Ұлттық құндылықтарды оқу тәрбиесінде қолдану үрдістері.
Ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастыра отырып, бала бойына ұлттық құндылықтарды жандандыру.
Ұлттық логикалық, қимыл-қозғалыс, сюжетті рольді ойындар арқылы баланың танымдық қабілетін қалыптастыру. Ойлауын қимыл-қозғалысын дамыту. Рольде ойнау арқылы ойынға деген қызығушылығын арттыру, ойындарды методикаға сай ұйымдастыру. Ұлттық киіммен қатысу қажет.
Зал ішінде қазақ бұрышы орналасқан. Ортада үстелде ұлттық тағамдар: бауырсақ, қазы, көже, шұбат, құрт, ірімшік, балғаймақ т.б. Балалардың барлығы да ұлттық киімдерімен әсем де, әдемі болып үстелдің айналасына отырады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, апайлар! Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Отбасыларыныз аман, дендеріңіз сау болсын! Шаттық шеңбері:
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы? (Күн жылынады, құстар жылы жақтан келеді, ағаштар бүршік жарады, жер көгереді т.б).
-Дұрыс айтасыңдар. Көктем туралы тақпақ айтайық? Айару: Көктем келді күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Алақай-ау, алақай,
Дала қалды бір түлеп.
-Жарайсыңдар.
-Көктемнің ең алғашқы гүлдері қалай аталады? (Қызғалдақ, сарғалдақ, бәйшешек).
-Көктемде қандай мерекелер тойланады? (Аналар мерекесі, Наурыз мерекесі).
-Дұрыс айтасыңдар! Ал, бүгін қандай мереке? (Наурыз мерекесі). Армысыңдар, аңсаған дана халқым,
Сәлем беру ежелгі ата-салтым.
Ұлыстың ұлы күні Наурызбенен,
Сіздерді құттықтаймыз шын жүректен-дей отырып,
бүгінгі Наурыз мерекесінде ұлттық ойындарымызды бастаймыз.
Бұл ұлттық ойындар қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтарының бір түрі. Ұлттық ойындар ата-бабамыздан қалған бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Ұлттық ойындар ойнау арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдыққа үйрету іске асырылады. Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып, көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңдіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып адамға қажеттерді ұғындырту, қалыптастыру. Ұлттық ойындар балаға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор.
Логикалық ойын: «Ұшты, ұшты» ойыны.
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың тілін дамыту. Балалардың есте сақтау, мұқият болу қабілеттерін дамыту, өнерлі болуға баулу.
Шарты: Ойын бастаушы бала оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша санаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбын өз өнерін көрсетеді. Ойын бастауыш негізінен балаларды жаңылыстырады.