Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері



бет2/3
Дата26.03.2022
өлшемі2,17 Mb.
#136887
1   2   3
Байланысты:
Намуратова С
Абдил Аида, Презентация (4), Намуратова Сетара, Лекция тезисі 2

Бастауыш

Бастауыш

Бастауыш — сөйлемнің негізгі, басты, өзекті мүшесі. Ол грамма-тикалық жағынан сөйлемнің басқа мүшелеріне тәуелсіз, бағыныш-сыз болады. Бастауыш — сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі. Ол сөйлемде айтылған ойдың синтаксистік субъектісі. Бастауыш зат есімнен, сын есімнен, сан есім мен есімдіктен жасалады. Есімше мен тұйық рай сияқты етістік тұлғалардан да бастауыш жиі жасала береді.

Бастауыштар құрамындағы сөздің көп-аздығына қарай жалаң, күрделі болып бөлінеді. Қазақ тілінде үйірлі бастауыштар тобы да бар.


Бастауыш
    • 1. Кісінің фамилиясы, аты, азамат, жолдас сияқты қосалқы айқындауыштармен тіркесе келіп, күрделі бастауыш жасайды: Ты-ныбаев А л ғ ы р б а й ж о л д а с домбырамен бірнеше күй орындап берді. А з а м а т Қ а ң т а р б а е в Мақажан жақсы істің бастамасын жасап отыр.
    • 2. Ілік септіктің жасырын түріндегі сөз үшінші жақтык, тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесе келіп күрделі бастауыш жасайды: М е к е-ме б а с т ы ғ ы қызметке келді. А м е р и к а Құрама Ш т а-т ы — империалистік мемлекет.
    • 3. Маңы, іші, жаны, қасы, алды, арты, бойы сияқты көмекші есімдермен тәуелдік жалғаулы сөздер тіркесе келіп күрделі бастауыш жасайды: а у ы л д ы ң маңы. — терең сай. Балалар шуы су сепкендей басылды.
    • 4. Жіктеу мен өздік есімдіктері тіркесе келіп, күрделі бастауыш жасайды: Ол өзі осыны мойындағалы тұр еді. Мен ө з і м де сізден осыны сұрағалы отыр едім.
    • Бұл жағдайда жіктеу есімдігіндегі ілік септік ашық, не жасырын түрде тұра береді.

5. Бірнеше сөзден құралған күрделі жалқы есімдер күрделі бас-тауыш қызметін атқарады: Қазақ С С Р О қ у министрлігі биылғы жылдың өзінде ондаған жаңа мектеп ашты. К о м м у н и с т і к партия — заманымыздың ақыл-ойы, ар-ұяты, дана көсемі.
6. Субстантивтенген есімдер тобы күрделі бастауыш қызметін ат-қарады: Қ а р а б е с т і бәйгенің алдын бермеді. Күрең қ а с қ а аты тұр екен.
7. Негізгі және көмекші,етістіктер тобы мен есімдер бірлесе келіп күрделі бастауыш болады: К ү л е б е р у ыңғайсыз. О н ы ң а й-т ы п о т ы р ғ а н ы — орынды мәселе.
8. Кісі аты, не жіктеу есімдігі жинақтау сан есімдерімен тіркесе келіп, күрделі бастауыш жасайды: А с қ а р е к е у і м і з айтып отырмыз. Б і з үшеуіміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз.
Үйірлі бастауыштың қалыпты жай бастауыштардан басты айыр-машылығы өз ішінен мүшелік жіктерге сараланып бөлінетіндігінде, Олар бастауыштың қызметі мен мағынасына бастауыш роліндегі өз анықталушысының түсіп қалуы арқылы ие болған. Әлі жетпеген — ә құдайшыл (Мұстафин).
Бұл мысалда үйірлі бастауышқа анықталушылық қызмет ат-қаратын адам сөзі түсіп қалған. Сондықтан сөйлемдегі субъектілік мән оның үйірлі анықтауышына көшкен. Үйірлі анықтауыштардың осындай орынбасарлық қасиетінің арқасында ғана анықталушы тү-сіп қалады.
Үйірлі бастауышты аяқтап тұрған есімшелер не жалғаусыз, не көптік, тәуелдік жалғауларының бірінде, кейде екеуінде де айтыла-ды. Жиылып тұрғандардың арасында әлі де ашуы қайтпағандары нұқып кетіп жүр (Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет