Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?



Pdf көрінісі
бет54/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?:
107
дініне зорлап енгізумен қатар, оларды күштеп араб- 
тандыру саясатын қолдануы себепті, «...араб тілі 
мемлекеттік кеңсе тіліне, ғылым, әдебиет тіліне 
айналды» (Өзбек КСР тарихы. Ташкент, 1957, 1-т., 
222-6). Бүл жолда арабтар, ең алдымен, тарихи 
есті, яғни өткен үрпақ пен жаңа буын жас ұрпақты 
дүниетаным, рухани қазына көзімен ұштастырып, 
жалғастық дәстүрін бекітіп, өміршеңцігін арттыра- 
тын басты құралы - жазуды істен шығару мақсатын 
алға қойды. Ж ергілікті тілдегі кітаптарды өртеп, 
мәдени мұраларды қиратып, сауаты барларды 
түгел қырып, араб жазуы мен ислам идеологиясын 
орнықтырды. Тарихқа жасалған мұндай өктемдік ұлы 
ғалым Бируни еңбектерінде айтылса, мұны заман- 
дас ақын ағамыз 3. Рүстемов:
Сынтастың жазуларын қырып тастап,
Тарихқа қиянат қып өктемдеді, -
деп жырлауы арқылы көне тарих қойнауында 
болып өткен трагедиялы «тағдыр болмысын» қайта 
ойлантқандай уытты қиялға жетелейді.
5
.
Қазақ 
жеріндегі 
сырттан 
енген 
тағы 
бір 
топонимикалық атаулардың тарихи қабатында ерек- 
ше мол орын алған монғол, кейінірек қалмақ шабу- 
ылы дәуірінде өткен қанды оқиғалардың тарихи ізі 
ретінде қалыптасқан географиялық жер атаулары- 
ның қатпарлы қыртыстары жатыр десе болғандай. 
Ж оғары да 
санам алап 
өткен 
топоним икалы қ 
қабаттардың ішіндегі ең көбі әрі басымдау жататы- 
ны да монғол, қалмақ тілінен қалған жер-су, елді


108
Жер қалай орыстандырылды?
мекен атаулары екен. Қазіргі күннің өзінде Қазақстан 
жерінде монғол тілінен қалған 217 топонимикалық 
атаулар айқындалып отыр. Бұлардың басым тобы 
негізінен Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан 
жерінде сақталған.
Халық жадында бүгінге дейін сақталып келе 
жатқан «Жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы 
ұрыс болды, қой жылы зеңгер тоғыс болды» деген 
мақал сөзінің мағынасы 
Ш ыңғысхан жүргізген 
қанды жорықтардың мерзімін дәл бағдарласа, Абай 
өзінің туған жеріндегі тауының Шыңғыс, биігінің 
Хан, өзенінің Қарауыл аталуы да сол Шыңғысхан 
бастаған монғол жорығымен тікелей байланысты 
пайда болған топонимикалық атаулар екенін айта- 
ды емес пе? Бұл мәселенің әсіресе М. Әуезовтің 
атақты «Абай жолы» эпопеясында кеңінен тараты- 
латынын да ескере кеткен жөн.
«Ж аб айы ларды
ж а б айы л ар д ы ң
қолымен 
жусатудың» қанды қақпанына түскен қазақ-қалмақ 
арасы ндағы
қанды 
қы рқы старды ң нәтижесінде 
пайда болған қалмақ тілінен қалған топонимикалық 
атаулар ізі де айтарлықтай жиі ұшырасады. Қалмақ 
тіліндегі: Дегерес, Зайсан, Нарынқол, Тарбағатай, 
Боралдай, Қалдырғайты, Түрген, Сайқан, Қалмақ 
қырылған т.б. толып жатқан елді мекен, жер-су 
атауларының астарында халық санасында сақталып 
қалған талай тарихи қанды оқиғалардың ызғарлы 
табы жатыр.
Бұл іспеттес топонимикалық атаулардың қат- 
парлы қабаттарында жатқан, жергілікті халықтың 
өзі қалыптастырып орнықтырған жер атауларымен 
бірге сырттан енген, бөгде тіл негізінде пайда бол-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет