Бидай –астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл.Қазақстанда 6 түрі өседі. 1га-дан 30-40центнер өнім береді.Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.Бидай құрамында крахмал мен көмірсу,дәрумендер,минералдар,пектинді заттар,белсенді ферменттер бар.
Жаздық бидай дәнінің сапасына қарай жұмсақ және қатты болып бөлінеді.Жұмсақ бидайдың өнімділігі жоғары,сапасы төмен,ұн,макарон жасауға келмейді.Әйтсе де жұмсақ бидай астық шаруашылығының негізгі дақылы ретінде елімізде жаздық бидай егісінің 90%-тен астам жеріне егіледі.Бидай дәні 1-2 C-та өне бастайды,бірақ дәнді топырақ температурасы 10-12 С-қа жеткен мезгілде себу керек.