106
Жер қалай орыстандырылды?
салты ндағы
арабш а
атаулармен
алмастыры п
өзгертуге тырысқан әрекетін: «Ол күнде
Наурыз
деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызда-
ма қыламыз деп той-тамаша қылады екен... Бұл
күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады, ол уақытта
жаңа дінге кірген соң, енді бір Бұхарадан басқа
шаһарлардың да, жерсулардың да,
халықтың да
бұрынғы аттарын бұзыпты», - деп, Құтайба ибн-
М услимнің алысты көздеген саяси мақсатының
астарлы сырын ашып, әшкерелей жазуында ойла-
на білген сергек сезімді зерделі жанға көп нәрсені
ұқтырғандай салмақ жатыр.
Түркістан өлкесін жаулап алып,
ислам дінін зор-
лықпен енгізген Араб халифаты Бұхара қаласынан
басқа калаларды, ондағы көше, дарбаза, төбе, әуіз-
дерге дейін және өлкедегі елді мекен, жер-су, халық
атауларының бәрін
өзгертіп, арабшалап атауға ерек-
ше мән беруі отаршылдық топонимінің өзі еді.
Мұны олар жергілікті халықты өткен тарихы-
нан, ата салты, ана тілінен, әдет-ғұрпынан тайды-
рып, көз жаздыру арқылы тарихи есін сөндіріп, руха-
ни құлдыққа әкелудің
ең ұрымтал сенімді жолы деп
білген.
Ғасырлар бойы қорланып қалыптасқан, сол
арқылы халықты ң көне тарихынан белгі беріп
жаңғыртып отыратын мәңгілік атамекен жер атаула-
ры тұрғанда, халықтың тарихи жадының бұлжымай
сақталу қалпынан сескенген басқыншылардың қай-
қайсысы болса да, алдымен қанды тырнағын жер
атауларына салатынын тарих тағылымы айғақтап,
олардың ортақ белгісі ретінде көрсетіп отыр.
Құтайба ибн-Муслим жергілікті халықты ислам