Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ.
«№7 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұхамеджанова Құралай Ғазезқызы
Қазақ тілі 4 – сынып
Тақырыбы: Үй жануарлары және жабайы аңдар туралы қайталау.
Мақсаты:
Білімділік: Үй жануарлары және жабайы аңдар туралы қайталау. Жануарларды бағып, күту туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Жануарларға байланысты көрнекіліктерді пайдалана отырып, балалардың ой- өрісін, сөздік қорын дамыту. Байланыстыра сөйлеуге үйрету. Сөйлеу мәдениетін, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылықтарын ояту.
Көрнекі құралдар: Үй жануарлары және жабайы аңдарға байланысты суреттер, ақ парақ, түрлі-түсті бояулар, дидактикалық ойындарға байланысты үлестірмелі суреттер, бейнетаспа.
Сабақ түрі: Қайталау сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.
Сабақтың типі: жеке жұмыс,топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Түгендеу
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару
- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Өз қонақжайлығымызды ұйымшылдық, тәртіп, ең бастысы сәлеміміз арқылы көрсетейік.
а/ сәлемдесу. ә/ оқушыларды психологиялық дайындау.
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
- Сәлеметсіз бе!
- Енді оқушылар қонақтармен амандасайық.
Оқушыларды екі топқа бөлу.
- Оқушылар қазір бізде қандай сабақ?
б/ Қазақ тілі – бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін? - деп , қазақ тілі сабағымызды бастайық.
- Балалар, өздерің, бір-бірлеріңе не тілейсіңдер?
- Қайырлы таң достарым - (1 оқушы)
- Қайырлы күн болсын! - (2 оқушы)
- Аптаның әр күні,
Сәттілікке толсын ! - (3 оқушы)
- Біздің алған бағамыз,
Кілең бестік болсын! - (бәрі).
- Өте жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: |