Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі- пысықтауыш


Пысықтауыш құрылысына қарай



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#91577
1   2   3
Байланысты:
слайд

Пысықтауыш құрылысына қарай
Дара пысықтауыш
Күрделі пысықтауыш
Үйірлі пысықтауыш
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
Ахмет Байтұрсынов
жіктелімі
1. мезгіл пысықтауыш
2. мекен пысықтауыш
3. сын пысықтауыш
4. себеп пысықтауыш
5. мақсат пысықтауыш
Мәулен Балақаев
жіктелімі
  • Мекен пысықтауыш
  • Мезгіл пысықтауыш
  • Мақсат пысықтауыш
  • Себеп-салдар пысықтауыш
  • Амал пысықтауыш

Сәрсен Аманжоловтың жіктелімі
  • Мезгіл пысықтауыш
  • Мекен пысықтауыш
  • Мақсат пысықтауыш
  • Себеп пысықтауыш
  • Сын-қимыл пысықтауыш

Қазіргі еңбектердегі пысықтауыштың түрлері
  • Мақсат пысықтауыш
  • Мекен пысықтауыш
  • Мезгіл пысықтауыш
  • Себеп-салдар пысықтауыш
  • Сын-қимыл пысықтауыш
  • Мөлшер пысықтауыш

Пысықтауыш мағынасына қарай:
Мезгіл пысықтауыш
Мекен пысықтауыш
Амал пысықтауыш
Тәсілдік амал
Сапалық амал
«Қазақ грамматикасы» еңбегінде:
Мекен пысықтауыш
Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бет алысын, қайдан екенін білдіретін пысықтауыштар мекен пысықтауыш болады.
Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер, негізінде, мекен үстеулер: жоғары, төмен, ілгері, кейін, соң, әрі, әрмен, бері, бермен, кері, ішкері, тысқары, сыртқары, алда, артта, соңында, бұлай, олай, тұс-тұстан, алды-арты, ерсілі-қарсылы, әрі-бері, жоғары-төмен, ілгері-кейін, жан-жақ (-қа, -тан), т.б. бұл үстеулер түбір күйінде де, жатыс, барыс, шығыс жалғаулы формаларда да мекен пысықтауыш болады
Мақсат пысықтауыш
Іс-әрекеттің не үшін, қандай талапқа лайық істелетінін, болатынын (не болмайтынын) білдіретін пысықтауыш мақсат пысықтауыш болады.
Мақсат пысықтауыштар кім үшін? не үшін? неге? қандай мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді .
Мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалатын үстеулер өте аз, олар мыналар: әдейі, жорта, қасақана, бекер, босқа, әшейін.
Себеп пысықтауыш

Себеп пысықтауыш қимыл процесінің себебін білдіреді. Оған неліктен? не себепті? деген сұрақтар қойылады.
Себеп пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз көбінесе өткен шақтық есімше болады. Есімшеге кейде –дық+тан//-дік+тен деген жұрнақ пен жалғау, кейде тәуелдік жалғауы мен шығыс септігінің жалғаулары жалғанады, кейде себепті, соң деген шылау сөздер тіркеседі.
Мөлшер пысықтауыш
Мөлшер пысықтауыш деп – іс-қимылдың немесе қимыл уақытының мөлшерін, көлемдік таралу, созылу, қайталану және сандық, баға, салмақ дәрежесін, сондай-ақ арақашықтық шамасын, істің істелу қарқынының өлшемін, адамның жас мөлшерін білдіретін пысықтауыштың түрін айтамыз.
Сұрақтары: қанша? неше? қанша рет? қай мөлшерде? қай шамада? қаншалықты? қай мөлшерге дейін?
Мезгіл пысықтауыш
Етістіктің шақтық мағынасына мезгілдік мағына үстеп, оның қашан, қай мезгілде болған процесс екенін білдіретін пысықтауыш мезгіл пысықтауыш болады. Мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер – мезгілдік үстеулер, зат есім, сын есім және кейбір сөз тіркестері.


Мезгіл пысықтауыш болып жиі жұмсалатын сөздер қатарына таңертең, әнеугүні, бүрсігүні, әлдеқашан, бірсыпыра, бірталай, әрқашан, кешқұрым, ешқашан сияқты біріккен сөздер мен ертеңді-кеш, әлсін-әлсін, күндіз-түні, қысы-жазы, анда-санда, оқта-текте, жылма-жыл сияқты қосарланған үстеулер де енеді.
Амал пысықтауыш

Қимылдың қандай тәсілдермен атқарылуын білдіретін пысықтауыш амал пысықтауыш болады. Сұрақтары: қалай? қайтіп? қалайша?.
Амал пысықтауыштар екі топқа бөлінеді:
Тәсілдік амал
Сапалық амал
    • үстеу, еліктеуіш сөздер, көсемше тұлғалы етістіктер болып келеді де, олардың етістіктермен мағыналық қатынасы қарқындық, қимылдық, бейнелеуіштік болып келеді.

Тәсілдік амал пысықтауыштар
    • қимылды сапалық жағынан анықтайтын сөздер болғандықтан, мағыналық жағынан анықтауышқа жақын сөз таптары көбінесе осы қызметте қолданылады. Бұл сөздер етістіктермен қабыса байланысып, қалай? деген сүраққа жауап беруге тиіс. Бірақ олар пысықтауыш қызметін атқарғанымен, үстеуге айналып кетпейді.

Сапалық амалды білдіретін пысықтауыштар
Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал. Алматы, «Сардар» баспасы, 2009 - 348 бет.
  • Құдайберген Жұбанов. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 640 бет.
  • Сәрсен Аманжолов. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Павлодар: С.Торайғыров ат.ПМУ, 2008.-112 бет.
  • Мәулен Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті; - Астана : Ер-Дәулет, 2007 . – 126 бет.
  • Қазақ грамматикасы.Фонетика,сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет