Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет65/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
129
кеңесті С. М. Киров атындағы ауылдық кеңеске 
алмастырып езгерту қажет пе еді? Себебі С. М. Ки- 
ровтың бүл араға ешқандай қатысы болмауының 
үстіне, бұл кісі атына қойылған университет, ұжымшар, 
кеңшар, бөлімше, мектеп, мекеме, кеше атаула- 
рын өске алмағанның езінде бір ғана Қазақстанда 
39 жерге қойылса, одан артық үстемелей берудің 
қаншалықты орны бар еді.
Ал Жалтыр мекені болса, дарынды ақын Дулат- 
тың «Өсиетнама» кітабын 1882 жылы бастырған 
Жалтыр Мәулекидің атамекені емес пе еді? Ауыл- 
дық кеңестің Ж алтыр атауы сақталса, осы екі бірдей 
ақынның атына байланысты тарихи мағлұмат 
сақталып, санаға оқтын-оқтын хабар салып отыратын 
қозғаушы құбылыс та өз әрекетін тоқтатпас еді. Мән 
беріп ойланбастан Жалтыр атын тарихтан сызып 
тастау, санадан өшіру аңғара білгенге осы жерде 
болып өткен бір шөкімдей болса да тарихи шындық 
болмысын мәңгілікке жоғалтуға алып келген руха- 
ни қылмыстың өзі емес пе? Отаршылдық елді мекен 
жер атаулары қойылғанда ешкімнің де еркіменнен 
есептескен емес. Тоталитарлық елді мекен жер атау- 
лары да осы қалыппен қойылды. Ырымға болса 
да бірде-бір елді мекен жер атауларын қазақ түгіл 
орыс келімсектерінің дауыс беруімен шешкен емес. 
Енді келіп бүгіндері тәуелсіздігіміз қолға тигенде 
бұрынғы отаршыл пиғылдағы келімсектердің тала- 
бымен елді мекен жер атауларын тек қана референ- 
дум арқылы өзгертеміз деген қалыпқа еріксіз түсіп 
барамыз.


130
Жер қалай орыстандырылды?
***
Қазіргі күнде республикамыздағы 83 қаланың 
28-і; 222 ауданның 107-сі; ал 35 қалалық аудандар- 
ды ң 32-сі; 222 аудан орталығының 126-сы; 204 
жүмысшы поселкесінің 72-сі, әсіресе 2418 ауылдық 
кеңестің 1197-сі; 8369 елді мекеннің 3567-сі тек қана 
орыс тілінде аталады екен. Бұлардың қатарына мек- 
теп, кеңшар, ұжымшар, мекеме, көше, оқу орын- 
дары сияқты сан мыңдаған атауларды қоспай 
отырмыз. Соның өзінде жоғарыда санамаланған 
топоним икалы қ атауларды революцияға дейінгі 
енген орыс тіліндегі жер атауларымен салысты- 
ра қарағанда, әлде неше рет асып түсіп жатуы да 
ақиқат шындық. 1937 жылғы трагедиялы қасіреттен 
бергі жарты ғасыр ішінде ғана республикамыздағы 
географ иялы қ 
жер 
атаулары ны ң 
мұншалықты 
космосты қ жы лдамдықпен өзгеруі аса бір зәру 
қажеттіліктен туып отыр деп айта алмасақ керек, 
тіпті, бұлай деуге дәлел де жоқ. Бірақ осы шалағай 
құбылыстар төркініне көз жібере қарасақ, мұның 
себептері жергілікті шала сауатты, керенау, асыра 
сілтегіш атқамінерлерде жатса керек. Өйткені 
осы іспеттес мәселеге пікір білдірген Р. Ғамзатов: 
«Дағыстандағы педагогикалық білім жұрттарында 
ұлт тілдерін, әдебиет, тарихты оқытуды тоқтатуға... 
Мәскеудегі ешкім де кінәлі емес, - деп келеді де 
топонимикалық мәселеге көңіл бөліп, - біздің тау- 
ларымызды мадақтаған ұлы орыс ақыны Лермон- 
тов құлаққа таныс жер аттарын өзгерткен емес еді... 
мұны Дағыстандағы атқамінерлер жүзеге асырды»
1 1992 жылдың 1 қаңтарындағы дерек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет