің теориясы мен практикасың терең зерттеу;

  • Жаңа әдістерді меңгеру;

  • Нормативтік құжаттармен танысу;

  • Ғылыми ашылымдармен танысу;

  • Балаларды оқыту мен тәрбиелеу жайлы психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен танысу;

  • Басқа мамандардың озық тәжірибелерімен танысу.

Негізгі ұғымдар: әдіс, әдістемелік жұмыс, жоспар, ұйымдастыру.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Балабақшада әдістемелік жұмыстың мақсаты мен мәні.

  2. МДҰ әдістемелік жұмыстың міндеттері.

  3. Әдістемелік жұмыстың функциялары.

  4. МДҰ әдіскер жұмысының мазмұны.

  5. МДұ жоспарлау және ұйымдастыру.

Әдебиеттер:

1. Детский сад / под ред. Тарасовой Л.П. – М., 1997

2. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

3. Буре Р.С., Островская Воспитатель и дети. – М., 1979
Тақырып. «Бақылау және жоспарлау - әдіскердің негізгі іс-әрекеті».

Мақсаты : Мектеп алды ұйымдардағы тәрбиешілердің негізгі мәндеттері жайлы түсінік беру. Мектепке дейінгі ұйымдағы оқытудаңы бақылау мен жоспарлау ерекшеліктерін ашу.

Жоспар:

1.Жоспарлау түсінігі және оның тиімділігі.

2.Педагогикалық анализ және түрлері.

3.Анализдың жасау әдістемесі.

4.Мектеп алды оқыту жұмысын жоспарлау.

5. Бақылау кезінде әдіскердің негізгі іс-әрекеті.

6.Бақылау түрлері.

Лекцияның қысқаша мазмұны:

Жоспарлауоқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу, ол ең басты функция болып табылады. Жоспар жазу – бұл жұмыстың ең соңғы деңгей.

Жоспар құру - ол дегеніміз мектеп алды мекеменің міндеттерін анықтау, ең басты бағыттарды айқындау керек. Жоспар қысқа, нақты және айқын болу керек.

Жалпы білім беру мекемелерін жоспарлау - мектеп басшысының қабылданған іс - әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы. Жоспарлаудың ерекшелігі: өткен жұмыс қорытындысы, қазіргі және келешекті бағдарлау. Білім берудің өзекті мәселелері бойынша жоспардың үлгісін жасап, оны педагогикалық ұжымда талдау, түзетулер енгізу қажет, сонымен психологпен кеңесе отырып, зерттеу жұмыстары бойынша жеке тұлғаның даму деңгейіне, педагогикалық ұжыммен, мектеп ортасымен өзара қарым – қатынас,оның ұжымдағы, топтағы әлеуметтік статусы басты назарда ұсталынады.Жалпы білім беру мекемелерін жоспарлау және дамыту барысында Қазақстанның білім беру жүйесіндегі мемлекеттік құжаттар, білім стандарттары және тұжырымдар басшылыққа алынады. Оқу – тәрбие үрдісін ғылыми негізде басқару әдісі қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін,оқушының білім сапасы, білім беру мазмұны, материалдық – техникалық база, мамандар құрамы, ата – аналармен байланыс бойынша анықталады.

Педагогикалық аналиссіз ғылыми тұрғыда педагогикалық ұжымда міндеттерді айқындауға, жоспарлауға, жобалауға, ұйымдастыруға болмайды.

Мектепке дейінгі оқыту мекемелеріде әдістемелік жұмысты анализдеу үшін, оның критериилерін айқындау керек. Әдістемелік жұмыс педагогикалық үрдістің құралы ретінде қарауымызға байланысты оның ғылыми еңбектерде критерийлері анықталған.


Әдістемелік жұмыстың басты критериилерімен танысқаннан кейін, мынадай қорытындыға келуге болады: әдіскер аналитик болуы керек.

Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. 

Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек.

Педагогикалық анализ 3 түрден құралады: оперативті, тематикалық, қорытынды.



Мектеп алды мекемесінің әр жылға жұмыс жоспары – бұл өте ауыр жұмыс, дайын жоспарды алуға болмайды, жылдық жұмыс жоспары ол мектеп алды даярлық мекемеге жекелей индивидуалды және ұжымның ерекшелігіне байланысты құрылу керек.

Жоспар әр түрлі күйде көрсетілуі мүмкін : текстік және графикалық.



Бекітулі жылдық жоспар - жоспардың барлық сырттың көріністері үшін негіз. Қорытынды функция ретінде – бақылау. Мақсаттың табысын қамсыздандыратын үрдіс ретінде қарастыруға болады.

Негізгі ұғымдар: жоспар, бақылау, талдау.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жоспарлау түсінігі және оның тиімділігі.

2.Педагогикалық анализ және түрлері.

3.Анализдың жасау әдістемесі.

4.Мектеп алды оқыту жұмысын жоспарлау.

5. Бақылау кезінде әдіскердің негізгі іс-әрекеті.

6.Бақылау түрлері.
Әдебиеттер:


  1. Детский сад / под ред. Тарасовой Л.П. – М., 1997

  2. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 200

  3. Бахтурина Л.А., Васильева А.И., Кобитина И.И. Старший воспитатель детского сада. М., 1990.

  4. Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ: методическое пособие.М., 2004г.

  5. Белая К.Ю. 200 ответов на вопросы заведующей. М., 1997.

  6. Белая К.Ю.Руководство ДОУ: контрольно-диагностическая функция. М., 2003.

  7. Скоролупова О.А. Контроль как один из этапов методической работы в дошкольном образовательном учреждении. М., 2003 г.

  8. Скоролупова О.А. Тематический контроль в дошкольном образовательном учреждении.М.,2004г.


Тақырып. Әдістемелік жұмыстардың формалары.

Жоспар:


  1. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын белсенді әдістердің бөлінуі.

  2. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын жекелей әдістер.

  3. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын топтық әдістер.


Дәрістің қысқаша мазмұны

Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын әдістер:

  1. Жекелей (өзін өзі қалыптастыру , жекелей кеңес, біліктілігін арттыру т.б.)

  2. Топтық(Педагогикалық кеңес,семинар,практикум,консультациялар, шығармашылық микротоптар,ашық көрмелер,ортақ тқырыппен топтық жұмыс, іскерлік ойындар)

Кеңес беру-Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысының әдістерінің бірі. Қазіргі уақытта көп қолданысқа ие. Кеңес беру жекелей және топтық күйде өтеді. Кеңес беруде педагогтардың өзекті мәселелері талқыға салынады. Кеңес беруді аға тәрбиеші, әдіскер , психолог өткізеді

Негізгі әдіс: Дискуссия

Семинар – практикумМектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмыстың ыңғайлы әдісі болып табылады.



Семинар — практикалық оқу сабақтарының бір түрі. Тақырыптың тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Ал маңызы мен мақсаты семинардың тақырыбына байланысты .

Семинардың басты мақсаты – болашақ тәрбиешілерге балабақшадағы тәрбиеленушілердің және тәрбиешілердің портфолиолары жайлы толық мағлұматты бойларына қалыптастыру.

Ашық көрме - Мақсаты :

  1. Тәжірибе алмасу жарнамасы

  2. Пеагогтарға баланы оқыту мен тәрбиелеу әдістерін оқытады.

Бұл жерде педагогтар озінің шығармашылық тұрғыда көрсетеді. Озінің шығармашылықпен орындаған жумыстарын көрмеге қояды

Іскерлік ойын - бұл имитация әдісі ( бейнелеу, ұқсастыру) әртүрлі жағдайдарда басқа рушылық әдісін қолдану. бұл әдіс озінің позитивке толылығымен ерекшеленеді.





Дөңгелек үстел: Педагогтардың қарым-қатынасының бір түрі.

Бұл кезде мектепке дейінгі балалрды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері талқыланады.

Ұйымдастырушының мақсаты; ортаға салынған мәселені талқыға салып бір шешім шығару.

Педагогикалық және әдеби газетті ұйымдастыру:

Мақсаты : жұмыскерлерді біріктіріп оларды бір іске жұмылдыру.

Ата- аналармен тәрбиеленушілердің шығармашылық қаблеттерін көрсету.

Тәрбиешілер бала тәрбиеиесіне қатысты мақала, өлеңдер, ертегілер, оқиғалар жазады.

Мектепке дейінгі ұйымда қолданылатын әдістемелік әдістер:

Кеңес - бұл іс барысында пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын  жұмыс түрі.

Дискуссия (лат. discussio) - пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір сайысы қандай да болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер тобын біліктітұлғалармен бір мәмілеге келу үшін талқылау

Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін және презентацияны ойлап шығарып түсіндіру, слайд және презентация анықтамаларымен таныстыру.

Ойын -Жеке – қызмет түрінде білімді ,біліктілікті ,дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.



Тренинг әдісі- жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтай отырып,  белгілі бір білімді игерту

Конкурс- білім-денгейлерін немесе шығармашылығын сайыста байқау ұйымдастыру

Конференция- жиналыс теген мағына береді, топтардың , жеке адамдардың жиналып бір мәселені талдауын айтамыз

Негізгі ұғымдар: әдіс, форма, топ, жеке.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын белсенді әдістердің бөлінуі.

2.Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын жекелей әдістер.

3.Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын топтық әдістер



Әдебиеттер:

1. Детский сад / под ред. Тарасовой Л.П. – М., 1997

2. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

3. Буре Р.С., Островская Воспитатель и дети. – М., 1979



Тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысына оқытудың белсенді әдістері.

Жоспар:


1.Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын белсенді әдістердің бөлінуі.

2.Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын жекелей әдістер.

3.Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын топтық әдістер.

4.Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын әдістер.
Дәрістің қысқаша мазмұны

Кеңес беру-Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысының әдістерінің бірі. Қазіргі уақытта көп қолданысқа ие. Кеңес беру жекелей және топтық күйде өтеді. Кеңес беруде педагогтардың өзекті мәселелері талқыға салынады. Кеңес беруді аға тәрбиеші, әдіскер , психолог өткізеді.

Негізгі әдіс: Дискуссия

Семинар – практикумМектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмыстың ыңғайлы әдісі болып табылады.



Семинар — практикалық оқу сабақтарының бір түрі. Тақырыптың тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Ал маңызы мен мақсаты семинардың тақырыбына байланысты .

Семинардың басты мақсаты – болашақ тәрбиешілерге балабақшадағы тәрбиеленушілердің және тәрбиешілердің портфолиолары жайлы толық мағлұматты бойларына қалыптастыру.

Ашық көрме - Мақсаты :

  1. Тәжірибе алмасу жарнамасы

  2. Пеагогтарға баланы оқыту мен тәрбиелеу әдістерін оқытады.

Бұл жерде педагогтар озінің шығармашылық тұрғыда көрсетеді. Озінің шығармашылықпен орындаған жумыстарын көрмеге қояды

Іскерлік ойын - бұл имитация әдісі ( бейнелеу, ұқсастыру) әртүрлі жағдайдарда басқа рушылық әдісін қолдану. бұл әдіс озінің позитивке толылығымен ерекшеленеді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет