272
Су басынан тұнар болар!
сатты коммунистер интернационалдық тәрбиенің
тербеліп өсер бесігі деп қарап, оны дәстүр ретінде
қабылдап, осы тұрғыдан танып, саясат жүргізді.
Бірен-саран ойшыл азаматтар болмаса, бәріміз ара-
лас мектепті халықтар достығының тәрбие мектебі
деп ұғындық. Тәуелсіздік алған соң да осы ұғымнан
алыстап кетпедік немесе оған жете мән де бермедік.
Мысалы, осы құбылысты бұрынғы Білім және ғылым
министрі Бірғаным Әйтімованың Тараз қаласына
келіп, Дулати атындағы университет ұжымымен кез-
десуде сөйлеген сөз сарынынан анық сезіндік.
Министр ханым кредиттік оқудың барысы жа-
йында тәп-тәуір баяндама жасады. Екпіндей сейлеуі
өзіне жарасып тұрды. Көтерген мәселесі жайында
сұрақ қойыьщар деп тыңцаушыларына қайта-қайта
ескертіп жатты. Ешкім сұрақ бере қоймады. Мен ең
алдыңғы қатарда отыр едім, «Сұрақ қойыңыздар», -
деп маған тікелей қараған соң, сұрақ қоймасам ұят
болар деп, өтпес пышақ қол кесер дегендей еріксіз:
-
«Құрметті министр ханым! Қазақстандағы
Достарыңызбен бөлісу: