Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының кемістіктеріне



бет4/4
Дата28.10.2022
өлшемі24,04 Kb.
#155521
1   2   3   4
Байланысты:
Сөйлеу

Көмекші мектепте жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзету бойынша логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері
Ақыл-ойы кем оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін түзетуде олардың жоғарғы жүйке жүйесінің, психопатологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн.
Осыған байланысты көмекші мектепте жазу мен оқу бұзылыстарын түзету жұмысы таным әрекетінің дамуымен, талдау мен жинақтаумен, салыстырумен, жалпылаумен тығыз байланыста болуы керек. Сондай-ақ фонетикалық жуан дыбыстарды салыстыру, сөйлемнің құрылымын, сөздің дыбыстық-буындық құрамын талдау, көру-кеңістіктік талдау мен жинақтауды дамыту кеңістікті бағдарлауын дамыту жұмыстары оқу мен жазуын қалыптастыруда, түзетуде кеңінен қолданылады.
Жазбаша сөйлеу тілін түзетуде көмекші мектепте түрлі психикалық функцияларды дамыту қажеттілігі туындайды. Жазу мен оқу бұзылыстарын жою, ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетумен (дыбыс айту бұзылыстары, сөйлеу тілінің фонематикалық жағының жетілмеуі, лексикалық-грамматикалық жағының қалыптаспауы) тығыз байланыста жүргізіледі.
Логопедтің оқудан тыс жұмысы сөйлеу тілін дамыту шаралары, мектептегі біркелкі сөйлеу тәртібінің қамтамасыз етілуін қадағалауды көздейді. Логопедтің әрекеті мұғалім, тәрбиеші, мектеп дәрігері, сөйлеу тілі бұзылыстары бар оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болуы қажет.
Логопед сыныптан тыс жұмыстарға, сабақтарға қатысуы қажет: біріншіден оқушыларды бақылайды, екіншіден мұғалім, тәрбиешілердің логопед тапсырмаларын «балаға көмек беру жөніндегі» нұсқауларын орындауды қадағалайды.
Логопед әрекетінің бағыттарының бірі – мектеп қызметкерлеріне, сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына оқудан тыс уақытта, сабақтарда, үй жағдайында қолдануға болатын тәсілдерге үйрету (дыбыстық талдау дағдыларын қалыптастыру, жазудағы бұзылыстардын алдын алу, қолдың ұсақ моторикасын, артикуляциялық апаратты дамыту).
Логопед мұғалімдерге, тәрбиеші, ата-аналарға арнап сұқбаттасу, семинар, кеңестер ұйымдастырып, ғылыми әдістемелік әдебиет жаңалықтарымен таныстырады. Сонымен, логопедтің мұғалім, тәрбиеші, ата-аналарымен жұмысы, негізінен кеңес беру сипатта болып, логопедиялық білімді насихаттау мақсатын көздейді. Логопедтің мектеп дәрігерімен қатынасы оқушылардың сөйлеу тілі бұзылыстарының күрделену себептерін анықтауға мүмкіндік береді.


Логопедтің құжаттары: жылдық жоспар, мектеп бойынша сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды тіркеу журналы, оқушылардың логопедиялық сабақтарға қатысу журналы, сөйлеу карталары, жұмыстың перспективті (алдын ала) және сабақ жоспарлары, жұмыстың жылдық есебі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет