Сөйлеу мәдениеті



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі32,58 Kb.
#85540
  1   2   3   4
Байланысты:
Сөйлеу мәдениеті


Сөйлеу мәдениеті

Ұлттық білім беру парадигмасы, оның басты ұстанымдары бастауыш білім беру ісіне ерекше міндет артып отырғаны белгілі.


ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Өйткені елімізді бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін, соған мүмкіндік жасайтын, ең алдымен, өскелең ұрпақ екендігі даусыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болғаннан кейін, тілдің қызметінің жүзеге асуында тіл мәдениеті өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Баланың ойлау дәрежесі мен тілінің дамуына, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына ықпал ететін ана тілінің және оны оқыту әдістемесінің қазіргі заман талабына сәйкес болуы – бүгінгі уақыт талабы.
Баланың сана сезімін оятуда, рухани дамуын ынталандыруда отандық дидактикалық дәстүрлерге сәйкес тұлғаның ұлттық мәдени коды болып есептелетін ана тіліне үйрету маңызды құрал болып табылады. Әдеби үлгідегі көркем мәтіндерді оқып үйрену, бастауыш сынып оқушыларының ана тілін меңгеру үдерісінде сөзді мағынасына сай дұрыс қолданып, әдеби тілдің нормасын меңгеруіне септігін тигізеді.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде тіл қызметін жүзеге асыру жазбаша сөйлеудің бастауыш мектепке арналған шектеулі жинағын жасаудан, берілген жоспарға сәйкес әдеби шығармаларды талдаудан, тілдің ауызекі сөйлеу стилін қолданудан әріге аспайды.
Балаға ерте кезден бастап тіл мәдениетін меңгертпеу, әдеби көркем шығармаларда ғана емес, сөйлеу тілінде де көрініс табатын туған халқының ғасырлар бойы жинақталған асыл кені мәдениетінен, рухани тәжірибесінен сусындау мүмкіндігінен айырады. Тіл мәдениетіне үйретуді жалпы жеке тұлға болып қалыптасудың жалпы проблемаларымен байланыста қарастырғанда (білімді, мәдениетті жеке тұлға сапаларының бірі - тіл мәдениетін меңгеруі) бұл мәселені зерттеудің терең ізгілікті гуманистік дәстүрлермен сабақтасып жатқандығын көруге болады.
Тіл мәдениетіне байланысты еңбектер А.Байтұрсынов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ф.Ш.Оразбаева, В.В.Виноградова, Г.О.Винокур, Б.И.Головин, Л.К.Граудина, Н.А. Ипполитова, В.Г.Костомарова, Т.А.Ладыженской, М.Р. Львов, И.Г.Милославский, М.В.Певежин, С.И.Ожегова, П.С.Пуставалова, Д.Э.Розенталь, М.П.Сенкевич, Л.И.Скворцова, Н.Ф.Титова, Л.В.Успенский, Е.В.Шарохина Е.Н.Ширяева, Л.В. Щерба, және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
«Тіл мәдениеті» терминінің өмірде және ғылымда өз орны бар. Бұл дегеніміз бұл ұғымды соңғы онжылдықтарда білімнің жаңа саласы ретінде мойындап, тіл мәдениетін өзіндік сапалары мен ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде танып, меңгеруді айтамыз.
Ғылыми лингвистикалық әдебиеттерде бұл ұғымға түрлі анықтамалар берілген. «Лингвистикалық терминдердің сөздігінде былай делінген: "Негізгі қарым-қатынас және ойды берудің басты құралы ретінде тілді қолданудың ғылыми негізде ережелерін белгілейтін, белгілі бір дәуірде қоғамның сөйлеу тілін зерттейтін, филология ғылымының бір саласы"[1].
Біз тіл мәдениетін әдеби тілдің нормасын меңгеру ғана емес, сөйлемде ойды беруде тілдік амал-тәсілдерді таңдап қолдануды айтамыз.
.
Оқушы сөз өнерін өзі пір тұтып, өзі сүйіп айналысуы керек. Сөз байлығы – тіл байлығы. Сөз көркемдігінің бір нысанасы – мұғалімнің балаға айтатын ойының дәл, анық берілуі.
Мұғалім сабақтың тиімділігін арттырып, оқушының ой дербестігін, оқу танымдық қабілеттерін үнемі дамытып отыруды көздейді. Сөздік қорды молайту барысында балаларды дұрыс сөйлеуге, тіл мәдениетін, стильдік қырларын еркін танып білудің негізінде де тәрбиелік мән жатыр. Бастауыш мектеп балаларының сөйлеп тұрған кезінде орынсыз тоқтап қалуы, басы артық сөздерді қосып жіберуі көп кездеседі. Сондай-ақ диалект, жаргон сөздерді қосып сөйлейді. Бұл олардың сөздік қорының жеткіліксіздігінен болатын құбылыстар. Бұл жөнінде тілші М. Балақаев: «Біраз оқушылар ел арасында, кейбір тілдік мәдениеті төмен кісілер арасында үйренген жаттанды, төмен қол сөздерден көпке дейін арыла алмайды. Үйреншікті, дағдылы нәрселердің бәрінің жаттығы білінбей, жақсылықтың нышаны сияқты болатыны да рас. Дегенмен диалектизм, былапыт сөздерді жаман әдет екенін түсініп, ондайдан арылу үшін аңдап, ойланып сөйлеу, ана тілінің асыл сөздерін оқып біліп, естіп, көңілге тоқу қажет»[2].
Осындай жағдайлар ескерілгенде ғана, оқушының тіл мәдениеті қалыптасып, сөздік қоры жетіледі. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру – мектепте әдебиеттік оқытудағы негізгі міндеттердің бірі. Себебі, әрбір адамның сөйлеу үлгісіне қарап, оның мәдениетінің, білімінің деңгейін анықтауға болады.
Тіл мәдениеті өзімен шектес байланысты ғылымдар көп болғандықтан әртүрлі анықталады. Прагматикалық пән болғандықтан тіл мәдениеті тек қана тіл жүйесіне ғана емес, сонымен қатар «тіл-адам» арақатынасына да байланысты.
Д.Э.Розенталь сөйлеу мәдениеті деп ұлттық ерекшелігі бар, сөз дәлдігімен, сөздігінің жан-жақтылығымен, грамматикалық дұрыстығымен, логикалығымен сипатталуы керек деп есептейді. [3,6-7].
Бұл дегеніміз сөйлеу мәдениетінсіз өнімді қарым-қатынас мүмкін болмайтын сапаларға сөйлеу мәдениетінің сәйкес болуы. Автор басқа сапалардан бұрын сөйлеудің грамматикалық дұрыс болуы керек деп есептейді.
Е.Н.Ширяев сөйлеу мәдениетін алдымен, әдеби тілдің нормаларын меңгеру, белгілі бір қарым-қатынас жағдаятында қарым-қатынас этикасын сақтай отырып қарым-қатынастың мақсатына жету үшін ең жоғары нәтиже беретін тілдік құралдарды таңдай алу деп есептейді. Е.Н.Ширяев тіл мәдениетінің 3 компонентін бөліп көрсетеді: коммуникативті, нормативті және этикалық[4, 57].
Көрнекті ғалым М.Р.Львов сөз мәдениетін әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын игеру және айтылымның мақсатына қарай тілдің көркемдеуші тәсілдерін тиімді қолдана білумен байланыстырады
Сонымен сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
Мәдениет деген сөздің семантикасында «дұрыстық», «түзулік», «тәртіптілік», «жүйелілік», «реттілік», «қисындылық», «сәйкестік» деген сияқты мағыналық реңктер (семалар) жататыны белгілі. Бірақ әңгіме ненің дұрыстығы, немен сәйкестігі, қандай реттілік, қандай тәртіптілік, ненің қисыны деген сияқты сұрақтарға жауап іздегенде, «сөз мәдениеті» деген құбылыстың заттық, ұғымдық мәні күрделі екендігі байқалады.
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – «тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі». Сонымен қатар ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» [5, 115].
Көрнекті ғалым М.Р.Львов сөз мәдениетін әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын игеру және айтылымның мақсатына қарай тілдің көркемдеуші тәсілдерін тиімді қолдана білумен байланыстырады [5, 96 б].
Бұл пікірлерге сүйене отырып, сөйлеу мәдениеті ұғымының сипатын айқындауға болады. Атап айтқанда:
1. Сөйлеу мәдениеті тілдік қолданыстың барлық қырларын емес, әдеби тілге қатысты жақтарын қарастырады. Яғни тілді саналы, әдейі бұзып қолданушылыққа, антимәдениетке қарсы күреседі. Сөз мәдениеті болмаған жерде рухани мәдениеттің де қалыптаспағанын аңғаруға болады.
2. Сөйлеу мәдениеті мәдениеттің барлық түрлерін: физикалық, материалдық және рухани түрлерін өзіне кіріктіреді. Өйткені бұлардың барлығы да ойлау мәдениетімен, одан туындайтын сөйлеу әрекетімен тығыз байланысты.
3. Сөйлеу мәдениеті – көпдеңгейлі сала. Мысалы, ауызша сөйлеу мәдениеті, жазбаша сөйлеу мәдениеті, мәтін құрау мәдениеті, мәтінді түсінікті етіп жеткізе білу мәдениеті т.т.
4. Сөйлеу мәдениеті тілдік қолданысты жетілдіруді, шығармашылық міндеттерді орындауды талап етеді.
5. Сөйлеу мәдениеті сөзді дұрыс және көркем қолдануды зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Оның қарастыратын нысаны – тілдің сөз арқылы қызмет атқаруы. Демек, сөз жай ғана элемент емес, ол қатысымдық факт, тілдік бірлік, мәтін мен диалогты құру тәсілі.
Ал дұрыс қолданудың негізі тілдік нормаға тірелетіні белгілі. Демек, сөз мәдениеті ғылымының да негізгі нысаны – тілдік норма. Тілдік норма инвариантты. Тілдік норма, нормалылық – сөз мәдениеті ғылымының базалық, негізгі тірек ұғымы. Ол кез-келген ситуацияға байланысты өзгере бермейді, тұрақты. Оның басты құрылымдық компоненттеріне: нормалылық, мақсатқа лайықтылық және түсініктілік жатады. Оның пәні – норма және сөздің коммуникативтік сапасы. Демек, сөйлеу мәдениеті, біріншіден, ауызша және жазбаша сөз қолданыста тілдік норманың сақталынуы, сөздің коммуникативтік сапасының мақсатқа лайықтылығы, екіншіден тіл деңгейлеріне қатысты тілдік норманың түрлерін зерттейтін ғылым.
Тіл қоғам қажетін өтейтін, қоғамға қызмет ететін қоғамдық құбылыстар қатарына жатады. Оның себебі тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісуі үшін керек. Пікір алысу, сөйлесу қоғамдасқан адамдар бар жерде ғана болады, адам жоқ жерде тіл де жоқ. Адам қоғамы қашан туған болса, тіл де сол кезеңде пайда болған. Қоғамсыз тіл, тілсіз коғам болмайды.

Тілдің құрылымдық жəне функциялық жағы болады. Бұл екеуі өзара байланысты, бірақ бір емес. Тіл жалпыхалықтық дегенде, оның құрылымының жалпы халықтығы ескеріледі, өйткені бұл жағынан əр халық, əр ұлт тілі — бір бүтін. Ал қызмет жағынан алғанда тілде айырмашылық өзгешелік кездесе береді. Істейтін кəсіптеріне, мамандықтарына, білім дəрежесіне, жас мөлшеріне, жыныстарына қарай əр түрлі əлеуметтік топтардың өз сөйлеу мəнерлері, өзіндік лексикондары болатындығы даусыз. Бір кездерде «тіл таптық құбылыс» деушілер тілдің осы ерекшеліктеріне сүйенеді, сөйтіп, олар тілдің қызметтік жағын оның құрылымдық жағымен шатастырды деп атап көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет