Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет51/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
101
қосып, әнмен тербеп ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп
бүгінге дейін сақтап әкелуде тарихи естің қайталанбас 
тағылымы жатыр емес пе? Әсіресе, бұл өлеңдегі 
тарихи еске айналған ұғымның сан ғасырлар асуын- 
да мызғымаған беріктігі таңдандырады.
Міне, көне қытай, юнан жұрттары қалдырған 
қазақ даласындағы жер атауларының көмескі іздері -
атамекеніміздегі географиялық жер атауларының 
өте көне қабаттарында жатқан тарихи естің бір елесі 
болса да, соның өзін зерлей қарап, тетігін басып 
сейілте білсек, кемескі тарих кембесі құпия сырын 
ашып, рухани қазынамызды молықтыра бермек.
3.
Атамекен жеріміздің топонимикалық терең қат- 
қабаттарында жатқан айтулы бір кезең - Тұран 
елі мен Иран, яғни парсы жұрты арасында өткен 
қарым-қатынастардың тарихи шежіре сырын шер- 
тер географиялық жер атауларының молдығымен 
ерекшеленеді. Әсіресе, бұл елеулі ерекшелік рес- 
публикамыздың оңтүстік облыстарына тән болып 
келеді. Тіпті, тарих қойнауының қатпарларында 
жатса да, белгі беріп жатқан тарих жадының елесін 
нақтылы көз алдыңа келтіретін дерек мағлұматтар 
ізін халықтың өлендері мен әндерінен де ұшыра- 
тамыз:
«Рүстем тебе», «Заларық-ай»,
Жолға шығып қарадым-ай.
Қайсы көлге қондың екен 
Аппақ қудай қарағым-ай, -
деген өлең жолындағы аппақ қудай бұраң белін


102
Жер қалай орыстандырылды?
армандаған жігіт аңсарымен айтылған сағынышты 
назды сөзде еске алынатын өте көне микротопо- 
нимикалық атаулар - аталарымыздың бастан кеш- 
кен көне заман шындығында жатқан тарихи естің 
тағы бір жаңғырып өткен қуатты көріністері. Мұның 
арғы түп төркіні Фирдаусидің «Шахнамасына» ба- 
рып тіреледі.
Географиялық жер атауларының шығу тарихы 
мен аталу себептеріне төтенше мән беріп жырлай- 
тын сергек сананың шежіре ақыны Зиябек:
Ертеде ел Әму, Сырды - Тұран дейтін, 
«Түркістан келіп шыққан бұдан» дейтін.
Ол жердің қазіргі аты - Орта Азия 
Бес ұлт сыйып отыр бұған еркін, -
деп, баяндауында түрік халы қтары ны ң мекені 
Тұран, Түркістан, Орта Азия болып үш рет алмасып 
өзгеруінің өзінде қазіргі ұрпақ біле бермейтін жер 
тарихы мен ел тарихының бұралаң бұлыңғыр сыр- 
лары жатыр.
Көне замандағы Тұран мен Иран, яғни түрік 
халықтары мен парсы жұрты арасындағы тарихи 
қарым-қатынастар ізін тағы да халық санасында 
ғасырлар бойы сақталып жеткен географиялық жер 
атаулар: Рүстем төбе, Заларық, Шуст (Залдың қызы 
Шустбану), Талберзин, Салар суы - бәрі де парсы 
патшасы Кейкаус заманына орай айтылатын аңыз- 
оқиғалардың тарихи ізін алдыңа көлденең тартқан- 
дай. Осы аңыз-әңгімелер сарынына орай сөз бола- 
тын көне Тұран жеріндегі көптеген қала, елді мекен, 
жер атаулары ақын жырына арқау болып:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет