ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет2/3
Дата24.04.2017
өлшемі276,5 Kb.
#15055
1   2   3

Дөңгелек үстел: Педагогтардың қарым-қатынасының бір түрі.

Бұл кезде мектепке дейінгі балалрды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері талқыланады.

Ұйымдастырушының мақсаты; ортаға салынған мәселені талқыға салып бір шешім шығару.

Педагогикалық және әдеби газетті ұйымдастыру:

Мақсаты : жұмыскерлерді біріктіріп оларды бір іске жұмылдыру.

Ата- аналармен тәрбиеленушілердің шығармашылық қаблеттерін көрсету.

Тәрбиешілер бала тәрбиеиесіне қатысты мақала, өлеңдер, ертегілер, оқиғалар жазады.

Мектепке дейінгі ұйымда қолданылатын әдістемелік әдістер:

Кеңес - бұл іс барысында пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын  жұмыс түрі.

Дискуссия (лат. discussio) - пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір сайысы қандай да болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер тобын біліктітұлғалармен бір мәмілеге келу үшін талқылау

Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін және презентацияны ойлап шығарып түсіндіру, слайд және презентация анықтамаларымен таныстыру.

Ойын -Жеке – қызмет түрінде білімді ,біліктілікті ,дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.



Тренинг әдісі- жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтай отырып,  белгілі бір білімді игерту

Конкурс- білім-денгейлерін немесе шығармашылығын сайыста байқау ұйымдастыру

Конференция- жиалыс теген мағына береді, топтардың , жеке адамдардың жиналып бір мәселені талдауын айтамыз

Негізгі ұғымдар: әдіс, технология.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын белсенді әдістердің бөлінуі.

2.Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын жекелей әдістер.

3.Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолданылатын топтық әдістер.



Әдебиеттер:

  1. Детский сад / под ред. Тарасовой Л.П. – М., 1997

  2. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 200

  3. Бахтурина Л.А., Васильева А.И., Кобитина И.И. Старший воспитатель детского сада. М., 1990.

  4. Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ: методическое пособие.М., 2004г.

  5. Белая К.Ю. 200 ответов на вопросы заведующей. М., 1997.

  6. Белая К.Ю.Руководство ДОУ: контрольно-диагностическая функция. М., 2003.

  7. Скоролупова О.А. Контроль как один из этапов методической работы в дошкольном образовательном учреждении. М., 2003 г.

  8. Скоролупова О.А. Тематический контроль в дошкольном образовательном учреждении.М.,2004г.


Тақырып: Балабақшадағы педагогикалық кеңестер мен жиналыстарды өткізу.

Мақсаты: Педкеңесті өткізу және жоспарлауды меңгерту.

Жоспар:

1. Жиналыс түрлері.

2.Жиналысты ұйымдастыру ережесі.

3 Хабарлама, баяндамалар, есеп берулер

4. Дайындық және педкеңестің жасалуы.

Қысқаша лекцияның мазмұны:

Мектепте әдістемелік бірлестіктердің түрлері: пән мұғалімдерінің бірлестіктері, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері. Әдістемелік жұмыстың мазмұны келесі бағытар бойынша жүргізіледі.

Педагогикалық мәжіліс. Қазіргі мектептерде педагогикалық мәжілістің мынадай түрлері бекітілді: педагогикалық кеңес, мектеп кеңесі, әдістік кеңес, өндірістік мәжіліс, директор жанындағы мәжіліс, әдіс бірлестігінің отырысы, педагогикалық маслихат педагогикалық жылдамдық.

Бұл әдіс оқу – тәрбие үрдісінің маңызды мәселелерін шешуде, оның дәрежесін көтеруде, маңызды және күрделі келелі мәселелердің алқа шешімімен қабылдауға мұғалімдердің белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Кәсіптік қатынас басқару әдісі ретінде жұмыс тәжірибесін алмасу тәсілін ұйымдастырушы, педагогикалық ғылымның және педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін мектепте таратушы болуы. Мұғалімдердің педагогикалық қатынасын ұйымдастыру ең алдымен ұжым мүшелерінің мамандығын көтеруге бағытталған. Кәсіптік қатынастың мынадай түрлері өздерін жоғары нәтижелілігімен көрсете білді: педагогикалық оқу, ашық, панорамды сабақ, ашық тәрбиелік жұмыстар.

Мәжілістер ақпараттық және мәселелі болуы мүмкін. Мәселелі мәжілістер талас-тартыс (дискуссия) ретінде көрінеді, олардың шақырылу себебі мектепке даярлық мекемесінің толғақты мәселелерін шешу үшін. Бұндай жиналыстар ғылыми тұрғыда қарастырылады.



Ол үшін келесідей ережелерді ұстану керек:

    1. Ең алдымен, нақты мәжілістің тақырыбын анықтау керек.

    2. Күн тәртібін нақты анықтау керек.

    3. Мәжіліске қатысушылар талқыланатын мәселелер жайлы білу керек.

    4. Мәжіліске қатысушыларды мәжілістің мақсаты мен талқыланатын мәселелер жайлы ертерек хабарлап айту керек.

    5. Мәжіліс өтетін орны жайлы ертерек ойланып, оны дайындау керек.

Кіріспе сөзде басқарушы мәжілісте нақты талқыланатын мәселелер жайлы алдын ала айту керек және қатысушылардың назарын мәжілістін мақсаты аудару керек.

Әр түрлі мәжілістерде көбінесе хабарлама, баяндамалар, есеп берулер қолданылады. Ең басты және маңызды болып педагогтардың кеңесі болып табылады.

Педагогтар кеңесі – бұл мектеп алды даярлық ұйымдардың басты қозғаушы күші деп айтуға болады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жиналыс түрлері.

2.Жиналысты ұйымдастыру ережесі.

3 Хабарлама, баяндамалар, есеп берулер

4. Дайындық және педкеңестің жасалуы.

Әдебиеттер:

1.Стрельченко Г.К. Педагогический совет в ДОУ: функции, модели, тематика. Журнал «Управление ДОУ» №6, 2004г.

2. Богославец Л.Г. Педагогический совет в ДОУ. Журнал «Управление ДОУ» № 8, 2006г.

3.Дик Н.Ф. Педагогический совет в дошкольном образовательном учреждении. Ростов на Дону, 2005г.

4.Белая К.Ю. Педсовет в дошкольном образовательном учреждении. М., 2004
Тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдарда жоспар құру технологиясы

Жоспар:


1.Мектепке дейінгі ұйымдарда жоспар құру жұмысының негізгі бөлімдері

2.Мектепке дейінгі ұйымда жоспарлау жүйесі

3.Жоспар құру және құжаттардың деңгейлік жүйесі

4.Мектепке дейінгі ұйымдағы жоспар құру түрлері



Дәрістің қысқаша мазмұны

Мектепке дейінгі ұйымдарда жоспар құру технологиясының мақсаты:



  • Педагогикалық ұжымның бірлік пен ұйымдастырушылық іс-әрекетінің қалыптастыру;

  • Педагогикалық ұжым алдында тұрған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру, келер жылға жылдық жоспар құрып, терең талдау жаса, өткен жылдың жетістіктерін мадақтау;

  • Қазіргі уақыттағы номенклатура жұмысында жоспар жүйесі бойынша құрылуы: даму бағдарламасы, білім беру заңы, жылдық жоспар.

  • МДҰ-ғы құжаттарға қойылатын талаптар: әрбір педагогқа арналған жекелей жұмыс жоспарының талап етіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда негізгі міндеттері:

Мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен эмоционалдық жағдайдың жақсы болуын, Мемлекеттік мүшелер дұрыс қамтамасыз етілуі;

Мерекелік іс-шаралардың уақытында өтілуін;

Педагогикалық ұжымның тәрбие мен жауапкершіліктің болуы.



Мектепке дейінгі ұйымдарда жоспар құру жұмысының негізгі бөлімдері

  • 1-ші бөлім. Өткен оқу жылына талдау жұмысы

Мектепке дейінгі ұйымда жоспарлау жүйесі

  • Жоспарлау өзімен бірге қосады мақсаттылықты, жоспар үлгісін,сондай-ақ МДҰ-ғы ішкі және сыртқы ортаны анализдеу, прогноз жасауды.

  • Жоспарлау кезінде кездесетін қиындықтар:

  • Жоспар мазмұнының, мақсатының дұрыс таңдалмауы;

  • МДҰ-да жоспарлау іс-әрекетінде әдіс-тәсілдердің дұрыс нақтыланбаунда;

  • Жоспарлау мақсаты мен нәтижелерінің өз дәрежесінде орындалмауында;

  • Жоспарлау құрылымының дұрыс ұйымдастырылмауынан.

Мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспары: жүйесі, құрылымы, мазмұны

МДҰ-ң жылдық жоспары- реттелген шешім жүйесі,МДҰ-да іс-әрекеттердің белгілі уақыт аралығында өтеді: апта, ай, жыл.



Жоспар құрудың негізгі бағыттары мен іс-әрекеттері.

Балалармен тәрбиелік және саулық жұмыс. МДҰ-да жылдық жоспардың жүзеге асуының бақылауы . Кадрлармен жұмыс. МДҰ-ғы ата-аналармен жұмыс . Ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-шаралар.



Негізгі ұғымдар: жоспар, құжат.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Мектепке дейінгі ұйымдарда жоспар құру жұмысының негізгі бөлімдері

2.Мектепке дейінгі ұйымда жоспарлау жүйесі

3.Жоспар құру және құжаттардың деңгейлік жүйесі

4.Мектепке дейінгі ұйымдағы жоспар құру түрлері
Әдебиеттер:

1.Детский сад / под ред. Тарасовой Л.П. – М., 1997

2.Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 200

3.Бахтурина Л.А., Васильева А.И., Кобитина И.И. Старший воспитатель детского сада. М., 1990.

4.Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ: методическое пособие.М., 2004г.

5.Белая К.Ю. 200 ответов на вопросы заведующей. М., 1997.

6.Белая К.Ю.Руководство ДОУ: контрольно-диагностическая функция. М., 2003.

7.Скоролупова О.А. Контроль как один из этапов методической работы в дошкольном образовательном учреждении. М., 2003 г.

8.Скоролупова О.А. Тематический контроль в дошкольном образовательном учреждении.М.,2004г.

Тақырып: Кәсіби педагогикалық бірлестік.

Мақсаты: Кәсіби педагогикалық бірлестік жайлы түсінік беру.

Жоспар:

1.Әдістемелік бірлестіктің педагогикалық мақсаты мен міндеті.

2.Әдістемелік бірлестік іс-әрекетін ұйымдастыру және функциячы.

3.ӘБ жұмыс мазмұны.

4.ӘБ іс-әрекет түрлері.



Лекцияның қысқаша мазмұны:

Мектепке дейінгі ұйымда екі педагогикалық жұмысерден артық болған жағдайда кәсіби педагогикалық бірлестік пайда болады, олар өзара кәсіби біліктілігімен алмасады және бір-біріне көмектеседі.

Кәсіби педагогикалық бірлестіктің негізгі мақсаты сапалы білім, тәжірибемен алмасу т.б болып табылады.

Әдістамелік бірлестіктің негізгі қызметі:

1.Авторлық бағдарламаның және әдістеменің анализы.

2.Ашық сабақтарды белгілі бір тақырыпқа байланысты ұйымдастыру

3.Мектепке дейінгі ұйымда эксперименталді жұмыс күйінің анализы.

4. Біртұтас талапты ұйымдастыру.

Негізгі ұғымдар: әдістемелік, біолестік, міндет.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Әдістемелік бірлестіктің педагогикалық мақсаты мен міндеті.

2.Әдістемелік бірлестік іс-әрекетін ұйымдастыру және функциячы.

3.ӘБ жұмыс мазмұны.

4.ӘБ іс-әрекет түрлері

5.Әдістемелік бірлестік мүшелерінің құқықтары.

6.Әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері.

7. Құжаттарды рәсімдеу тәртібі.



Әдебиеттер:

  1. Бахтурина Л.А., Васильева А.И., Кобитина И.И. Старший воспитатель детского сада. М., 1990.

  2. Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ: методическое пособие.М., 2004г.

  3. Белая К.Ю. 200 ответов на вопросы заведующей. М., 1997.

  4. Белая К.Ю.Руководство ДОУ: контрольно-диагностическая функция. М., 2003.

  5. Белая К.Ю. Методическая работа в дошкольном учреждении. М., 1995.



Тақырып: Педагогтардың біліктілігін арттыру - өзін-өзі жетілдіру формасы ретінде.

Мақсаты: Өзін-өзін жетілдіру бұл маман біліктілігінің формасы ретінде түсінік беру. Мектеп дейінгі ұйымдағы өзін-өзін оқытудың мәнін ашу және бағыттарымен таныстыру.

Жоспар:

1.Өзін-өзі оқыту түсінігі.Әдіскердің білікті көтерудегі негізгі міндеттері.

2.Өзін-өзі оқытудың нәтижесін анықтайтын факторлар

3.Өзін-өзі оқытудың мазмұны және бағыттары.



Лекциянын қысқаша мазмұны:

Мектепке дейінгі ұйымдағы өзін-өзін оқытудың жүйесі әр түрлі формаларды көрсетеді: курстарды оқу (5 жылда 1 рет), өзін-өзі оқыту, қалалық, аудандық әдістемелік жұмыстарға қатысу.

Курстардың арасында өзін-өзі оқыту керек, ол білімді тереңдетеді және кәсіби ұсталықты және дағдыларды жетілдіреді.

Тәрбиешілердің белсенділігі мен бастамасын көтермелеу үшін жағдай жасау керек,. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұстаздардың біліктілігін көтеру үшін ұстаздармен әр түрлі формадағы жұмыстар жүргізіледі.

Әдіскердің функциялық міндеттеріне шпедагогтың біліктілігінің көтермелеуіне кіреді:


  • әдістемелік басшылық оқу-тәрбиелік жұмыспен;

  • кешенді және парциалды бағдарламалардың жүзеге асуда әдістемелік көмек

  • инновациялық тәжірибені байқау, жалпылау,тарату.

  • Керекті құжаттарды дайындау педагогикалық кеңес пен мәжілістерде талқылау үшін;

  • Педагогикалық технологияларды ата-аналар арасында насихаттау;

  • Ұжымда жағымды психологиялық микроклимат орнату.

Осы атқаратын қызметтер білікті орындалуы үшін әдіскер тұлғаның даму психологиясын, жалпы және мектеп алды даярлық педагогиканы, білім философиясын, қазіргі дидактикалық жүйелерді, оқыту технологияларды, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуді, білім менеджменті мен маркетингті білу керек.

Ұстаздардың біліктілігін арттыру – бұл комплексті шығармашылық үрдіс, тәрбиешілерді мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту технологиялармен, ата-аналармен жұмыс, сонымен қатар педагогикалық құжаттарды дәстүрлі емес әдістермен рәсімдеуге таныстырады.



Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге таныстыру мақсатындағы ұстаздардың дербес жұмысы - оның кәсіби біліктілігінің көтермелеуінің негізі.

Ғылыми-танымал және әдістемелік әдебиеттерді,нормативтік құжаттарды тану арқылы мектепке дейінгі баланың психологиясының түсінігі пайда болады, педагогикалық білімід одан әрі жетілдіруге қажеттілік пайда болады, педагогтың шығармашылық әлуеті ашылады.

Өзін-өзі оқыту жұмысын ұйымдастыру үшін келесідей факторларды ескеру керек:


    1. Оқу-әдістемелік әдебиеттер, нормативтік құжаттар, әдістемелер болу керек;

    2. Өзіндік жұмысқа уақвыт болу керек.

    3. Ұсталықтың және дербес жұмыстың дағдысының дамуының деңгейінің есебі, кәсіби тәжірибе, индивидуалды қызығушылықтар.

    4. Әдіскердің әдістемелік жұмыстың бағыты бойынша епті басшылығы керек.

    5. Өзін-өзі оқыту жайлы сұрақтар бойынша ұжымда әр біреумен талқылау; тақырыпты таңдау, пайдаланатын әдебиеттер тізімін, әдістемелерді және жұмыс түрін таңдау.

    6. Нақты жұмыс көлемі, жұмыс формасы мен түрі, орындалу мерзімі Негізгі ұғымдар: өзін-өзі оқыту, әдіскер.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Өзін-өзі оқыту түсінігі.Әдіскердің білікті көтерудегі негізгі міндеттері.

2.Өзін-өзі оқытудың нәтижесін анықтайтын факторлар

3.Өзін-өзі оқытудың мазмұны және бағыттары.

4.Өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмыс нәтижелері.

Әдебиеттер:


  1. Смоляров М.Р. Передовой педагогический опыт: формирование, изучение, обобщение и распространение. Могилев, 1998.

  2. Стеркина Р.П. Материалы по организации функционирования дошкольного учреждения. М., 1991.

  3. Третьяков П.И., Белая К.Ю. Дошкольное образовательное учреждение: управление образованием по результатам. М., 2001.

  4. Турбовской Я.С. Методическая и организационная система изучения и обобщения педагогического опыта. Сборник научных трудов. М., 1990.

  5. Калмыкова В.А. Руководство общественным дошкольным воспитанием. М., 1988.

  6. Кананович А.П., Соловьянчик А.А. Изучение, обобщение и распространение педагогического опыта. Методические рекомендации. Мн., 1986.


Тақырып. МДҰ ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру

Жоспар:


  1. Ата – аналар мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі рөлі.

  2. Ата – аналар жұмысын ұйымдастыру.

  3. Ата – аналар жұмысының түрлері.

  4. Ата-аналар жиналысы.

  5. Ата – аналарға берілетін кеңестер.

Дәрістің қысқаша мазмұны
Қазіргі заманда қоғамыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ұстаз алдыңдағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада одан әрі жалғасады. Отбасының ықпалын өмірдегі ешқандай күшпен салыстыруға болмайды. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ата-ана баласын тәрбиелеуді бастамас бұрын, өзінің мінез-құлқына, өміріне баға бере білуі тиіс. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін қателіктерата-аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және тәжірибесіздігінің салдарынан болады. Сондықтан да қазіргі кезде бала тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға кеңес түріндегі психологиялық-педагогикалық көмек беру өзекті болып отыр. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, ата-аналардың педагогикалық мәдиниетін көтеру, баласының психикалық ахуалы жөнінде біліктілігін арттыру мақсатында ата-аналарға арналған кеңес беру пункттер ашылып жатыр.

Отбасы - қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым.

Отбасы - салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатын ескерту қажет. Сондықтан ата-аналармен жумыста балабақша түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.

«Адам өмірге келгеннен кейін, ешкімге танымал  болып кетпеу үшін келмейді ... Адам адам қалпында қалуы тиіс. Өмірдің мәні де бақыты да осында. Егер сен адамның жүрегінде қалғың келсе, өз балаларыңды тәрбиеле...» В. А. Сухомлинский

Қазіргі қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерге қарамай, балабақша бала өміріндегі ең маңызды баспалдақ болып қалмақ. Барлық ата-ана өз баласын шығармашылық жеке тұлға қылып тәрбиелегілері келеді. Ол үшін өз балаларымен қарым- қатынасы жақсы болу үшін, өздеріне көмек керек. Бұл жұмысты нәтижелі қылу үшін ата–аналарды тәрбишілердің туындаған сұрақтарына көңіл бөлу қызығушылықтарын арттыру керек.

     Ата-анамен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынастың басты міндеті: тәрбиелік үдерісті күшейтуге, қызығушылық облысы кеңістігін құру үшін, серіктестік қатынасты күшейту керек.

    


    

Отбасы мен балабақша - бұл екі тәрбиелік феномен. Әрқайсының әлеуметтік тәжірибесі балаға берері бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі кішкентай баланың үлкен өмірге енуіне ыңғайлы ықпал жасайды. Ата-аналар және балабакшаның өзара қарым-қатынасының бірден қалыптасуы сирек кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді процесс, таңдалған мақсатты ұдайы зерттеуі, шыдамдылықты талап етуші, ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек. Сондықтан ұйымның өзара қарым-қатынасы өте киын жұмыс.

Оның нәтижесі педагогтің шыдамдылығы және талапшылдығымен оның отбасында кәсіби көмекші болу іскерлігімен анықталады. Барлық бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау және танымдық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, ең басты, оны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталады.

Негізгі ұғымдар: ата-ана, жиналыс, ұйымдастыру.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Ата – аналар мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі рөлі.

2.Ата – аналар жұмысын ұйымдастыру.

3.Ата – аналар жұмысының түрлері.

4.Ата-аналар жиналысы.

5. Ата – аналарға берілетін кеңестер



Әдебиеттер:

1. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

2. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005, стр. 76.

4 Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006
Тақырыбы: Озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу.

Жоспар:


  1. Балабақша тәрбиешілері тәжірибе алмасуда

  2. Тәжірибе алмасу түрлері

  3. Педагогикалық ұжымының  приоритеттік міндеттері

  4. Мектепке дейiнгi бiлiм беру мазмұнын жаңартуда тәрбиешінің инновациялық технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілігін жетілдіру бағыттары

Дәрістің қысқаша мазмұны

Мектепке дейінгі ұйымда тәжірибе алмасу мақсаты:



  • педагогикалық қызметкерлердің кәсібилік құзырлығын жоғарлату жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, олардың шығармашылық бастамашылдық дамыту,

  • : Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен психологиялық-педагогикалық мәдениеттік деңгейін жоғарылату.

  • озат тәжірібиені тарату;

  • Балабақша ұжым мүшелерінің тиімді қызметтестігіне жағдай жасап, оқу-тәрбиелік жұмысының деңгейін жоғарылату.

Мектепке дейінгі ұйымда тәжірибе алмасу міндеттері:

Семинарда ата-аналарға баламен әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық және медициналық-сауықтыру бағыттары бойынша қарым-қатынас жасаудың мазмұнын, құралдарын және тәсілдерін тиімді іріктеу туралы пікір алмасып, талқыланады.

Семинар барысында қоғам, ата-ана және мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы әлеуметтік серіктестікті кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланып, еркін пікірталас жүргізіледі.

Мемлекеттің болашағы — жас ұрпақ. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп, оларды халықтық тағылым нәрімен сусындатып, танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек.

Тәрбиешілердің психологиялық-педагогикалық деңгейі, топтық және жекелей оқытуды ұйымдастыруы, жоспарлауы, баланы бағалауы, өз кәсібіне сын көзбен қарап, өзіне өзі баға береді.

Балабақшада ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері (сабақтар), тренингтер, ертегі терапия, музыкалық-сахналық қойылым жұмыстары көрсетіліп, тәжірибе алмасады. 

Тәжірибе алмасу түрлері


  • дискуссия

  • Ойын

  • Көрме ашық-сабақ

  • Топтық тренинг

  • конференция

  • Семинар

  • жарыс

  • Педагогикалық кеңес

Мектепке дейiнгi бiлiм беру мазмұнын жаңартуда тәрбиешінің инновациялық технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілігін жетілдіру бағыттары

Қоғамның алға басуы көп ретте бүгінгі ұрпақтардың қандай дәрежеде білім алып тәрбиеленуіне байланысты. Мектепке дейінгі кезеңде білім беруде инновациялық технологияны енгізу мен таратудың көпшілігі оны зерттеуші және таратушы ғана емес, оны қолданушы болып табылатын адамға тәуелді.

Тәрбиеші педагогтар қауымы заман талабы қойып отырған ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру үшін инновациялық технологияларды тәжірибеде қолдана білуге дағдылану керек

Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдар біркелкі бағдарламамен, біртектес әдістемемен, біркелкі оқу жоспарларымен жұмыс істейді. Сондықтан балабақша тәрбиешілері жаңа инновациялық технологияларды тиімді қолдануға даяр емес.



Негізгі ұғымдар: бала бақша, тәжірибе, технология.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Балабақша тәрбиешілері тәжірибе алмасуда

2.Тәжірибе алмасу түрлері

3.Педагогикалық ұжымының  приоритеттік міндеттері

4.Мектепке дейiнгi бiлiм беру мазмұнын жаңартуда тәрбиешінің инновациялық технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілігін жетілдіру бағыттары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет