Сөйлем мүшелері



бет6/7
Дата23.01.2022
өлшемі37,43 Kb.
#113589
1   2   3   4   5   6   7
Құрмалас сөйлем.

2-нұсқа.

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз.

Ол жақсы оқыса, университетке түседі.

А) Қарсылықты. В) Шартты. С) Себеп. Д) Мақсат. Е) Мезгіл.

2. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкенді араладық . В) Мен барғанша, ол кетіп қалды. С) Күн жылы болды деп, біз серуенге шықтық. Д) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз. Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.

3. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды. С) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді. Е) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүрді.

4. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады. С) Еңбек баланы мықты етеді. Д) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.

Е) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.

5. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті. В) Ауылда жаңа мектеп салынды. С) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады. Д) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. Е) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жаумады.

6. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Айжан дүкенге кетті. В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады. С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр. Д) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар. Е) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.

7. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әтеті бойынша далаға шығып отырған секілді. В) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жуып алыпты. С) Ағам келетін уақыт болды. Д) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті. Е) Түн. Ай жап-жарық .

8. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай анықталатынын көрсетіңіз.

А) Екі жай сөйлем. В) Атаулы сөйлем, түсіндірмелі сөйлем. С) Жалғаулықты сөйлем, жалғаулықсыз сөйлем. Д) Бағыныңқы, басыңқы. Е) Толымды, толымсыз сөйлем.

9. Салаластың түрін ажыратыңыз.



Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ .

А) Ыңғайлас. В) Қарсылықты. С) Түсіндірмелі. Д) Кезектес. Е) Талғаулы.

10. Кезектес салаласты табыңыз.

А) Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. В) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы тартылып қалады. С) Қалада жаңа үйлер салынды. Д) Машина жүрісін бірде шапшандатады, бірде баяулатып жүреді. Е) Біз асыға кірдік.

11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Жай сөйлем. В) Шартты бағыныңқы сөйлем. С) Кезектес салалас сөйлем. Д) Қарсылықты салалас сөйлем. Е) Ыңғайлас салалас сөйлем.

12. «Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.

А) Кезектес салалас. В) Себеп-салдар салалас. С) Ыңғайлас салалас. Д) Талғаулы салалас.

Е) Қарсылықты салалас.

13.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

А) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің. В) Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма. С) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой. Д) Биылғы қыс суық болған жоқ . Е) «Бұның дұрыс болмайды»,-деп әкесі ренжіді.

14. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.

А) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды. В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада. С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей. Д) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді. Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

15. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Мен оқыған кітап қызық-ақ . В) Әңгіме елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.

С) Онның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді. Д) Түн. Е) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын танып алыпты.

16. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл–Алматының және қала маңының картасы екен. С) Қыздар

тоғайға шие теруге кетті. С) Бес-алты айда келді. Д) Олкөпті көрген дана қарт. Е) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

17. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.

А) Сонымен. В) Сондықтан. С) Да. Д) Бірақ . Е) Немесе.

18. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар. В) Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

С) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеймін. Д) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмай келеді. Е) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.

19. Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.

А) Ол дауыстарының шуылдамай, үйлесімді шығуын талап етті. В) Арай хат жазып кетті.

С) Ардақ Саятты күтті, бірақ ол келмеді. Д) Не істесем де алдыма қойған мақсатқа жетуім керек.

Е) Бүгін менің жалғыз інім келеді.

20. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ауылда бірде шам болады, бірде болмайды. В) Таң атты, мен ояндым. С) Риза болғаны сондай-мені құшақтай берді. Д) Қалаға мен барсам, сен болмай шықтың. Е) Қалаға не мен барамын, не сен барасың.

21. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді. В) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады. С) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті. Д) Кенжебек жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады. Е) Абай араларынан кетісімен, сабыр бұйрық елге жайылды.

22. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ұялғанымнан да бетімнің оты шықты. В) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын. С) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді. Д) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын. Е) Сабырлы Олжабектің сасқаны соңша-орнынан атып тұрды.

23. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз.

А) Үйдің іші үн-түнсіз, көңілсіздік басқан. В) Тоқтамай сөйлей берсеңші, уақытың жетпес.

С) Айтар ойы олмаған соң, бос сөзге үйір. Д) Тілмен тас жаруына қарама, тындыруына қара.

Е) Бір рет айтудан бұрын екі рет ойлап алсаң, екі есе жақсы айтасың.

24. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүреді. С) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды. Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді. Е) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

25. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Экологияны сақтайық , соған ат салысайық . В) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады. С) Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын. Д) Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр. Е) Онымен әр кеңескен сайын түрлі жаңалық естимін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет