Сөйлеудің дамуындағы фонематикалық қабылдау рөліне педагогтардың көзқарасы


Логопедиялық сабақтардағы қолданылатын ойын тәсілдері



бет3/3
Дата16.03.2023
өлшемі22,57 Kb.
#172738
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Сөйлеудің дамуындағы фонематикалық қабылдау рөліне педагогтардың көзқарасы

Логопедиялық сабақтардағы қолданылатын ойын тәсілдері.
Бағдарламалық материалды меңгеруге кері әсер ететін және оқыту үрдісін баяулататын ұсақ моториканың, байланыстырып сөйлеу, сөздік қор, лексико-грамматикалық қатар, буындық құрылым, фонематикалық қабылдау, дыбыстау бұзылыстары бойынша түзету жұмысында оқытудың тиімді тәсілдерін қолданған жөн.
Логопедиялық тәжірибе ойын оқушылардың білім, білік, дағдыларды жақсы меңгеруіне ықпал ететінін көрсетеді. Ойын түзету жұмысының маңызды бағыты болып табылады.
Ойын жаттығулары білімді белсендіруге, оқытылатын бағдарламаны сәтті меңгеруге ықпал етеді. Ойын оқушылардың осы уақытқа дейін дейін алған білім, білік және дағдыларын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. ойынды қолдану оқушының ойлау әрекетін белсендіріп, эмоционалды әрекетін жоғарылатады, тіл құбылыстарына деген қызығушылығын тудырып, дамытады. Әсіресе ойын дайындық жаттығуларын І кезеңде дыбысты дыбыстауды түзету, оқу мен жазу дағдыларын дұрыс қалыптастыру, сонымен қатар фонематикалық дислалия мен акустико-артикуляциялық дисграфияның алдын алу кезінде қолдану мақсатты болып келеді.
Бәріне белгілі жаттығулар: «Күрекше», «Жалпақ тілді ұру», «Сылақшы», «Самосвал», «Саңырауқұлақ», «Ат шауып келеді», «Фокус», «Атты тоқтат», «Ара», «Кімнің әні?», «Кім келгенін тап», «Әріпті тап», «Бұл дыбыс қай үйде тұрады?», «Иә» және «жоқ», «Дыбысты тап», «Керек түсті тап», «Алақанмен шапалақта», «Дыбыс № ата», «Бұл қай дыбыс?», «Сөзде неше дыбыс бар?».
Дыбыстарды әріптермен сәйкестіруді бекіту және фонематикалық бос орындарды толтыру кезеңінде қолданылатын ойындар – «Шифровальщик», «Ағаштардағы құстар», «Радистер», «Телеграф», «Дыбыстың қайда екенін тап», «Әріпті тап», «Есімін тап», «Балықшылар», «Сиқыршылар», «Сиқырлы қорапша», «Сиқырлы қапшық» (әріпті тактильді шешу), «Пошта», «Жұмбақтар», «Суретші нені шатастырып алды?», «Неше нүкте, неше дыбыс?», «Сөзді тап».
Балалардың фонетико-фонематикалық жетілмеуін ойын әрекеті арқылы түзету бойынша тәжірибелік жұмысы
Балалық шақ – бала өмірінің ең маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады: оның толыққанды, жан-жақты толықтырылған балалық шағынсыз оның болашақ өмірі қызықсыз болады. Бұл кезеңдегі психикалық тұлғалық және физикалық дамуының жоғарғы қарқындылығы балаға қысқа мерзімде крексіз тірі жаннан адамзат мәдениетінің барлық негізгі бастауларын меңгеретін адамға дейінгі жолды өтуге мүмкіндік береді. Ол бұл жолды жалғыз жүрмейді, оның қасында әрқашан ата-анасы, тәрбиешілері мен психологтар болады. Баланы тәрбиелеу үрдісінде ересек адамдардың сауатты өзара әсері баладағы бар барлық мүмкіндіктерін максималды түрде іске асыруды қамтамасыз етеді, оның психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқушылықтар мен қиыншылықтарды жеңуге көмектеседі.
Жоғарғы мектептік жас баланың келесі маңызды кезеңге, яғни мектепке түсуге негіз болады. Сондықтан 6-7 жас аралығындағы балаларды бұл кезеңде мектепке дайындау керек. Соның ішінде оқу мен жазу дағдысын жақсы игеруде бұл балалардың сөйлеу тілі соған дайын болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет