114
Жер қалай орыстандырылды?
Гасфордтың қызы Вераның атымен Верина деп
аталып, 1867 жылдан
бастап патшаның қалауы бо-
йынша Верный деп аталып кете барды. 1720 жылы
Кряковтың атымен қазақтар Кереку деп атаған қала
1861 жылы генерал-губернатор Госфордтың еркі-
мен 2-Александр патшаның баласы Павелдің бір
жасқа толуына қошамет етудің бір көрінісі ретінде
Павлодар (Павел ханзадаға сый) деп өзгертілді. Ал,
бұрынғы Ақмеш іт (қазіргі Қызылорда) қаласының
аты Николай патшаның
тікелей өз қолымен өзгерті-
ліп, генерал-губернатор Перовскийдің монархия
алдында сіңірген «ерлігіне» орай: «1863 жылы 31
тамызда В. А. Перовский Ақмешітті бағындырғаны
үшін Жоғары Мәртебелі патша ағзамның раскриптін
алды, оның ерлігін мәңгі есте сақтау үшін Ақмешіт
қорғаны «Перовский форты» деп аталды (Қараңыз:
А. И. Добромыслов «Города Сырдарынской обла-
сти» Ташкент, 1912, С. 72).
Осы тұста ішкі Ресейден
қоныс аударушылардың ағылып келуіне байланы-
сты Қазақстандағы көптеген елді мекен, жер атау-
лары өзгертіліп, жаңаша аталып жатты. Бірақ бұл
жаңаша атауларды
қоюға қоныс аударушылардың
еңбекші шаруа тобы араласа алған жоқ. Отаршыл-
дық топонимдық атауларды қоюға патша өкіметінің
ресми орындарда отырған билеу аппаратындағылар
тікелей араласты. Ж ергілікті халықтан егіндікке
жарамды шұрайлы жерлер түтел тартып алынып,
орталықтан келген келімсектерге
жаппай тараты-
луы тұсында жер атауларын күшпен өзгертіп, отар-
шыл мазмұндағы атаулармен алмастыру әрекеті
де жергілікті халықты күштеп орыстандыру, пра-
вославие дініне шоқындыру саясаты тұрғысынан