Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің
физика және информатика пән мұғалімі
Сарсенова Майра Каркенқызы
Тақырыбы: «Кім тапқыр?»
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау, толықтыру, бекіту; білімдерін жүйелеу, іс-жүзінде қолдануға үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды өзінің мүмкіншілігіне сене білуге, басқаларды сыйлай білуге, топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
І. Уа халайық, халайық!
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі күн төрінде,
Физика елінде,
Информатика тілінде.
Есеп шешіп жарысайық.
ІІ. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Кім тапқыр?» атты информатика, физика және астрономиядан сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
І. Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш-өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Ал кәнеки, кім шығады біздің сайысымызға?
ІІ. Ортаға 7 «А» және 7 «Ә» сынып оқушыларынан құралған топтарды шақырамыз.
І. Жақсылық – адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?- дей отыра, сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.
«Бәйге»
«Домино»
«Өнер алды қызыл тіл»
«Ғылым- жұмыс үстінде»
«Ғажайып тоғыздық»
ІІ. Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты! - демекші, топтардың еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік.
І. Сонымен «Бәйге» бөлімін бастайық. Бұл бөлімінде әр топқа кезекпен 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
Сұрақтар:
Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері қандай? /Бақылау, эксперимент, теориялық әдіс/
Табиғаттағы ең қатты зат? /Алмас./
Бұл құрал Ресейде 16-17 ғ. пайда болған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. /есепшот/
ЭЕМ-нің бірінші буыны қай жылдары пайда болған және олардың құрамында не пайдаланылды? / 1940-1955 электрондық лампалар/
Бұл құрал арқылы нені өлшейді? / масса/
Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі қандай? /қозғалу бағыты кері/
Физика – табиғат туралы ғылым ретінде “бірінші ұстаз” атанған гректің ұлы ойшылы. /Аристотель/
Төмендегі сөздердің “физикалық дене” ұғымдарына қатыстысын анықта
Ұшақ, кітап, мыс, қалам, фарфор, дәптер, ағаш. /Ұшақ, кітап, қалам,дәптер/
9. Бұл қай планета туралы? Диаметрі жағынан Жерден 11 есе, ал массасы жағынан 300 есе ұлкен. Жыл мезгілдерінің ауысукы болмайды. Тәуліктің ұзақтылығы 9 сағат 50 минут тең. Оның Күнді айналу периоды 12 жылға жуық. /Юпитер/
10. Бұл құрал арқылы нені өлшейді? /Температураны/
1. Ақпараттың өлшем бірліктері қандай? /Бит, байт/
Табиғаттағы ең жұмсақ зат. /графит/
Бұл қай планета туралы? Диаметрі жағынан Жерден екі есе кіші. Жыл мезгілдері ауысып тұрады. Тәуліктің ұзақтылығы 24 сағат 37 минут 23 секундқа тең. Жазда- күндізгі температура +200С, қыста- түнде -125 0С. /Марс/
Бұл құрал 1694 жылы пайда болған. Ол арқылы күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын табуға болатын. /арифмометр/
Төмендегі сөздердің “физикалық зат” ұғымдарына қатыстысын анықта
Орындық, алтын, өшіргіш, күміс, сызғыш, болат, қағаз./ Алтын, күміс, болат/
ЭЕМ-нің үшінші буынның құрамында не пайдаланылды? /интегралдық схема/Бұл құрал арқылы нені өлшейді? /температура/
Экран мен монитордың арасындағы арақашықтық неге см-ге тең болу керек? /50-70 см/
Дүние жүзі бойынша алғашқы программист болған адам /Ада Лавлейс/
Ғылыми деректерге негізделген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде планеталар қозғаласының жаңа жүйесін жасаған астроном кім? Осы жүйе қалай аталған? /Николай Коперник, гелиоцентрлік жүйе/
Қандай планеталар алып планеталарға жатады?/Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун/
Келесі «Домино» бөліміне көшейік. Бұл ойында әр топқа қағаз кесінділері беріледі. Кесінділер екіге бөлінген. Қағаздың бір жағында сұрақ берілген, ал екінші жағында жауабы. Дұрыс домино тізбегін жинап алу керек. Осы тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.
Алмастыру, сақтау, өңдеу
|
Зат түрінде, жарық толқындары түрінде бізді қоршаған барша болмыс
|
Материя
|
Температура
|
Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама
|
Векторлық шама
|
Жылдамдық
|
Компьютерге ақпарат
енгізуге арналған құрылғы
|
Пернетақта
|
Км,м, см
|
Ұзындықтың өлшем бірліктері
|
Принтер
|
Ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы
|
22 маусым
|
Ең ұзақ күн
|
Марс
|
Қызыл жұлдыз
|
Галилей
|
Инерция құбылысын ашқан
|
Ең қысқа күн
|
22 желтоқсан
|
Қазақша аты «Қоңырқай»
|
Сатурн
|
ХБЖ уақыттың өлшем бірлігі
|
Секунд
|
Ақпараттық процестер
|
Мықты болсаң – алдағыны басып оз
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда.
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт – деп келесі сайысымызды бастайық.
«Өнер алды қызыл тіл». Бұл ойында жұмбақтар беріледі, жұмбақтың шешуін қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту керек. Әр дұрыс толық жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Өзі сөйлей білмейді,
Ұқыптылыққа үндейді.
«Дер кезінде тұр» -дейді,
«Шаруанды біл»-дейді. Сағат, часы, clock
Аяғы жоқ жүреді,
Сылқ-сылқ күледі. Су, вода, water
Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. Масса, масса, mass
Аса қажет өмірге, халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін. Шам, лампа, lamp
Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ұқсайды, оған қарасаң,
Дәл қазіргі өзіңе. Айна, зеркало, mirror
От ойнатқан бұлтты аспан жүзінен,
Разряд-әр текті, зарядтардан түзілген.
Күркіреген көкте тынбай гүрілдеп,
Ашылады күн шыққан соң күлімдеп. Найзағай, молния, lightning
Сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.
Атақты итальян ғалымы Галилео Галилей айтқандай «Табиғатты танудың ең сенімді құралы – бақылау мен тәжірибе», сондықтан келесі біздің тапсырмамыз «Ғылым- жұмыс үстінде» деп аталады. Бұл тапсырмада сіздер қажетті құралдарды пайдалана отырып өлшеулер жүргізесіңдер.
(Әрбір командаға тапсырма бірдей)
Берілген ыдыстың бір бөліктің құнын анықтау.
Дененің көлемін анықтау.
Дененің массасын анықтау.
Сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.
Келесі сайыстың соңғы бөлімі «Ғажайып тоғыздық деп аталады». Мұндағы 9 ұяшықтан тұратын кестедегі физикалық шамалардың өлшем бірліктерін SI жүйесіне көшіріп жазу керек.
1,5 кг
? г
|
750 г
? кг
|
108 км/сағ
? м/с
|
15 см
? м
|
5,5 км
? м
|
20 дм
? м
|
72 м/сағ
? м/с
|
1,5 сағ
? с
|
15 мин
? с
|
Сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.
Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Сау болыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |