Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы


  КУН-ФУЦЗЫ (КОНФУЦИЙ) – ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ДАНЫШПАНЫ ЖӘНЕ



бет2/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,97 Mb.
#13271
1   2   3

2.  КУН-ФУЦЗЫ (КОНФУЦИЙ) – ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ДАНЫШПАНЫ ЖӘНЕ  СЫМА ЦЯНЬ – ҚЫТАЙ ТАРИХЫНЫҢ АТАСЫ.

Хабарлама Аяжан.

Кун-фуцзы(Конфуций)-ежелгі Қытай данышпаны:өмірбаяны.шәкірттеріне айтқан нақылдары.

М.Кемелдің аударған Конфуцийдің нақылдарынан үзінді.

Кун-фуцзы б.з.б 551-479 жж өмір сүрді.Оның шын аты Кун-Цю. Ол өз халқының салт-дәстүрін ,өлең-жырларын жақсы біліп өсті. Ол:


Балалықты тастадым, білім қудым он бесте,

Отыздарға келгенде кісі болу түсті еске.

Қырық жасқа келгенде ойдағы желді тастадым,

Елулердің кезінде аға бола бастадым.

Өтірікті шындықтан ажыраттым алпыста,

Жетпісімде жетіліп, қария болдым расында – деп жазады.


Жастар оны өз ұстазымыз деп есептеген.Оның өсиеттері «Нақылдар» деп аталады.Оған бір шәкірті «Жамандыққа жақсылық жасау керек пе?» деп сұрағанда, ол: «Онда жақсылықтың төлемі қандай?

Жамандыққа әділдігіне қарай төлем жаса, жақсылыққа жақсылық жаса»-деген екен.

Конфуцийдің даналығы қазақ халқының дүниетанымына өте ұқсас келеді:

Оның «Қайрымдылық бар жерде береке бар» немесе «Қайырымы жоқ кісі жарымайды. Ол қуаныштың не екенін шындап сезіне алмайды.Мейірімді кісі өзі де мейірім көреді» (М.Кемелдің аудармасынан) дегені қазақ халқының «Ақкөңілден армдық шықпас, арамдық шықса да жамандық шықпас» -деген мақал-мәтелімен ұқсастығын байқауға болады немесе «Білетін кісі күмәнданбайды, адамгершілігі бар уайымдамайды, батыр кісі қорықпайды»

(М.Кемелдің аудармасынан )-деген Конфуцийдің нақылы қазақтың «Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауіп айтады» -деген мақалымен мағыналас десе де болады.

Лашынның хабарламасы.

Сыма Цянь (шамамен б.з.б. 140 – 86 ж.) — ежелгі қытай тарихшысы, әдебиетші. Қытай тарихнамасында іргелі еңбек саналатын “Ши цзидің” (“Тарихи жазбалар”) авторы. Әкесі Сыма Тань Хань әулеті сарайының басты жылнамашысы болған. Сыма Цянь жас кезінде император сарайында күзетшілік қызмет атқара жүріп, ғылыми жұмыспен айналысты. Б.з.б. 108 ж. әкесі қайтыс болған соң үш жылдан кейін, оның орнына императорлық архивке орналасты. Жаңа қызметте ол әкесі жоспарлап, жазуды бастаған қытай тарихындағы аса іргелі еңбекті әрі қарай жалғастырды. Б.з.б. 104 ж. “Тай чу ли” күнтізбесін жасауға ат салысты. Б.з.б. 99 ж. көшпелі сюннулардан жеңіліс тапқан әскери қолбасшыға ара түскені үшін түрмеге қамалды.

Түрмеден шыққан соң, мемлекеттік кеңсенің хатшысы қызметіне тұрып, өзінің негізгі еңбегін б.з.б. 92 ж. жазып бітірді. Бұл шығармада көне замандағы Аңыздарда ғана айтылатын Хуан-ди императордан бастап, замандасы У-ди император билігінің аяқ кезіне дейінгі 24 ғасырлық тарихи оқиғалар баяндалған. Еңбек 130 тараудан тұрады, 528 мың иероглифті қамтиды. “Ши цзи” бес үлкен бөлімнен: әулеттер, текті отбасылар жылнамасы, генеологиялық тізімдер, сондай-ақ дәстүрлер, күнтізбелер, астрономия, экономика, география, суғару жүйелері туралы трактаттар мен көптеген тарихи тұлғалардың өмірбаяндарынан тұрады. Сондай-ақ шығармада Рим, Жерорта теңіз жағалауы елдері, Иран, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері, т.б. халықтардың тарихи географиялық, этнографиялық, саяси құрылымдары, т.б. туралы мәліметтер мол. Әсіресе, Қытайдың батысындағы көшпелі сюннуларға (ғұндар) айрықша тоқталып өтіп, олардың тұрмысына, салт-дәстүріне, әлеуметтік-саяси, әскери құрылымдарына сипаттама жасайды. Бірақ автор Қытайды қоршап жатқан басқа да халықтармен бірге оларды “жабайылар” етіп көрсетіп, олармен арадағы қарым-қатынасты бұрмалап жазған. Ол Конфуцийдің “Чуньцю” (“Көктем мен күз”) кітабының үлгісімен бүкіл тарихи қолжазбаларды, құжаттарды, мәліметтерді өте мұқият түрде жинақтап отырған. Кейінгі қытай тарихшылары тарихты жазуда Сыма Цянь үлгісін жалғастырды. Сондықтан оны “Қытай тарихының атасы” санайды.

Статист. Асемгуль

«Қатені түзет» .

Оқушыларға өткен материал бойынша қателері бар теориялық материал беріледі. Олар берілген уақыттың ішінде қатені тауып, келесі оқушыға береді. Ары қарай осылай жалғаса береді. Кім көп қате тапса, сол жеңімпаз болады.



Кун-фуцзы (Конфуций) – Ежелгі Қытай данышпаны

Б.з.б 552 ж– туылған жылыБ.з.б 551 ж – туылған жылы

Б.з.б 525 ж-музыканы меңгерді Б.з.б 525 ж.-музыканы меңгерді

Б.з.б 528 ж– ұстаздық жолының    басталуы Б.з.б 523 ж. – ұстаздық жолының    басталуы

Б.з.б 481ж-Өсиет кітабының дүниеге келуі Б.з.б 481 ж -Өсиет кітабының дүниеге келуі

Б.з.б. 472ж. –Қайтыс болды Б.з.б. 479ж. –Қайтыс болды

Сыма Цянь – қытай тарихының атасы

Сыма Цянь Б.з.б. 155 жылы дүниеге келген. Б.з.б. 151 жылы дүниеге келген.

Сыма Цянның еңбегі кейінгі дәуірлердегі көптеген тарихшылар үшін үлгі болды
Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңдар.
1.Ежелгі Қытайда ән-өлеңдері де,.................(ақындары) да көп болған.

2.Солардың бірі б.з.б. II ғасырда өмір сүрген...................(Сыма Сянжу ) атты ақын.

3.Қытайдың сонау ежелгі замандардағы..................( иероглифтік ) жазулары бүгінгі күнге дейін сақталған.

4.Сыма Цянь әкесі қайтыс болған соң, сарай................(тарихшысы ) болып тағайындалады.



5. «....................»( Тарихи жазбаларда) қытай тарихының өте үлкен кезеңіндегі-екі жарым мың жылдағы оқиғалар баяндалады.

3.ҒЫЛЫМИ БІЛІМІ МЕН ӨНЕР ТАБЫСТАРЫ.

Суреттермен жұмыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет