Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері



бет3/3
Дата26.03.2022
өлшемі2,17 Mb.
#136887
1   2   3
Байланысты:
Намуратова С

Баяндауыш та бастауыш сияқты сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің қатарына жатады. Ол, көбінесе, жіктік жалғауында тұрады. Баян-дауыш, негізінде, бастауышпен жақтық және жекеше, көптік жағынан қиыса айтылады. Солай болғандықтан да жіктік жалғауды баяндауыштық көрсеткіш деуге де болады.

Қазақ тілінде баяндауыш барлық сөз табынан жасала береді.


Баяндауыш
Үйірлі бастауыштың қалыпты жай бастауыштардан басты айыр-машылығы өз ішінен мүшелік жіктерге сараланып бөлінетіндігінде, Олар бастауыштың қызметі мен мағынасына бастауыш роліндегі өз анықталушысының түсіп қалуы арқылы ие болған. Әлі жетпеген — ә құдайшыл (Мұстафин).
Бұл мысалда үйірлі бастауышқа анықталушылық қызмет ат-қаратын адам сөзі түсіп қалған. Сондықтан сөйлемдегі субъектілік мән оның үйірлі анықтауышына көшкен. Үйірлі анықтауыштардың осындай орынбасарлық қасиетінің арқасында ғана анықталушы тү-сіп қалады.
Үйірлі бастауышты аяқтап тұрған есімшелер не жалғаусыз, не көптік, тәуелдік жалғауларының бірінде, кейде екеуінде де айтыла-ды. Жиылып тұрғандардың арасында әлі де ашуы қайтпағандары нұқып кетіп жүр (Мүсірепов).
Жеке бір сөзден болған баяндауышты дара баяндауыш деп атаймыз: Аспанды бұлт торлады. Жел басылды. Жарқ-жұрқ шақпақ ш а ғ ы л д ы
Бірнеше сөзден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты күрделі баяндауыш дейміз. Олар бір-ақ сұрауға жауап береді. Күрделі баяндауыштың құрамында ең кемі екі сөз болады: Парторг Иванов "О й л а н ы п қ а л д ы (Нүрпейісов).
Ауылымыз бұл арадан о н-о н бес километр (Бақбергенов).
Әдебиеттер:
1.Қобыланова А., Рахметова Р.,Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы,2005ж.
2.Аманжолов С., Әбілқаев А.,Ұйықбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. 2-бөлім.-Алматы,1957ж.
3.Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы мен лексикалану процесі.-Алматы,1997ж.
4.Әбілқаев А. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесі.-Алматы,1986ж.
5.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі.-Алматы, 1992ж.
6.Балақаев М.Б. Основные типы словосочетаний в казакхском языке.-Алматы,1957

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет