«Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» кмм


Оқыту үшін және оқытуды бағалау



бет4/11
Дата06.02.2022
өлшемі10,09 Mb.
#81421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Акпаев Нурсултан математика

Оқыту үшін және оқытуды бағалау
Бұл әр сабақтың соңындағы оқушылардың білімдерін тиянақтау жиынтығы. 
Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Талантты және дарынды балаларды анықтау. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.Мұғалімнің міндеті -баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірде өз жолын таба алады.
Зерттеу нәтижесінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерінің тиімділігі :
1.Бір – бірінің пікірін тыңдайды, ынтымақты қарым -қатынастың негізі қаланады.
2.Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, бір – біріне құрметпен қарауға ұмтылады.
3.Өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға, бірін – бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырады .
4.Достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып , қиындықты шешуге көмектеседі .
5.Белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады .
Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Әр сабақта оқушылардың тақырып бойынша ойын, пікірін, түсінігін, дәлелдерін білуге, барынша шығармашылық тапсырмалар беру қажет . Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес жасалынған жинақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмалар, (өмірмен байланысып алынған) мәтін есептер әр тарау бойынша тақырыпқа сай берілген және оқушының өздігінен ізденуіне жағдай жасалған.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге, математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қосымша қиынырақ тапсырмалар берілуі қажет. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Соның бірі – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құмарлықтарын арттыру. Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығару керек. Мұғалім оқушыға бағыт-бағдар беріп отырады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен жұмыстарды орындауына ықпал жасалынады.
5-6 сыныптағы математика оқулығында кейбір тақырыптарды оқу кезінде пәннің тікелей табиғатпен, өмірмен, тіпті өлкетанумен байланысын байқаймыз. Осы ерекшеліктерді тапсырма беруде қолданған өте тиімді. Мысалы фигуралардың әр түрлілігіне байланысты басқатырғыштардың өзі оқушының ой ұшқырлығын дамытады. «Координата», «Симметрия» тақырыбын түсіндіруде теориялық біліммен қатар практикалық білім өте маңызды, себебі бұл тақырыптарды түсіндіруде оқушылардың шығармашылық жұмыстарына қарап, тақырыпты өмірмен байланыстыра өткізу оңтайлы әдіс екені анықталды. Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға арналған суреттермен жасырылған тапсырмалар әр түрлі буын оқушыларына арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет