1
.
¥лы дала төсінде көшіп-қонып тіршілік еткен
қазақ халқының атамекен, жер атауларының ең көне
қабаттарында жатқан бөгде ел, бөтен тілден белгі
болып қалған бірлі-жарымды, сирек ұшырасатыны
96
Жер қалай орыстандырылды?
қытай тіліндегі топонимикалық атаулар дер едім.
Қытай тіліндегі жер атауларының мүлде некен-саяқ
түрде сақталуының да белгілі бір себептері болса
керек-ті. Өйткені б.з.д. Іле мен Сыр аралығында
жасап келген көне дәуірдегі Үйсін, Қаңлы неме-
се ¥лы қытай қорғанына дейінгі жердегі көшпенді
Гун мемлекетінің, не \/-\/111 ғасырларда тарих сах-
насына шыққан Түрік қағанатының болсын Қытай
им периясы мен
қары м-қатынас,
диплом атиялы қ
байланысы әр қилы тарихи жағдайға орай бірде
бейбіт, бірде қақтығыста болып келген. Бірақ Қытай
им периясы ны ң идеологиялы қ ықпалын
бойла-
рына дарытпай, екі араны алшақ ұстаған. Қанша
ғасырлар бойы түрік халықтары Қытай империясы-
мен арақатысында бірде басым түсіп, бірде шегіне
жүрсе де, қытай дипломатиясы өзіндік қайталанбас
ерекшелігі бар көшпенді өркениетті тудырған бұл
халықтарға өз дүниетанымын, идеологиясын, салт-
санасын күштеп таңа алмаған. Осы себепті де қытай
хакімдері: көшпенділерді жаулап алып бодан етсе
болады, бірақ олардың тұрмыс-салтын, ата дәстүрін
езгерту мүмкін емес деп қараған.
Қытай
империясы о бастан-ақ отарлаудың
басты әдіс-айласын, теориялық негізін салған өте
көне әккі саясат ұстанған мемлекет болуымен де
ерекшеленеді. Олардың «и чжи и» - яғни тағыларды
тағылардың қолымен жусату дейтін әдісін келе-келе
еуропалықтар қатты дамытып, жетілдіру арқылы
бүгінге дейін қолдану үстінде. Немесе олардың
«юань цзяо цзинь гун» дейтін әдісі, яғни жақын
тұрғандарға жақсы сый тарт, тиіспе, алыстағыларына
жаман сый беріп, жақындат дейтін мағынадағы
|