Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет150/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Су басынан тунар болар!
беріңіз. Өйткені ол мектептердегі тілдік ортада орыс 
тілі үстемдік етпей тұра алмайды. Сонда саясаттың 
мыс қазанына айналып отырған Астананың көші 
неге түзелмей отыр деп өкінесің? Өйткені дәл бүгін 
Қазақстанда 1777 таза орыс мектебі мен 2068 ара- 
лас мектеп болса, олардың жалпы саны 3845 мек- 
тепке жетсе, таза қазақ мектебі 3788-ге әрең ілігіп, 
50%-ға да жетпей жатыр. Бұл сандарға ой көзімен 
қарап, талдап қарасақ, көп нәрсенің сыры ашылып, 
бүкпесі жазыла түседі. Ап шын мәніндегі кеп ұлтты 
мемлекет деп саналатын Ресейде емге іздесең де 
бірде-бір қазақ мектебінің болмауы интернациона- 
лизм ұранын ұстанып отырған Ресейдің қай бағытта 
кетіп бара жатқанын айғақтап тұр?
2. Ал, ару қала, бұрынғы астана Алматының 
жағдайы да бұл тұрғыдан қарағанда, жарыста оза 
шауып бәйге алудың орнына, Республикада ең 
артта қалуда. Мысалға алар болсақ, Алматыда 243 
мектеп болса, соның 44-і, яғни 20%-ы ғана қазақша 
мектеп. 80% -ын орыс мектебі мен аралас мек- 
теп құрайды. Апматыдағы 66 жоғары оқу орнында 
оқитын студенттердің 39%-ы ғана қазақ бөлімінде 
оқиды. Ал мұнда балабақша жағы да жетісіп тұрған 
жоқ. Қаладағы 154 балабақшаның 24-і ғана қазақша, 
яғни бар болғаны 16%-ы ғана. Қазақтың ең зиялы 
тобы жинақталған Апматымыздың жағдайы да жер 
бауырлап тұр екен!
3. 
Қазағы мол, ұлт дәстүрі мықты деген әрі 
облыс бойынш а іс-қағаздары мен сөйлеу тілі 
мемлекеттік тілге көшкен Жамбыл облысының жайы 
да аралас мектеп мәселесіне келгенде ақын Сара 
апамыз айтқандай «Келгенде Жиенқүлға шықпайды


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
275
үнім» болып тұр. Жамбыл облыстық Білім беру 
департаментінің басшысы Д. Әбдіраймов берген 
мәлімет бойынша, облыстағы 463 мектептің 311-і 
қазақша мектеп, 14-і таза орысша мектеп, ал 137-сі 
аралас мектеп. Ал 97 мемлекеттік балабақшаның 
63-і қазақ тілді, 3-еуі орыс тілді, 
31-і аралас 
тілді. 
Облыс бойынша оқитын 188204 баланың 71%-ы 
қазақ тілінде білім алады. Астана мен Алматыға 
қарағанда тәуба десек те болғандай екен.
4. 
Ең қиналатын жеріміз, қазағы мол деген 
Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданындағы 
34 орта мектептің 3-еуі ғана қазақ мектебі екен. 
Осы мектептерде барлығы 8312 бала оқыса, соның 
2312-сі ғана мемлекеттік тілде білім алуы не- 
ні көрсетеді? Аралас мектепте оқитындардың көп- 
шілігі қазақ балалары, олар негізінен орыс тілінде 
білім алуда. Аралас мектепте оқитын қазақ бала- 
ларының саны жыл өткен сайын арта түсуде. Бір 
қуантарлық жағдай, қазақ тілінде оқитын оқушылар 
саны жыл өткен сайын біртіндеп молығып, көбейіп 
келеді екен. Мысалы 2005 жылы аудан бойынша 956 
бала ғана қазақша оқыса, бір жыл өтпей жатып-ақ,
2006 жылы, олардың саны бірден 2550-ге өсіп кетуі -
ана тілінде оқуға деген ұмтылысты көрсетіп, көңілге 
қуаныш ұялатады. Қазақ тілінде оқитын бала саны 
көбейсе де, олар оқитын қазақша мектептің болмауы 
аяққа тұсау салып, тежеп отыр. Бұл - бар мүмкіндікті 
қолдана алмаған жергілікті биліктің дәрменсіздігі 
мен ұлттық рухтың ұйқыға қарай қалғып кетуі деме- 
ске амалың жоқ. Бұдан ұлттық сананың жер бау- 
ырлап қалуынан басқа себеп көрініп тұрған жоқ. 
Баласын қазақ мектебіне оқытуға ынталы ата-ана


276


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет